Ұлт қатынастарының этикасы – этнос қауымдары мен топтар өкілдері арасындағы түрлі байланыстарды қалыпқа келтіретін ішкі ұлт аралық қатынастардың нормалар мен ережелер жиынтығы.
Үйлесім, сыйымдылық – бұл әлеуметтік психологиядағы түсініктер, яғни сырт қарағанда дара адамның өзінің ішкі қарсылығына қарамастан топтың ырқана саналы түрде бейімделіп, көнбістік көрсетуі.
Үнсіз сөйлесу – сөйлеу әрекетінің ерекше түрі. Үнсіз сөйлеуді кейде іштей сөйлеу дейді. Үнсіз сөйлеуде адамның ойы мен білдірмек болған пікірі дыбыссыз айтылады. Іштей сөйлеуде сөйлемнің баяндауышы не бастауышы айтылады да, ой жүйесі үзінді-кесінді сипатта болады. Қарым-қатынас жасауда дауыстап сөйлеу тәсілі қолданылса , ал үнсіз, іштей сөйлеуде адамның ойлауы құрал қызметін атқарады да, ол өзінің іс-әрекетін реттейді.
Достарыңызбен бөлісу: |