Философия және саясаттану факультеті «философия» кафедрасы 5В020100 «Философия» мамандығына арналған



бет6/33
Дата16.09.2022
өлшемі198,56 Kb.
#149649
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
Философия. лекция.жаңа

Ксенофан (б.д.д. 6-5 ғ.ғ.)-Элей мектебінің негізін салушы. бүкіл мифологияны алғаш сынаушылардың бірі: «адамдар Құдайды тек өздеріне ұқсатып жасайды, егер жануарлар Құдайға сенетін болса, оларда Құдайды өздеріне, яғни жануарға ұқсатып елестетер еді»,- дейді. Дүние жер мен судан пайда болды деген көзқарасты ұстанады. болмыс-барлық жерде бірдей, өзіне тең, біртекті, өзгеріссіз деп санады.
Парменид — «болмыс» ұғымын алғаш рет философияға енг3зген6 ежелг3 грек философы, Элей мектебінің өкілі. Парменид дүниені қозғалмайтын, тұтас, толтырылған шар түрінде елестетті. Екі бастаманы көрсетеді-от, жарық және қараңғылық. Сезімнің көрсетуіне сенбеу, пайымдық білімді жоғары бағалау Парменид іліміндегі рационализмнің басым екендіген аңғартады. «Болмыс-бар нәрсе, олай болса ол туралы ойлауға, оймен бейнелеуге, зерттеуге, сипаттауға болады»,-дейді.
Зенон (б.д.д. 490-430 ж.ж.)-Элей мектебінің өкілі. философияға тұңғыш рет диалог формасының қолданылуын енгізді. Ол қозғалыстың диалектикалық табиғаты туралы мәселелерді теріс формада қолданды. Зенон үшін болмсыста қайшылық жоқ, сондықтан қайшылықты болмыс-жалған (елес) болмыс. «Ахилл және тасбақа», «Жебе» т.б. апорияларымен белгілі. Апория (гр. aporia-шарасыздық)-ежелгі грек философиясында шешілуі қиын мәселені білдіретін ұғым. Апория заттың өзінде немесе ол туралы ұғымдағы қарама-қайшылықтың негізінде пайда болады. Зенонның қозғалыстың мүмкін еместігі туралы пайымдауларын апория деп атайды. Зенон апорияларының мәні мынадай: белгілі қашықтықтан өту үшін оның жартысын жүріп өту керек; жартысын жүріп өту үшін осы жартының жартысын жүріп өту керек, сөйтіп осылай кете береді. Бұдан шығатын қорытынды: қозғалыстың басталуы мүмкін емес.
Демокрит (б.д.д. 460-370 ж.ж.)-ежелгі грек материалист-философы, Левкипптің шәкірті, гректердің тұңғыш энциклопедист ойшылы. Демокрит-атомдық көзқарастың негізін салушылардың бірі. Ол дүниенің бастамасы ретінде екі негізді-атом мен бос кеңістікті алға қояды.
Атомдар бос кеңістікте бір жерден екінші жерге ауысып, үздіксіз қозғалып отырады. Осы қозғалыс процесінде олар бір-бірімен қосылып, тұтас материяны құрайды: отты, суды, жерді тудырады. Атомдар-болмыс, ал бос кеңістік-болмыс емес.
Демокрит танымның материалистік теориясын дамыта келіп, адамның санасы-обьективті түрде атомдардың сезім мүшелеріне жасайтын әсерінің нәтижесі деп есептеді. Дүниені танып-білудің екі түрін көрсетеді:

  1. Сезім арқылы танып-білу,

  1. Ақылмен танып-білу.

Демокрит біздің сезім мүшелеріміз-көру, есту, иіс сезу, дәм білу, тән сезімдеріміз-заттар мен қозғалыстардың бәрін бірдей қабылдай алмайды, дүниеде шексіз ұсақ нәрселер бар, адам оларды ақыл-ойы арқылы ғана тани алады.
Демокриттің атомдық теориясы көптеген ғасырлар бойы ғылымға жол көрсеткен ілім болды. Оның материялық атомдардың обьективті өмір сүретіндігі туралы жалпы философиялық көзқарасы ғылым мен филосогфияның тарихында орасан зор маңызға ие. Демокриттің көзқарастарын Эпикур мен Лукреций Кар әрі қарай датытты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет