Пайдаланған әдебиеттер:
1.Хасанов М. Петрова В.Джамбаева Б. Философия. А.,2014ж
2. Нұрышева Г.Ж. Философия Алматы,.2013
3. Бегалинова К.К., Альжанова У.К. Философия I, II том. Алматы, 2010
4. Аташ Б.М. Философия, Алматы, 2014
5. Нұрышева Г.Ж. Өмірдің мәні: философиялық-антропологиялық
талдау. Алматы, 2011.
6. Грядовой Д.И. Философия. М.,2012
7. Лавриненко В.Н. Философия. Учебник для вузов.М.,2012
8.Иманқұл Н. Философия әлемінде: болмысы мен тарихы. А ., 2006
9. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша философия тарихы. А., 2009.
10. Алтай Ж., А. Қасабек А., Философия тарихы. А., 2008.
11. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша филасофия тарихы. А., 2009.
12. Дүниежүзілік философияның онтологиясы. 12 томның 10Т. 2009.
13. Алексеев П.А. Панин А.В. Философия Учебник для вузов. -М., 2006
14. Әл-Фараби. Шығармаларының 10 томдық жинағы. – Алматы, 2005-2008.
15. Мырзалы С.Философия– Алматы, 2008.
№15. Дәріс.
Тақырыбы: Қоғам ғылыми таным обьектісі ретінде
1. Қоғамның әлеуметтік құрылымы
2.Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
3.Қоғамның қазіргі кезеңдегң даму ерекшелігі
Әлеуметтік философия материяның ұйымдық әлеуметтік формасы ретінде қоғам мәселесін қарастырады. Оның объектісі-әлеуметтік әлем. Әлеуметтік философияның қарастыратын мәселелері:
социумның жалпы даму заңдарын әлем құрылымының біртұтас жүйесі ретінде қарастыру;
адамдардың рухани әлемі, оның ұжымы, бұқаралық санасы мен қоғамдық болмыстың спецификасын ашу;
әлеуметтік құбылыстарға деген адамдардың құндылықты қатынастары.
Қоғам-ұйымының әлеуметтік формасы. 19-20 ғғ. батыс философтары мен социологтарының пікірінше, қоғам – еңбек бөлінісі мен ынтымақтастыққа негізделген, қызметтік жүйе (О.Конт), қоғам-ұжымдық көзқарасқа сүйенген индивид үстінен қарайтын рухани шындық (Э. Дюркгейм), қоғам-әлеуметтік әрекеттің жемісі болып табылатын, индивидтердің өзара әрекеті (М. Вебер). Қоғамды материалистік тұрғыда түсіндіріп, оны алға жылжытқан К. Маркс болды. Оның пікірінше, қоғамдық организмнің бір ғана материалдық негізі бар. Ол негіз-материалдық игіліктерді өндіру. Сондай-ақ қоғам дегеніміз-қоғамдық қатынастар жиынтығын білдіреді. Онда адамдар өз өмір әрекеттерінің процесінде болады. Қоғамдық-экономикалық формация дегеніміз Маркстің пікірінше, белгілі-бір өндіріс тәсіліне негізделген қоғамның тарихи типі. Қоғамның тарихы антогонистік (феодалдық, капиатлистік) және антогонистік емес (алғашық қауымдық құрылыс, социалистік) болып бөлінеді.
Қоғамдық қатынаста қоғам дамуына тығыз байланысты жүйелер бір-бірімен өзара байланыста болып жатады. Олар саяси, құқықты, діни, адамгершілікті, эстетикалық, экономикалық қоғам салалары. Социумның дамуның ең басты күші-халық. Халық-бұқаралық түрде адам әрекеттерінің қоғамда негізделуіндегі адамдардың, әлеуметтік топтардың жиынтығы. Халық қоғамның өндіруші, материалдық әрі рухани құндылығы.
Қоғамдық-экономикалық формациялар белгілі тарихи дәуірдегі тұтас қоғамдық құбылыс. Оның өзіндік экономикалық, саяси, әлеуметтік, идеологиялық ерекшеліктері бар. Өйткені, тарих біркелкі, үздіксіз ағып жатқан өзен емес, ол бөлшек-бөлшек буындардан, кезеңдерден тұрады. Тарихтың ондай буындары мен кезеңдерін формация дейміз. Әр формацияның өзіндік заңдары, өзіндік меншіктері, таптары, базисі мен қондырмасы болады. Тарихта бір формация екінші бір формациямен алмасып отырған. Оның негізі өндіріс тәсілінде жатыр. Олай болса олардың өзгеріп, дамуының объективті заңдылықтары бар. Сол заңдылықтарды ашу нәтижесінде тарих ғылымға айналады. Қоғамдық болмыс – адам өмірінің, оның іс-әрекетінің қажетті шарты және қайнар көзі. Адам өзінің жасампаздық күш-қуатымен табиғи мүмкіндіктерді шындыққа айналдыру арқылы болмысты өзгертіп отырады. Қоғамдық болмыс – адамзат тарихының даму кезеңдеріндегі әлеуметтік практиканың нәтижесі.
Қоғамда түрлі қатынастар бар. Олар негізін алғанда материалдық және идеологиялық қатынастар болып екіге бөлінеді. Материалдық қатынастар адам санасынан тыс, ой елегінен өтпей-ақ қалыптаса береді. Оған жататындарды ең алдымен табиғатты адам арқылы өңдеу деп атайды. Оның негізінде өндіргіш күштер: құрал-саймандар, оны қолданатын адамдар қалыптасады. Қоғамдық қатынастардың екінші бір тобы – идеологиялық қатынастар. Оларға адамды адам арқылы өңдеу жатады. Олар саяси, құқылық, моральдық, діни, эстетикалық, философиялық қатынастар болып бөлінеді. Айталық, әрбір қоғам алдында оның өзіне тән мақсат, міндеттер қойылады. Соған сәйкес адамдарды бейімдеу, ұйымдастыру, жұмылдыру қажет болады.
Достарыңызбен бөлісу: |