Негізгі сұрақтар: 1.Қазақ тілін оқытудағы инновациялық технологияларды қолдану жолдары.
2.Дәстүрлі және дәстүрлі оқыту үлгісі.
3.Оқытудың жаңа технология түрлері.
Қысқаша мазмұны: 1. Бүгінгі еліміз егемендігі арқасында әлемдік деңгейде танылып отырған қазақ елінің рухани -әдеби қазыналарын ғылыми тұрғыдан пайымдау мен бағалаудың жаңа арналары айқындала түсті.
Қазақ тілі тәрбиелік күш- қуаты жас ұрпақтың жан-жақты өскелең өмір талабына сай ой өрісін дамытып, рухани тұлға болып дамуына әсер, ықпалының мүмкіндігімен ерекшеленеді. Осыған орай қазақ тілін оқытудың негізгі факторлары оқу үрдісінде кешенді түрде жүйемен іске асады.
Әдебиетті оқытудың негізгі факторлары.
Біріншіден, ҚР білім заңына, мемлекет пен қоғам белгілеген мақсаттарға сәйкес айқындалады.
Стандарт пен бағдарламаларда бекітіліп, солардың негізінде оқулықтарда берілген білімнің мазмұны мен құрылымы түзіледі.
Қазақ тілін оқытуды қалыптасқан дәстүрді ғана басшылыққа алмай, жаңа әдістер мен тәсілдерді қолдану іске асырылады
Оқушылардың танымдық деңгейі, білімді меңгеру мүмкіндіктері ескеріледі
Оқыту үрдісі нәтижеге бағдарланған білім моделімен айқындалады.
- Өз бағыт- бағдарын айқындай отырып, өзін -өзі дамыта, жетілдіре алатын, ой өрісін арттыратын, өз бетімен білім алатын, өзгермелі өмір жағдайына бейімделе білетін, қоғамның белсенді азаматын қалыптастыру.
- ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды құрметтейтін ұлтжанды азамат тәрбиелеу
-Эстетикалық талғамы жоғары, өзіндік ой пікірі мол, ұлттық дүниетанымы бай, шығармашылық қабілеті зор мәдениетті жеке тұлға дайындау.
- Бүгінгі қоғамға кіріккен оны дамытуға тырысатын дара тұлға қалыптастыру
- білім мен әдіс –тәсілдердің терең меңгере отырып, жаңа ақпараттық мағлұматтарды өзіндік көзқарасы тұрғысынан сын көзімен жіті бағалап, талдай білу дағдысын қалыптастыру.
- Жастарды рухани, интеллектуалдық тұрғыда тәрбиелеу, өз елінің тарихын, әдебиеті мен мәдениетін, өнерін қастерлеуге баулу, дүниежүзілік өркениет жетістіктеріне ұмтылдыру.
2.Әдіс – амалдарды бірден – бірге дамытып отыру, әдістемелік проблемеларды әр қырынан қарастырып шешуге, нақты тұжырымдар жасап, ғылыми- теориялық қорытындылар дәйектеуге бағыттайды.
Әдістер ( әрекеттер) әр түрлі болуы заңды. Ең бастысы- «қалай оқыту керек?» Сұрағына жауап іздей отырып, мұғалім мен оқушының екі жақты әрекетін сабақтастыра айқындайды. Әдіс , тәсілдер, оқытудың түрлері сабақ үстіндегі мұғалім әрекетімен, оқушының пайдаланатын оқу құралдарының тиімділігімен тығыз байланыста іске асырылады.
Пәнді меңгертуде қолданылатын әдіс – тәсілдер оқушылардың танымдық мүмкіндіктерінің нәтижесіне тікелей байланысты. Оқу үрдісіндегі оқушылардың әдеби білімді біртіндеп түсініп меңгеру қабілеті дамиды.
Оқыту нәтижелері алға қойған мақсат – міндеттерді толық іске асырумен тікелей байланысты.
Бүгінгі таңда мектеп оқушыларының белсенділігін арттыру, сапалы білім беру көкейкесті мәселе болып отыр. Егеменді еліміздің тірегі, болашағы – білімді ұрпақ. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет – оқушыларды бәсекеге қабілетті, жан-жақты тұлға ретінде қалыптастыру.
Әр елдің болашағы сол халықтың білім, ғылым деңгейімен анықталатындықтан, оқу жүйесін неғұрлым тиімді құра білу қажеттілігі қай кезде де өзекті мәселе болып қалмақ. Қазақ білім беру саласының шамшырағы Ахмет Байтұрсынұлы: «Қазақша оқу жайы» еңбегінде: «... әуелі бізге елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек. Неге десек, болашақ та, билік те, халық та оқумен түзеледі» деген пікір айтқан болатын. Бұл ұлағатты ойдың құндылығы бүгінгі таңда күн сайын айқын сезілуде. Еліміздегі білім беруді дамытудың қазіргі кезеңін – дәстүрлі оқыту түрінен инновациялық әдістерге ауысатын өтпелі кезең деп сипаттауға болады.
Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен елімізде болып жатқан түрлі Осы орайда инновациялық үрдістің кең тараған түрі технология термині. «Технология » ежелгі гректің «techno» - өнер, шебер, білгір және «logos» - ілім, ғылым деген сөздеріне шыққан. Сонымен технология – шеберлік, өнерлік, білгірлік туралы ғылыми ұғым. Көптеген уақыттар желісінде «технология» түсінігі педагогикалық ұғымдар қорынан тыс қалып келді. Шынайы мəні («шеберлік жөніндегі ілім») педагогикалық міндеттерге: педагогикалық процесті сипаттау, түсіндіру, болжау, жобалау – сай келсе де, ол технократиялық тіл элементі ретінде қарастырылды. Педагогикалық əдебиеттерде қандай да технологиялар сипатын айқындаушы көптеген терминдер ұшырасады, мысалы: оқу-үйрену, тəрбиелеу, оқыту технологиялары, білімдендіру жəне дəстүрлі технологиялар, бағдарламаластырылған жəне проблемді оқу технологиялары, авторлық технология.
Қазіргі кезде оқу-тәрбие процесін үйлестіруге бағытталған және сонымен қатар, психологиялық-педагогикалық ғылымды тұтасымен қарқынды дамуға жетелейтін алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибенің көптеген жетістігі белгілі. Сондықтан, еліміздегі барлық мектептегі мұғалімдер жаппай жаңа технологияларға көшкені жөн.
2.Оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру үшін жаңа технологияларды қолданғанымыз дұрыс.
Әрбір педагогтың жаңа ақпараттық кеңістікте жұмысқа дайын болуы, оның көзқарасының жоғарғы сатыға көтерілуі – білім беру ісінің жаңа формалары мен технологияларын жасау мен соларды өмірге енгізуінің басты шарты болуы тиіс.
Бәріміз де мектептен білім алып, әріп-танып, үлкен өмірге жол бастадық. Жалпы білім беретін пәндерді тиісті деңгейде меңгердік. Дегенмен, көп сабақтар дәстүрлі жүйе бойынша, күнделікті мұғалімнің бағдарлама бойынша теорияларды сұрауымен ғана бағаланды. Мектепте интерактивті тақталар келгенмен, оны пайдалануды көпшілік мұғалімдер білмеді. Осы орайда, бір ғалымның: «Естіген нәрсемді ұмытып қаламын, көрсем есімде сақтаймын»деген сөзі еске түседі. Расымен де, көзбен көріп, қолмен ұстаған нәрсе оңай есте қалатыны рас...
3.Жаңа технологияны енгізу – халықаралық қауымдастық элементі ретінде тарихи үрдіс болып саналады. Бұл үрдіс техника құралдарын адамзат өмірінің бар саласында қолдануын қарастырады. Жаңа оқыту технологиясын еншізу үшін біліктілік, ойлау, басқаша айтқанда, компьютерлік сауаттылық керек. Бізде бұрынғы жүйемен оқыған оқытушылар жетерлік, ол кісілердің кезінде комптьтерлер болмады. Сондықтан, жасы үлкейгендерге техниканы меңгеру қиынға түсетіні анық. Осы ретте, әрбір мектепте компьютерді үйретуге байланысты курстар болса, мәселенің шешімі оңай табылатын еді деп ойлаймын.
Бүгінде ақпараттық технологиялар күннен-күнге дамып келеді. Бүгінде қазақ интернетінде көптеген сайт, порталдар ашылуда. Мұның бәрі де ақпарат кеңістігінің кеңейгенінің дәлелі. Сондықтан, менің ойымша әрбір мұғалім өз сабағында жаңа технологияларды меңгеріп, қолданысқа енгізуі қажет. Оқытушының өз сабағында интерактивті тақтаны, ғаламтор желісін пайдалануы – оқушылардың жан-жақты білім алуына ықпал етеді. Осы ретте, оқушының болашақта қазақтілді контенттің дамуына үлес қосатын азаматтарды қалыптастыруы керек деп ойлаймын. Сонда, еліміздегі интернет саласы дамып, пайдалы ақпараттар көбейетін еді.
Ақпаратты жедел табу, талдау, тиімді пайдалануда оқушыларға электрондық кітапхананы қолдану ұсынылады. Қажетті ақпараттың ізденісін өзіндік жүзеге асыру үшін ғаламтор, автоматтандырылыған оқу, сілтеу жүйесі арқылы қажетті ресурстарға сүйену жүктеледі.
Қазіргі кезеңде ақпараттық технологиялардың дамуының негізгі бағыты «мультимедиа» жүйесі болып табылады. «Мультимедиа» терминін ағылшын тілінен сөзбе-сөз аударғанда «көп орталық», яғни электрондық ақпаратты тасушы, құрамына бірнеше түрде мәтін, сурет, бейне және т.б. топтаушы деген мағынаны береді.
Жаңа технологияының білім саласына енуі мұғалімдерге оқытудың формасын, әдестерін, мазмұнын сапалы өзгертуге мүмкіндік береді. Жаңа технологияны білім саласында қолдану оқушылардың танымдық қабілетін қалыптастыруға, өзін-өзі жетілдіруді талпындыруға, болмыс құбылыстарын кешенді зерттеуді қамтамасыз етуге, жаратылыстану, техника, гуманитарлық ғылымдар және өнер арасындағы байланыстардың үздіксіздігіне; оқу мен тәрбиелеудің әдістері мен формаларын тұрақты динамикалы жаңаруына мүмкіндік туғызады.
Мектеп өмірінің айналасына шоғырланған білім жүйесінің орталығы – оқушылар меңгеруге қажетті оқу пәндерінің объективті мазмұны болып саналады. Бала бұл жүйеге бүтіндей дамыған тұлға емес, таным субъектісі ретінде танылады.
Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына мүлде жаңа міндеттер қойып отыр. Ол – өз жұмыс орнында және бүкіл техникалық тізбекте технологиялардың үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын орындаушының тұлғасын қалыптастыру. Ал, оларды дайындау үшін қазіргі дидактикалық мүмкіндіктерді, жаңа идеяларды және білім беру технологияларын пайдалана білгеніміз абзал. Жалпы, мектеп тәжірибесінде жаңа технологияны енгізу – оларды қолдануға қажеттіліктен туындайды. Қысқаша айтқанда, жаңа технологияны енгізу – жетістікке жетудің бірден-бір жолы.
Жаңа технологиялар арқылы шығармашылыққа баулу. Жас жеткіншектерге бүгнгі күн талабына сай білім мен тәрбие беру ісі педагогикалық мамандарға үлкен жүк артады. «Тәлім-тарбие мен оқыту ісінің нәтижесі әрекеттерден гөрі мұғалімдерге көбірек теуелдгі- деген. Ы Алтынсариннің көрегендікпен айтқан пікірінің қазіргі уақытта да маңызды болып отырғаны да осының айғағы. Білім беру жүйесінде болып жатқант түбегейлі өзгерістер оқыту үрдісін озық техналогиялармен қамтып жетілдіруді талап етеді. Осы тұрғыда оқытудың жаңа техиологияларын жете меңгеріп, оны оқушылардың психологиялық жас ерекшеліктеріне орай орынды қолданудың мәні ерекше. Жаңа технологияны жетік меңгеру сонымен катар муғалімнің интелектуалдық. кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами қабіленің қалыптасуына игі әсерін тигізеді өзін - өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі Білім берудің даму бағытымен техналогияларын қамтитын көптеген педагогикалық техналогия қолданып бағыты мен техналогияларын қамтитын көптеген педагогикалық техналогия қолданылып жүргендігі мәлім. Мысалы, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтардың «Дамыта оқыту Ж.Қарайеетың «Деңгейлеп саралау»,техналогиясы М.М.Жанпейсованың «Модульдік оқыту» техналогиясы «Сорос- Қазақстан» қоры арқылы келген «сын тұрғысынан ойлауды, оқу мен жазу арқылы дамыту» техналогиясы т.б Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Оқушының бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсеіз. Осы жобамен жұмыс жасау барысында мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді.