Ұлттық әдет-ғұрып – дәстүр белгілі бір ұлт ортасында болатын және олардың мүшелеріне үйреншікті (әдетті) тарихи қалыптасқан таптауырынды жүріс-тұрыс әдісі.
Ұлттық соқыр сезім – этностық қауымның басқа қауымға олардың сипаттамасына қатысты жасайтын ақиқатты дәл жеткізбейтін, бұрмаланған нұсқаулар болып табылатын қоғамдық психологиялық құбылыс.
Ұлттық салт– тарихи қалыптасқан және ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан жүріс – тұрыс формасы тұрмыс санасында әбден тамырланған ережелер, құндылықтар, адамдардың қатысу түрлері.
Ұлттық сана –сезім – адамдардың өз этностық қауымға, оның мүдделері мен құндылықтарына деген ұлттық қарым–қатынасы, олар жағымды да жағымсыз ренкте де болуы мүмкін.
Ұлттық ақыл тұрпаты – ұлттық өзіндік сол немесе басқа ұлт өкілдерінің көпшілігінің ойлау ерекшелігі.
Ұлттық мінез–құлық – өмір сүрудің нақты жағдай барысында және адамдардың үйреншікті жүріс – тұрысын, өмір сүру типін, олардың еңбекке, басқа халықтарға, өз мәдениетіне қарым– қатынасын белгілейтін тарихи қалыптасқан мінезінің этносқа тән психологиялық қасиеттерін анықтайтын жиынтықтары.
Ұлт – аймақ, бірлігімен, экономикалық байланысымен, тіл ортақтығымен, мәдениетімен, кейбір психологиялық және рухани қасиеттерімен сипатталатын адамдардың тарихи қалыптасқан қауым түрі.
Достарыңызбен бөлісу: |