13.2. Адамзаттың тарихы: өткені – қазіргі уақыты – болашағы.
13.3. Тарихтың формациялық және өркениеттік концепциялары.
Әдістемелік нұсқау. Философиялық дискуссиядағы тарих мағынасы, «тарихтың соңы», посттарих остистория) мәселелері. Тарихтың бағыттылығы, мақсаты және оның мәні.Адамзаттың тарихы: өткені – қазіргі уақыты – болашағы. Қазақ философиясындағы тарихи даму мәселелерін талдау.
Сұрақтар:
1.Тарих философиясының пайда болуы.
2.Тарих философиясы туралы ойшылдардың ой-тұжырымдары.
3.Тарих философиясының қазіргі заманғы концепциялары.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Кенни Э. Батыс философиясының жаңа тарихы: 3-ші том. Қазіргі заман философиясының бастауы: А.,2019. https://openu.kz/ru/book/batys-filosofiyasynyng-zhanga-tarihy-3-tom
Практика 14. Қазіргі заман мәдениетіндегі дін философиясы
Мақсаты: Дін адамзаттың өмір сүру формасы, рухани бағытын анықтау және діннің функцияларына назар аудару.
Жоспары:
14.1. Ұлттық, мемлекеттік және әлемдік діндер. Дәстүрлі және дәстүрлі емес діни наным-сенімдер.
14.2. Қазіргі заман мәдениетіндегі дін философиясы. Брахма, дао, логос және теос.
14.3. Ислам. Исламның қалыптасуы, догматикасы және тарихи формалары.
14.4. Суфизм (Аль-Газали, Ходжа АхметЯссауи).
Әдістемелік нұсқау. Діннің философиялық ерекшелігіне, қалыптасуына негізгі назарын аудару. Ұлттық, мемлекеттік және әлемдік діндер. Дәстүрлі және дәстүрлі емес діни наным-сенімдер.
Сұрақтар:
1.Дін және философия.
2.Діннің тарихи қалыптасу формалары.
3.Дін философиясының негізгі ерекшеліктері.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Философия тарихы. Т.Х.Рысқалиев. Оқулық. Алматы: ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы, 2015.
2.Әл-Руайхеб Х. Ислам философиясы: Оксфорд оқулығы / Ауд.: А.Ғ.Тасболат, Нұр-Сұлтан. 2020
3.Мейір Ж. Философия Астана. 2014.
Достарыңызбен бөлісу: |