Халықтық педагогика – әр түрлі буын өкілдерінің өзара қарым – қатынасы мен әрекеттестігінің ұлтқа тән тиянақты формасы сақталған этностық мәдениеттік салт – дәстүрде, халықтық және көркем шығармашылықта сақталған білім мен тәрбие дағдысының жинағы.
Халықтық психология– адамның тұрмыстағы және өмірдегі психологиялық әрекеті жайлы халықтық рухани мәдениетінде көрінетін білімдер жинағы.
Халық рухы – белгілі бір ұлтқа жататын жеке тұлғалардың психологиялық қасиетін білдіретін ерекше тұйық білім сол немесе басқа этностың тілін, фольклорын моралін дінін, мәдениетін салыстырмалы түрде зерттеу арқылы манызы ашылады.
Ұлтшылдық – ұлттың ерекшелігі мен артықтылығы (үстемдік) туралы уағыздан тұратын кері тартпа идеология мен саясат. Бір ел ішінде ұлттар мен халықтар арасында ұлттық араздық тудыратын форма, сондай – ақ бір елдің халқын басқа елдің халқына қарсы шағыстыру формасы ретінде қолданылады.