Философия
1 тақырып
Ойлау мәдениеті. Философия және дүниетаным. Философия – даналыққа құштарлық. Мифология, дін және философия. Қоғам дамуындағы мифтің және діннің рөлі. Философияның негізгі бағыттары. Философияның сұқбаттық сипаты және эвристикалық мүмкіндіктері. Философиялық ойлау түрі – сын және күмәндану. Философия – білім мен рухани қызметтің ерекше түрі. Өткенге сыни көзқарас – қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыруы мен ұлттық санасындағы өзгерістер,көзқарастарды талдау.
Сұрақтарға жауап беріңіз
1.«Философия» ұғымының мағынасын ашыңыз. Философия қашан және қай жерде пайда болды? Философияның негізгі өкілдері кімдер?
2. Материализм, идеализм, диалектика, метафизика, агностицизм, антропология, аксеология ұғымдарының мағынасын ашыңыз, осы ілімдердің негізгі өкілдерін атаңыз. Осы терминдерге глоссарий жасаңыз.
3. Философияның негізгі салалары?
4. Ойлау мәдениетін қалай дамытуға болады?
Ұсынылатын әдебиеттер
Нұрышева Г.Ж. «Философия» – Алматы: Інжу-маржан, 2013.
Джонстон Д. «Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға дейін».Ғылыми ред. Нурышева Г.Ж. – Астана, 2018.– 216 б.
Петрова В.Ф., Хасанов М.Ш. «Философия». – Алматы: Эверо, 2014.
Ғарифолла Есім «Қазақ философиясының тарихы» – Алматы, 2006.
Ғарифолла Есім «Адам-зат» – Астана, 2008.
Достарыңызбен бөлісу: |