«Философия және әлеуметтік-гуманитарлық» пәндер кафедрасы



бет53/86
Дата24.10.2023
өлшемі1,03 Mb.
#187792
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   86
Байланысты:
«Философия ж не леуметтік-гуманитарлы » п ндер кафедрасы

Иммануил Кант (1724-1804) – неміс философиясының негізін қалаушы. Ой еңбегіне арналған өмірін өзі дүниеге келген Кенисберг (қазіргі Калининград) қаласында өткізген. Кенисберг университетінің дін факультетіне оқуға түсіп, діни пәндермен қатар философия, физика. математика пәндерінен лекцияларға қатысқан.
Кант: «Сен еркін де ақылды болуға тиістісің» деп жария еткенімен, абсолюттік еркіндік түбінде жақсылыққа апармайтынын түсінді, сондықтан да бұлжымайтын императивті енгізді. Шектеусіз, абсолюттік еркіндіктің іс жүзінде аморальдылыққа ұшыратынының дәлелін тарихтан да, қазіргі өмірден де көруге болады. Гегельдің өзі абсолюттік еркіндікті құбыжық нәрсемен теңеуі тегін емес. Бұлжымайтын императив Канттың императивтерінің мазмұнын дұрыс жеткізу үшін «бұлжымайтын императив» ұғымын қолданып, оны парыз ұғымы ретінде түсіндіреді.
Сонымен бірге, ол адам өмірінің мәні тек өзінің алдындағы ғана емес, басқа адамдардың, жалпы қоғам алдындағы парызын орындау деп түсінеді. Бұлжымайтын императивтің бірінші қағидасы: «Өзіңдегі де, басқалардағы да ақылды және еркін жігерді мақсатқа жету құралы емес, сол мақсаттың өзі деп таны». Бұл қағидадан ұлы гуманист Канттың адам мен қоғам туралы демократиялық ойларын көреміз. Тұлға белгілі бір құқықтарта, еркіндікке ие, қоғамның саналы мүшесі, өз өмірінің, өз тағдырының кожайыны, оған ешкім де, ешқандай қоғамдық-саяси ұйымдар да өз көзқарасын таңа алмайды.
Канттың осы қағидасы жеке адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуте де пайдасын тигізеді. Әрбір адам түбінде ең қатал сот - өзінің ар-ұятының алдында жауап беретінін ұмытпағаны жөн, Ал Канттың қағидасын ұстанып, басқа адамдармен мейлінше кіршіксіз қарым-қатынас орнатуға тырысқан адамның ары таза.
4 Адамгершіліктің бастауларын түсінудің негізгі тәсілдері. Пайда және принциптілік арақатынасы. Құндылық және сана табиғаты. Адамгершілік – адамға тән гуманистік құндылық, әдеп ұғымы. "Кісілік", ізгілік", "имандылық" тәрізді ұғымдармен мәндес. Адамгершілік - адамшылық, каталдықпен салыстырғанда жаксылық тілеу қарым-қатынастары. Адамгершілік принциптері әлеуметтік-мәдени дамудың жемісі. Адам тумысында жақсылыққа да, зұлымдыққа да үйір емес. Адамгершілік белгілерінің қалыптасуына ерекше әсер еткен мынадай факторлар бар: жыныстық қатынастарды реттеу, қандастарын өлтіруге тыйым салу, әлсіздерге қамқорлық ету, еңбектің қоғамдық жолмен бөлінуі және адамдар арасындағы ынтымақтастықтың қалыптасуы. Адамгершілік құндылықтар-дың қалыптасуы үшін жүйелік және тұлғалық мүшелердің ара салмағын дұрыс айқындаудың маңызы зор. Жеке адамды әлеуметтік қатынастардың жемісі деп қарастыру адамды бағаламауға әкеп соғады.
Адамгершілік бастауларын түсіндірудің ежелгі дәуірден бастау алады. Адамгершіліктің классикалық теориялары жоғары құндылықтарды бекіту ретінде қарастырылады. Ол грек ойшылдары Платон және Сократтың этикалық құндылықтарында және Аристотель этикасында қарастырылған. Сондай-ақ Эпикурдың гедонистикалық этика құндылықтарында жалғасады.
Адамгершілік мәселелері утилитаризм және деонтология бағытында да қарастырылған. Утилитаризм - (лат.utilitas - пайда) өнегелі іс-әрекеттің пайдалығының мойындайтын буржуазиялық этикалық теория. Утилитаризмнің негізін қалаған және негізгі принциптерін анықтаған И.Бентам болды. Ол адамдарға олардың жеке мүдделерін қанағаттандыра отырып, "көп адамға үлкен бақыт сыйлау" қағидасын ұстанды. "Пайда принципін" таным теориясына ойыстыру прагматизмнің пайда болуына ықпал етті.
Принциптер өмірді қауіпсіз етеді, жақсы, нақты дәлелденген принциптер өмірді табысты етеді, бірақ ешқандай принциптілік (қағидаттар) адамды бақытты ете алмайды. Принциптілік қаншалықты көбірек болса, мақсат та соғұрлым күшті, ал еркіндік аз және жеке тұлғалық пен даралық та соғұрлым аз болады.
Утилитаризмнің жақтастары пайда адамның өмірлік жолының негізін құрайды деп, ал прагматизмнің жақтастары жеке пайда табу үшін барлық қаражат жақсы деп санайды. Пайда туралы ойлар, «қалай өмір сүруге» болады деген сұраққа әкеп тірейді? Осылайша, пайда – адамның өмір жолын анықтайтын ұғым.
Нақтыласақ, пайда – оң моральдық категория болып табылады. Пайда жақсылық категориясына сәйкес келеді, оның басты назарында – адам өзінің өмірлік, мәдени, кәсіби деңгейін арттыру үшін дамытуға ұмтылатын құндылықтар. Бұл адам өміріне өзінің болашағы үшін тыныштықтың оң сәтін, белгілі бір материалдық игіліктерді, моральдық қанағаттануды әкеледі және бәрінің шыңы, рахат немесе бақыт күйі.
5 Жүсіп Баласағұн философиясындағы ақиқат мәселесі. «Құтты білік» дастанындағы этикалық көзқарастар. Жүсіп Хас Хажыб Баласағұни (1020) - ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері. Ол философия, математика, медицина, астрономия, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында "Құтадғу білік" ("Құтты білік") дастаны арқылы қалды. Дастанда өмір мәні пайымдалып, жалпыадамзаттық рухани байлықтар – мұрат, дін, этика, өнер және даналықтың мәні сараланған.
Жүсіп Баласағүни ақиқатқа жету жолын адам мен әлемнің, ұлы ғалам мен микроғаламның үйлесімді болуы туралы қағидаға негіздейді. Төрт құдірет – от, су, ауа, жер жайлы ежелгі дәуірдің философиялық түсінігіне сүйене отырып, ойшыл әлем осы төрттағанның үйлесімінен жаралған деп санайды. Осындай тағы бір төрттаған Жүсіп Баласағүниның қоғам туралы ойларында, яғни қазіргі түсініктегі әлеуметтік философиясында әділет, бақыт, ақыл және қанағат ретінде бейнеленіп, “Құтты біліктің” төрт кейіпкерінің бойына жинақталған. Ғалам мен микроғаламның тұтастығы, барабарлығы туралы ой Жүсіп Баласағұни дүниетанымының өне бойынан байқалады. Бұл жалған дүниені ақыл тезіне салып түзетуге болатынына да сенген ғұлама әлемдік үйлесімділік негізінде әділетті адамзат қоғамын құруды армандады. Сондықтан ол ғылым мен білімге зор мән берген.
Жүсіп Баласағұни жалпыға ортақ парасаттың танымның нәтижесі ретіндегі білімге көшуі адам мүмкіндігінің жүзеге асуы деп біледі. Ғұлама білімнің туа бітетіндігі жайлы пікірге қарсы шығып, оған парасатты іс-әрекеттің нәтижесінде қол жеткізуге болатынына сенеді. Білімге молынан сусындаған адам ғана көп нәрсеге қол жеткізе алады.
Оның пікірінше, білім – даналық, денсаулық және жан толысуы. Жүсіп Баласағүнидің ойынша, қоғам құрылымындағы кемелдіктің өлшемі әлеуметтік тәртіп бұзылғанда ғана көзге түсе бастайды. Сол кезде жаңа мұраттар мен ұрандар пайда болып, халық қолдауына ие болады. Ол қоғамдық құрылымның кемелдігін жеке адамның бостандығы, тәуелсіздігі анықтайды деп санады.
“Құтты біліктің” негізгі айтар ойы – адамның адами жетілуі мен кісілік кемелденуі, сол арқылы мемлекет пен қоғамды қуатты, мықты, құтты ету. Кісілік кемелдену жолына түскен адам – өзінің қасиетіне, қалыбы мен негізіне мейлінше жақындаған асыл жан. Дастан оқырманына құт-берекемен, бақытқа өз адамгершілігін асыл етумен ғана жетуге болатынын ұқтырады. Ондағы “өзіңді сақтау”, “өзіңді ұмытпау” қағидасы адамның адамшылығын танытар қасиеті – адамгершілік пен кісілікті жетілдіруге бағытталған.
Ойшыл отбасылық тәрбиелеу мәселелеріне көңіл бөледі. Бұл кездейсоқ емес, себебі отбасында балалардың ақыл-ойы, адамгершілік және дене денсаулығы негізі қаланады. Ол ата-аналар балаларға қатысты талапшыл, қатаң болуы тиіс деп санайды, олар, ата-ана балаларға үлгі болуға тиіс. Ақын «балалардың тәрбиесіздігі – олар үшін де, ата-аналар үшін де бақытсыздық» деген дана пікірді қалдырған.
Тақырыпты пысықтау сұрақтары;
1 Мәдениет, құндылықтар, адамгершілік, аксиология, этика ұғымдарының өзара байланысы мен айырмашылықтары қандай?
2 Ұлттық этикалық құндылықтар дегеніміз не?
3 "Құт", "тәуба", "әділет", "сабыр" және т. б. санаттарының мазмұны мен мәнін ашыңыз.
4.Рухани құндылықтар дегеніміз?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет