Философия және саясаттану факультеті «философия» кафедрасы 5В020100 «Философия» мамандығына арналған



бет2/33
Дата16.09.2022
өлшемі198,56 Kb.
#149649
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
Философия. лекция.жаңа

Пайдаланған әдебиеттер:
1.Хасанов М. Петрова В.Джамбаева Б. Философия. А.,2014ж
2. Нұрышева Г.Ж. Философия Алматы,.2013
3. Бегалинова К.К., Альжанова У.К. Философия I, II том. Алматы, 2010
4. Аташ Б.М. Философия, Алматы, 2014
5. Нұрышева Г.Ж. Өмірдің мәні: философиялық-антропологиялық
талдау. Алматы, 2011.
6. Грядовой Д.И. Философия. М.,2012
7. Лавриненко В.Н. Философия. Учебник для вузов.М.,2012
8.Иманқұл Н. Философия әлемінде: болмысы мен тарихы. А ., 2006
9. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша философия тарихы. А., 2009.
10. Алтай Ж., А. Қасабек А., Философия тарихы. А., 2008.
11. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша филасофия тарихы. А., 2009.
12. Дүниежүзілік философияның онтологиясы. 12 томның 10Т. 2009.
13. Алексеев П.А. Панин А.В. Философия Учебник для вузов. -М., 2006
14. Әл-Фараби. Шығармаларының 10 томдық жинағы. – Алматы, 2005-2008.
15. Мырзалы С.Философия– Алматы, 2008.
2. Дәріс.


Тақырыбы: Көне Үнді және Көне Қытай философиясының қалыптасыуы

1. Көне Үнді философиясының пайда болуы және даму кезеңдері.


2. Веда - Үнді мәдениетінің көне ескерткіші және ертедегі үнді
философиясының бастауы ретінде.
3. Көне Қытайдағы мифологиялық сананың ерекшелігі
4. Көне Қытай философиясының, негізгі мектептері дао, Конфуций ілімі т.б.

Көне Қытай философиясы, Қытай философиясы өз бастауын біздің дәуірімізге дейінгі VIII-VI ғасырлардан алып, тарихи даму барысында көптеген философиялық мектептер мен бағыттарды, ғұлама философтарды дүниеге әкелді.


1) Ең басты ерекшелігі – саяси-практикалық сипатының басымдылығы, яғни философиялық ой мемлекет мүддесіне қызмет етті.
2) Келесі ерекшелігі – философиялық мектептердің барлығының дерлік қарастырған мәселесі – адам, оның бойындағы ізгілік пен зұлымдық мәселесі болды.
Көне Қытай философиясының негізгі мектептері: Конфуций мектебі, даосизм, легизм, моиз, натурфилософия және номиналистер мектебі.
Олардың бастысы – Конфуций мектебі, ол б.д.д. екінші мыңжылдықтан бастап, ХХ ғасырдың басына дейін Қытай мемлекетінің ресми идеологиясы қызметін атқарды.
Ежелгі Қытай қола дәуірінен темір дәуіріне өтуіне байланысты ауыл шаруашылығы мен қала тұрғындары еңбектерінің бөлінуіне, ақшалай-тауарлық қатынастардың қалыптасуына, ой және дене еңбектерінің бөлінуіне, әртүрлі сатыдағы әлеуметтік топтардың пайда болуына әкеліп соқтырды.
Ежелгі Қытай мемлекеті шын мәніндегі шығыстық деспотия болатын. Мемлекет басшысы әрі монах, әрі жрец және жалғыз ғана жер иесі болды. Әртүрлі рангтағы аристократия мемлекеттік қызметте болды. Олардан кейін әлеуметтік сатыда рубасылары, отбасы (семья) тұрды. Ал құлдар болса, олар жануарлар сияқты әлеуметтік сатыдан тыс қалды.
Заң болған жоқ, сондықтан әлеуметтік сатыда жоғары тұрғандардың өктемдігінен ешкім тыс қала алмады. Бірақ мемлекет басшысының (ван) алдындаәртүрлі әлеуметтік сатылардың бәрі тең болды. Халық арасындағы қарым-қатынас күрделі, шым-шытырық ритуалдарға негізделді.
Мысалы, тірілердің өлгендерге, олардың рухына, табиғат құбылыстарына, жерге және аспанға деген қарым-қатынас негізінде қалыптасқан діни көзқарас, әдет-ғұрып, дәстүрлермен тығыз байланыстағы ритуалдар жоғары әлеуметтік сатыда тұрғандар мен төменгі сатыдағылардың арақатынасын нақтылап, айқындайды.
Қытайлардың сол кездегі дүниетанымдық көзқарастары «Бес кітап» (У цзин) аталатын кітаптарда шоғырланған. Бұл кітаптар өздерін білімді санайтын әр адамның көзқарастарын қалыптастыруда үлкен рөл атқарды.
Ежелгі Қытайда ғылымның да кейбір салалары пайда бола бастады. Мысалы, математика, астрономия, медицина. Осы ғылымдар саласындағы жетістіктер негізінде Ай мен Күннің тұтылу мезгілін анықтады, астрономиялық құбылыстар мен жердегі құбылыстардың байланысын айқындауға, күнтізбе, уақыт есептеу, т.б. тәсілін ойлап табуға мүмкіндік туды. Бірақ ғылым әлі де болса әлжуаз қалыпта еді. Бұл жағдай философиялық ілімдердің деңгейіне әсер етпей қойған жоқ.
Біздің дәуірімізге дейінгі үшінші ғасырдың аяғында пайда болған Ежелгі Қытай философиясы кейінірек негізгі алты философиялық бағытқа – мектептерге бөлінді. Олар: конфуцийшылдық, моизм, заң мектебі (легистер), даосизм, тұрпайы философтар (натурфилософия) және атаулар мектебі. Бұл жұмысымда аталған философиялық мектептердің ішіндегі ең көрнектілері – конфуцийшылдық, даосизм және легистерді баяндаймын. Көне Үнді философиясы, Көне Үнді философиясын зерттеуші ғалымдар философия ғылымының бастауы, бүкіл Шығыс философиялық идеяларының қайнар көзі Үнді елі деп есептейді.
Көне Үнді философиясының басты ерекшеліктері:
- ғылыми оймен байланысының аздығы;
- жеке тұлғалық сипатының нашарлығы;
- діни-мифологиялық оймен тығыз байланыстылығы;
- философиялық ой ескерткіштерінің хронологиялық жағынан жүйесіздігі және белгісіздігі;
- негізгі философиялық ұғымдардың мән-мағынасының күрделілігі және сантүрлілігі.

Көне Үнді философиясы алғашқы қауымдық қатынастар ыдырап, оның орнына құлдық қоғам орныққан кезде дүниеге келді. Сол кездегі философиялық ойларының негізін діни мифологиялық жүйелер құрды. Ой –пікірлерімен қоғамдағы күнделікті шарттарының себептері де бар. Себебі, Үнді қоғамы төрт варнадан ( «варна»- жамылғы, қабық, түрі- түсі мағынасын білдіреді) тұрды:



  1. брахмандар: әулиелер

  2. кшатрий: әскербасылар

  3. вайшьи: ( купцы)

  4. шудра: қызметкерлер мен шаруалар

Әр варна тұйықталған әлеуметтік топ болды да, әрқайсысы қоғамда өзіне тиесілі орын алды және өздеріне ғана тән дәстүрлі мамандықтары болды. Мысалы, брахмандардың үлесіне – ой еңбегі, кшатрийларға – әскери қызмет, вайшьилерге – ауылшаруашылық, қолөнер кәсібі, саудагерлік тисе, шаруаларға – қара жұмыс қана тиді. Ежелгі үнді қоғамының осы даму кезеңіне сай мифологиялық, философиялық көзқарастары да қалыптасты. Олар негізінен үнді мәдениетінің ескерткіші Ведаларда жинақталған. Ведалар төрт бөлімнен тұрады:

  1. Самхит – құдайларға арналған гимндер жинағы;

  2. Брахман – самхитті түсіндіретін әртүрлі мифологиялық әңгімелер, ритуалдар т.б.;

  3. Араньякта – брахманға тән ритуалдардың орнына құдайларды іштей сыйлап-құрметтеу, олар туралы ойланып-толғану сияқты көзқарас;

  4. Ведалардың ең соңғы сатысы «Упанишадта» дәстүрлі варналарды бір-, біріне қарсы қоюдан гөрі, олардың арасындағы айырмашылықты ең жоғары білім арқылы жоққа шығаруға болады деген идея уағыздады.

Упанишадтың басты тезисі Брахман туралы. Ғарыштың негізінде мәңгі мәнділік – Брахман жатыр. Ал одан барлық заттар дамып отырған. Олай болса, Брахман – бар әлемнің генетикалық, түпнегіздік бастамасы және олардың соңы. Брахман екі түрлі болады. Біріншісі – қозғалмайды,нақты өмір сүреді,бірақ жойылып кетуі мүмкін, ал екіншісі – жойылмайды, өлмейді,қозғалыста болады және ақиқат. Бірінші брахман көптүрлі болса, екіншісі – жалқы. Кейбір жағдайларда брахманмен қатар, синоним ретінде, Атман ұғымы да қарастырылады. Атманнің табиғаты – бір жағынан дене сияқты болса, екінші жағынан рух сияқты. Рухты атман – тіршіліктің негізі , ал екеуі қосылып, барлық денелердің ішкі бастамасы, негізі және соңы болады. Атман тек бастама ғана емес, ол – саналы тіршілік иесі, әлемді жаратушы. Брахман және атманмен қатар тұрған ұғымдардың бірі – пуруша және «мен». Пуруша (еркек) – ол әлем, адам түріндегі әлем. Сондықтан, Атман бастапқыда пуруша түрінде болып, «мен әлемді жартамын», - деп: аспан суын, сәуленің бөлшектерін, өлімді, суды жаратты.Осыдан біз Атманның саналы екенін түсінеміз. Упанишадта «менді» Брахманмен, Атманмен тең деп түсінгенде ғана, адам өзін құдаймен, бүкіл әлеммен теңмін деп, түсінеді. Ал «мен» - бір бөлек, брахман, атман – бір бөлек деп түсінетін болсақ ол – білімділікке жатпайды. Ал, егер аиманды танып-білсек, барлығын да білгеніміз. Жалпы, білімділік Упанишадта өте жоғары бағаланады. Мысалы, тікелей құрбандық шалғаннан гөрі, құрбандық шалу туралы білім өте құндырақ. Өмірдің ең басты мақсаты – тірі кезінде атман-брахманмен қосылып бірігу. Өмір қиыншылығынан, құмарлығынан, үмітінен, қызғаншақтықтан тыныштық тауып, атманды түсініп білген адам нағыз брахман болып құдайға, әлемдік құрылымға айналады. Упанишадта жанның көшіп-қону идеясы ең басты идеялардың бірі. Қайта-қайта айналып келетін жанның сансар тырнағынан құтылу үшін аскеттік өмір сүріп, ең жоғары білім алуы басты шарт болып саналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет