Философия және саясаттану факультеті «философия» кафедрасы 5В020100 «Философия» мамандығына арналған



бет14/33
Дата16.09.2022
өлшемі198,56 Kb.
#149649
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33
Байланысты:
Философия. лекция.жаңа

Әл — Ғазали Ибн Мухаммед (1059 – 1111ж.ж.) – ислам дінін зерттеуші ғалым, философ. Оның эстетикалық көзқарасы мінез-құлық философиясымен байланысты. «Дін ғылымының жандануы» атты шығарманың авторы. Сезім түйсігі мен елес қана емес, сонымен қатар ақыл — парасаты жететін объектілер де («тамаша мінез», «тамаша ғұмыр») асқақтай алады. Адамның рухани әдемілігіне баға беру тән сұлулығына баға беруге қарағанда күрделірек. Музыканы көңіл көтеретін нәрсе деп есептейтін адамдарға оны тыңдаудың қажеті жоқ, ал музыкадан ләззәт алатын, сазды әуендерден рахат сезіміне бөленетін адамдарға тыңдауға болады. Әл — Ғазали Құранның және кәдімгі поэтикалық шығармалардың адамға эстетикалық ықпал ету мүмкіндіктерін зерттпей келіп, соңғысының артықшылығын атап көрсетеді: алғаш рет естіген әуен бұрынғы белгілі өлеңге қарағанда күштірек әсер қалдырады. Құранды жұрттың бәрі жатқа біледі, ал ақындар әрдайым жаңа шығарма жазады, өлеңдері ырғақты келеді, көркемдеп түрліше оқуға болады, музыкаға түсіре аламыз, ал Құраннның сөздерін музыкаға түсіруге жол берілмейді; Құран сүрелерін әуенге қосуға рұқсат етуге болмайды, себебі Құран — Құдай жаратқан ғажап еңбек.
Ибн Рушд Мухаммед (1126 — 1198 ж.ж.) — Кордово халифаты тұсында Испанияда өмір сүрген ортағасырлық араб ғалымы, философы. Негізгі шығармалары: «Жоққа шығаруды жоққа шығару», «Дінмен философиялық салыстырмалы байланысын талқылаудан шығатын қорытынды». Ислам дінінен қол үзбей-ақ материя мен уақыттың мәңгілігін және оларды ешкімнің жаратпағандығын дәлелдеп, адам жанының өшпейтіндігі мен о дүниелегі өмір туралы аңызды жоққа шығарды. Ибн Рушд философияда «Қос ақиқат» ілімінің негізін қалаушы. «Қос ақиқат» идеясының негізгі мәні — философиялық және діни ақиқат әртүрлі, діндегі ақиқат деп саналатын кейбір құбылыстар философияда жалған болып есептелінуі мүмкін. Сол сияқты философиядағы ақиқат дінде де теріске шығарылуы мүмкін. «Қос ақиқат» теориясының негізгі мақсаты — философияны діннің шырмауынан босатып, өз алдына жеке ілім ретінде қалыптастыру.
Ибн Рушдтың Аристотель шығармаларына жазған түсініктемесі Еуропа философтарын антикалық философтармен таныстыруда үлкен рөл атқарды. Ибн-рушд ақыл — парасаттың нанымнан артықшылығын негіздеді, діни ілімді уағыздаушылардың философиялық мәселелермен айналысуының заңсыздығын атап айтты. Сонымен бірге ол философтарды өздерінің ілімін көпшілік алдында жарияламауға шақырды, өйткені мұның өзі адамдарды діни сенім-нанымнан айыруы, демек адамгершілік қағидаларынан да айыруы мүмкін. Ибн — Рушдтың ілімі ортағасырлық Батыс Еуропалық философияда еркін ойдың дамуына зор ықпал етті. Қожа Ахмед Яссауи (шамамен 1093 – 1166 — 67 ж.ж.) – түркілік суфизмнің негізін салушы, Түркстан (Яссы) шаһарының маңындағы Сайрам (Исфиджаб) қаласында туған. Оның есімі Түркстанның «Кіші Мекке» деп аталуына тікелей қатысты. Ахмед Яссауидің мистикалық танымының түркілік «тарихаты» түрк тайпаларының мұсылманшылыққа бет бұруына айтарлықтай әсерін тигізді. Ахмед Яссаудің «Диуана Хикмет» (парасатты сөздер жинағы) 12 ғасырдағы жазылған, келер ұрпақ үшін ғибрат алатын асыл мұра болып табылады.Ахмед Яссауи 62 жасқа келгенде, «Пайғамбар жасына жеттім, пайғамбардан артық күн көруге қақым жоқ»,- деп, жер астына – халуаға (халуа- жалғыздықта болу) түседі. Өмірінің аяғына дейін өз ғұмырын сол халуада өткізіп, бар уақытын Хақ (Құдай) жолына арнайды.Ортағасырлардағы мұсылмандардың философиялық және эстетикалық идеялары европалық ортағасыр мен Қайта өрлеу дәуірінің эстетикасына елеулі ықпал етті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет