Қосымша әдебиет:
1.Қазақграмматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002. – 784 бет.
2.Әліпова Ж.С., Оразова А.С., Жақанова А.С. / Бастауыш деңгейге арналған оқу-әдістемелік кешен. Көкшетау, 2010 ж.
3.Әлімбек Г. Қазақ тілі (бастауыш, жалғастырушы, орта деңгейге арналған). - Астана, 2009.
1 – тапсырма. Мәтінді оқып, мәтін бойынша сұрақтар әзірлеңіздер.
Емдеу-сауықтыру мекемелері
Денсаулық кең ұғым.Кейбіреулер денсаулықты жастықпен, сұлулықпен байланыстырады. Басқалары оны күш–қуат, бет әлпеті сәнділігімен. Ал біреулер өз ауруын еске алып, жоғалтқан денсаулығы туралы өкініп, қайғырып, күрсінеді. Денсаулық жағдайы организмді сыртқы қоршаған орта талабында сақтауды қамтамасыз етеді. Бұл, даму және өмір сүрудегі денсаулықтың негізгі рөлі.
Денсаулық – зор байлық деген екен ата-бабаларымыз. Сол сөздершындықболыпкележатыр. Әр мемлекет үшін өз халқының денсаулығын сақтау ең басты мәселеге айналды. Сондықтан жылда әртүрлі медициналық орталықтар, көптеген жедел станциялар, емханалар, шипажайлар салынып жатыр.
Шипажай –адам денсаулығын көркейтетін және оны сақтайтын мекеме. Шипажайда емделуге, демалуға барлық қолайлы жағдайлар жүйелі түрде жасалған. Ондағы тамақтану да арнайы тәртіппен орындалады және астың құрамы міндетті түрде нәрлі уыздарға толы болады.
2 – тапсырма. «Емдеу-сауықтыру мекемелері» мәтіні бойынша кездесетін төмендегі сөздерді көшіріп жазып, жаттап алыңыз.
Емдеу - лечить
Шипажай - курорт
Сауығу - выздороветь
Байқалуы - выявляться
Үнемі - постоянно
Әлсіздік - слабость
Токсин - уытты заттар
Сауығу - выздоровление
Енгізу- ввести,включить
Астың құрамы- состав питания
Нәрлі тағам – питательная пища
Арнайы тәртіп- специальный режим
Тексеру барысында- в результате проверки
Ауыру сезімі- чувство боли
Мидициналық орталық- медицинский центр
Жедел станциялар- Станция скорой медицинской помощи
Қолайлы жағдайлар- необходимые условия
Достарыңызбен бөлісу: |