Филология кафедрасы


Өзін-өзі бақылау сұрақтары



бет26/75
Дата05.02.2022
өлшемі2,25 Mb.
#1348
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   75
Өзін-өзі бақылау сұрақтары.
1.Сабақ дегеніміз не?
2.Сабаққа қойылатын талаптар.

3 дәріс тақырыбы. Технология талаптары және білім беру үрдісі


Дәріс мақсаты: Технология талаптары және білім беру үрдісі туралы түсінік қалыптастыру.
Негізгі сұрақтар:
1. Бүгінгі білім берудегі жаңа бетбұрыс, негізгі талаптар
2. Мектепте білім мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудағы мұғалімнің рөлі.
3.Оқу пәндерінің құрамында қазақ тілі пәнінің алатын орны, оқытудың негізгі бағыттары


Қысқаша мазмұны.
1.Қазіргі қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі ғылымының негізгі бағыттарының бірі бұрынғы қалыптасқан әдістемелік тәжірибелерімізді дұрыс пайдалана отырып, белгілі әдістерге бүгінгі заман сұранысына сай модификация жасай білу, шығармашылық тұрғыда жан-жақты жетілдіру болып табылады. Пән бойынша берілетін білім мазмұнының тиімді меңгеруі арқылы оқушының өмірлік дағдысы мен іскерлігі өлшенеді, білімнің сапасы нәтижеге бағытталады, іскерлік қатынасты көтеру басты мақсат болып табылады.
Гуманитарлық ғылым ретінде әдістеме ғылыми-тәжірибелік дәстүрлер шеңберінде дамиды. Бұл жаңа мазмұнда идеялар, ұстанымдар мен әдістердің дамуына бөгет жасамайды, қайта әдістемелік тәжірибені толықтырып байыта түседі.
Бүгінгі заман сұранысы оқыту ісінде техниканың кең қолданылуына байланысты жаңаша оқыту талабын туғызды. 60-жылдардан бастап білімді «технологияландырудың» ғылыми атауы біртіндеп кеңейтіліп, «әдістер мен құралдар жиынтығы» терминіне айналды.
Ғалым зерттеушілер педагогикалық технологияны ғылым мен техниканың жаңа жетістіктері ретінде, оқыту үрдісінде жандандыруға тырысты. 70-80 жылдары «педагогикалық технология» ұғымы оқу-тәрбие үрдісін басқару және оқыту әдістері мен құралдарын ұйымдастыру бағытында қарастырылды.
Оқу-тәрбие үрдісін технологияландыру – білім беру мен тәрбиелеу проблемаларын сапалы жаңа деңгейде шешуге ықпал жасайды. Технологиялық әдіс-тәсілдердің көмегімен оқушылардың таным белсенділігі артып, даму үрдісі жетіле түседі. Білім мазмұнын жаңарту қажеттігіне сәйкес ең озық технологияларды жүйелі түрде қолдану өркениетті елдер тәжірибесінде біртіндеп іске асырыла бастады. Оқу үрдісін «технологияландыру» мәселесі XX ғасырда педагогика ғылымында шетелдік, отандық ғалымдардың еңбектеріндеәр қырынан алынып зерттеллді. В.Беспалько, В.К.Дьяченко, В.В.Гузеев, М.В.Кларин, Д.Хогрид, В.М.Монахов, Г.К.Селевко, М.А.Чошанов, С.М.Құсайынов, Г.Нұрғалиева, Ж.Қараев, Н.Нұрахметов, М.Жанпейісова, Г.Д.Әуелбекова, З.Бейсембаева, С.К.Исламгулова т.б ресейлік және қазақстандық ғалымдар ғылым мен тәжірибені ұштастыра зерттеп, жаңа педагогикалық технологияларды тиімді пайдаланудың жолдарын көрсетті.
Технология – шеберлік туралы ғылым. Шеберлікпен нәтижеге жету, кәсіби шеберлікті шыңдап, белгілі бір жоба моделмен оқытуға саяды. Технология – білімдік ақпараттарды толықтырып, өңдеп, өзгертіп ұсынудың әдістері мен құралдарының жиынтығын, қажетті құралдарды оқу үрдісінде тиімді пайдалана отырып, оқушыларға жеткізе білудің тәсілдері туралы ғылым. В.М.Монахов: «Педагогикалық технологиялар дегеніміз – оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру мен жүргізудің ойластырылған моделі», - десе, В.П.Беспалько, М.В.Кларин: «Педагогикалық технология – оқу-тәрбие үрдісінің алдын ала жүйелі түрде жоспарлануы, оның тәжірибеде жүзеге асатын жобасы», - деген пікір айтады.
Оқудың дәстүрлі оқыту технологиясы білім, ептілік және дағдыларды ұсынуға бағытталған. Ол өтіліп жатқан материалдардың игерілуін, қайта жасау деңгейіндегі білім сапасының бағалануын қамтамасыз етеді. Оқу технологиясының топтастырылуы, сонымен бірге, нақты кезеңде басым болған мақсаттар мен міндеттерге, оқуды ұйымдастыру формасының қолданылуына, дәл кезеңде қажет болған әдістерге және басқа да негіздемелерге тәуелді келеді.
Оқу технологиясын оқу әдістемесінен ажырата білген жөн. Олардың бір-бірінен айырмасы – оқу технологиясын қайталап, көбейте таратуға болады. Қай жағдайда да технология өзіне сай түзілген оқу процесінің жоғары сапасына және педагогикалық міндеттердің табысты шешілуіне кепіл бола алады. Ал әдістеменің соңғы тиімді нәтижеге жете алмауы жиі кездеседі. Сонымен бірге, әдістеме технологиялық деңгейге дейін көтерілуі мүмкін. Мысалы, жаңа материалды түсіндірудің белгілі әдістемесі бар. Егер ол әдістеме шынайылық, сенім, сәйкестік талаптарына орайласса, оны технология деп тануға болады.
Оқу технологиясы педагогикалық шеберлікпен өзара байланысты. Оқу технологиясын жете білудің өзі – шеберлік. Бір технологияны әрбір оқытушы жеке іске асырып отыруы мүмкін, ал осы іске асырудағы технологиялық ерекшеліктерден мұғалімнің оқу шеберлігі көрінеді.
Зерттеуші ғалымдар М.В.Кларин, В.П.Беспалько, Г.К.Селевко т.б көрсетуі бойынша педагогикалық технология арқылы, біріншіден, білім беру тәжірибесінде оқу-тәрбие үрдісінің алдын ала жобасын жоспарлап, оны кез келген сыныпта қайталау мүмкіндігінің болуы; екіншіден, педагогикалық технология оқушылардың оқу-танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу-тәрбие үрдісінің алдын ала жобасына негізделуі керек, үшіншіден, педагогикалық технологияның ең маңызды жағы – мақсат қою. Ол оқу мақсатын нақты анықтап, оның меңгерілу сапасын дәл тексеріп бағалауды және тұлғаның дамуы мәселесін қарастыруды қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет