Филология кафедрасы


Өзін-өзі бекіту сұрақтары



бет29/75
Дата05.02.2022
өлшемі2,25 Mb.
#1348
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   75
Өзін-өзі бекіту сұрақтары.
1.Сабақ жоспары дегеніміз не?
2.Сабақ жоспарына қандай талаптар қойылады?
3.Сабақтың қандай мақсаттары бар?

5 дәріс тақырыбы. Дамыта оқыту технологиясы


Дәріс мақсаты: Дамыта оқыту. технологиясымен таныстыру.
Негізгі сұрақтар:
1. Дамыта оқыту барысында берілетін тапсырма түрлері.
2. Оқушылардың танымдық қызметін дамыту жолдары.
3.Дамытушылық жаттығулар.
Қысқаша мазмұны:
1.Дамыта оқыту бұл оқу үрдісінде оқушының барлық мүмкіндігінің толық іске асуына негіз болатын бағдарлы оқыту. Дамыта оқыту теориясы Г.Пестолоций, А.Дистерверк, К.Ушинскийден басталады. Бұл теорияны алғаш ғылыми негізде дәйектеген Л.С.Выготский болса, кейіннен Л.В.Занков, В.В.Давыдов тәжірибелік-эксперименттерінде жалғасын тапты. Л.В.Занковтың дамыта оқыту технологиясы тұлғаның жан-жақты дамуына бағытталған. Бұл технологияның 1986 жылы Ресейде озық технология деп жариялануы, оқыту барысында бүкіл әдіскер-мұғалімдердің назарын аударды.
Дәстүрлі оқыту оқушылардың икем-дағдысы, іскерлігін қалыптастыруды бағыттаса дамыта оқыту оқушы-субъектінің теориялық ойлау қабілетін, танымын, дарынын, дамытуды мақсат етеді. Ойлауды өнімді- өнімсіз; шығармашылық- шығармашылық емес деп жіктеуге болады. Дамыта оқыту балалардың шығармашылық ойлауларын дамытуға түрткі жасайды. Ал шығармашылық ойлау жеке тұлға дамуының биік сатысы болып табылады.
Дамыта оқытудың ерекшелігін төмендегідей саралауға болады:
- Білім беру үрдісінің жеке тұлғаға бағытталуы;
-Алдыңғы кезекте білім ғана емес, баланың абстрактілі ойлауы, ғылыми танымы, тұлғалық қасиеттерін дамытудың тұратыны;
- Оқушыны-субъектінің сабақтың барлық негіздерінде белсенді зерттеуші тұлға, «өнім жасаушы», өз өніміне өзі баға беруші қызметін атқарады;
- Мұғалімнің ұйымдастырушы, баланы даму аймағына енгізуші, оның ақылшысы дәрежесінде болуы;
- Дамыта оқытуға құрылған сабақтың ұжымдық ойлау іс-әрекеті диалог, пікірталасқа, іскерлік қарым- қатынаспен ерекшеленуі;
Теориялық ойлау баланың құбылыс, оның жаратылысы, бір нәрсенің мәнін, қасиеттері туралы зерттеу-ізденістерінің сөз арқылы көрініс табатын іс- әрекетіне жатады. Таным ақыл- ой  еңбегі арқылы қалыптасады. Сол себептен де дамыта оқыту ең алдымен баланың санасын, ақыл- ойын дамытуды көздейді. Теориялық ойлау пікірталас, диалогиялық әңгіме негізінде қалыптасады. Дамыта оқытуда мұғалім оқушылар алдына жауабы дайын, оқулықта бар, қайталауды талап ететін біліммен келмейді. Керісінше, проблемалық сұрақпен келеді. Проблеманы шешу- оқушының міндеті. Мақсатқа жету - оқушының дербес ізденісін талап етеді. Ол әдіс-тәсілдерді оңтайлы жолдары өз еркімен таңдап алады, табады. Модель, жоба жасау, оны қорғау - дамыта оқытудағы басты әдіс-тәсіл. Дамыта оқыту - шығармашылық ойлау мен шығармашылық табыстарға жетудің кепілі. Шығармашылық ойлаудың басты белгілері төмендегідей:
-бұрын ешкім ашпаған, қол жетпеген беймәлім нәрсені ашу, жаңа өнімге қол жеткізу;
-нәтижеге жетудің әр түрлі жолдарын іздеу;
-нәтижеге әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы жету;
- ешкімнің жетелеуінсіз өз беттерімен іздену.
Кезінде Қ.Жұбанов XX ғасырдың 30-жылдары «технология» мәселесіне айтарлықтай мән бере отырып, тақырыпты баяндамас бұрын сұрақ-жауап әдісі арқылы оқушыны ойлануға, пайымдауға шақыруы, оларды іздендіре отырып, санасына түрткі жасауы дамыта оқыту идеясынан туғанын көрсетеді. Дамыта оқыту тұлғаның барлық қасиетін тұтас бірлікте дамытуға негізделген.
К.Жүнісова 4 қырлы дамыта оқыту идеясын білім негізіне салды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет