Пайдаланған әдебиеттер:
1.Хасанов М. Петрова В.Джамбаева Б. Философия. А.,2014ж
2. Нұрышева Г.Ж. Философия Алматы,.2013
3. Бегалинова К.К., Альжанова У.К. Философия I, II том. Алматы, 2010
4. Аташ Б.М. Философия, Алматы, 2014
5. Нұрышева Г.Ж. Өмірдің мәні: философиялық-антропологиялық
талдау. Алматы, 2011.
6. Грядовой Д.И. Философия. М.,2012
7. Лавриненко В.Н. Философия. Учебник для вузов.М.,2012
8.Иманқұл Н. Философия әлемінде: болмысы мен тарихы. А ., 2006
9. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша философия тарихы. А., 2009.
10. Алтай Ж., А. Қасабек А., Философия тарихы. А., 2008.
11. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша филасофия тарихы. А., 2009.
12. Дүниежүзілік философияның онтологиясы. 12 томның 10Т. 2009.
13. Алексеев П.А. Панин А.В. Философия Учебник для вузов. -М., 2006
14. Әл-Фараби. Шығармаларының 10 томдық жинағы. – Алматы, 2005-2008.
15. Мырзалы С.Философия– Алматы, 2008.
№8. Дәріс.
Тақырыбы: Қоғамды, тарихты материалистік тұрғыдан түсіну
1.Марксизм философиясының қалыптасуы
2.Қоғамдық- экономикалық формация ұғымы
3.Ленин және марксизм философиясы
Марксизм философиясын жасаушылар неміс ғалымдары Карл Маркс (1812-1883) және Фридрих Энгельс (1820-1895) болды.
Шығармалары: Карл Маркс «Фейербах туралы тезистер», «Капитал», «1844 ж. экономикалық-философиялық қолжазбалар» Фридрих Энгельс«Табиғат диалектикасы», «Анти - Дюринг», «Маймылдың адамға айналу процессіндегі еңбектің рөлі», «Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы» Маркс, Энгельстің бірлесе жазған еңбектері «Коммунистік пратияның монифесі», «Святое семейство», «Неміс идеологиясы».
Марксизмнің пайда болуына алғышарттар:
- оларға дейінгі материалистік философия: Демокрит, Эпикур, Бэкон, Локк, Гоббс, француз ағартушылығы, Фейербахтың атеистік-материалистік философисы;
- ғылыми жаңалықтар: материя мен энергияның сақталу заңы, эволюция теориясы, клетка құрылымының ашылуы,
- әлеуметтік-таптық қайшылықтар: 1848-1849 жж. революция, 1871 Париж коммунасы
Марксистік философия материалистік сипатта. Екі бөлімнен тұрады: диалектикалық материализм және тарихи материализм.
Тарихты материалистік тұрғыдан түсіндірген. Оның мәні:
- қоғам дамуы өндірістік қатынасқа негізделеді (өз еңбегін сату, материалды өндіріс, үлестіру);
- өндірістік қатынастар мен өндіргіш күштердің деңгейі мемлекет пен қоғамдық институтардың, қоғамдық қатынастардың базисі;
- мемлекет пен қоғамдық институтар қоғамдық қатынастар экономикалық базиске қатысты қондырма рөлін атқарады;
- базис пен қондырма бір-біріне өзара ықпал етеді;
- базис пен қондырманың типіне байланысты қоғамдық-экономикалық формациялардың түрлері пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |