Пайдаланған әдебиеттер:
1.Хасанов М. Петрова В.Джамбаева Б. Философия. А.,2014ж
2. Нұрышева Г.Ж. Философия Алматы,.2013
3. Бегалинова К.К., Альжанова У.К. Философия I, II том. Алматы, 2010
4. Аташ Б.М. Философия, Алматы, 2014
5. Нұрышева Г.Ж. Өмірдің мәні: философиялық-антропологиялық
талдау. Алматы, 2011.
6. Грядовой Д.И. Философия. М.,2012
7. Лавриненко В.Н. Философия. Учебник для вузов.М.,2012
8.Иманқұл Н. Философия әлемінде: болмысы мен тарихы. А ., 2006
9. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша философия тарихы. А., 2009.
10. Алтай Ж., А. Қасабек А., Философия тарихы. А., 2008.
11. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша филасофия тарихы. А., 2009.
12. Дүниежүзілік философияның онтологиясы. 12 томның 10Т. 2009.
13. Алексеев П.А. Панин А.В. Философия Учебник для вузов. -М., 2006
14. Әл-Фараби. Шығармаларының 10 томдық жинағы. – Алматы, 2005-2008.
15. Мырзалы С.Философия– Алматы, 2008.
№7. Дәріс.
Тақырыбы: ХІХғ. Неміс класикалық философиясы И. Канттың таным теориясы, Гегельдің диалектикалық әдісі.
1. Неміс классикалық философияның қалыптасуы және дамуы
2. И.Кант – классикалық неміс философияның негізін салушы.
3. Г.В.Гегель философиясының негізгі ұғымдары.
Немістің трансцендентальді-сыни философиясы ХVІІІ- ғасырдың орта шені мен ХІХ - ғасырдың басын қамтитын неміс пен батыс еуропалық аймаққа таралған: Кант, Фихте, Шеллинг, Гегель, Фейербах сынды ой алыптарының туындыларымен байланысты кезең. Энгельс бойынша марксизм идеологиясына сүйенілген тұғырнамада «немістің классикалық философиясы» деп аталған болатын. Немістің трансцедентальді-сыни философиясы — батыс еуропалық мәдениет пен философияның даму тарихындағы әйгілі кезең бола отырып, айқын нәтижелер мен интеллектуалдық ізденістерде маңызды болып саналған. Бұл өзінің тегі жөнінен философиялық канон немесе канондық философиялық дәуір. Онда Платон идеяларынан бастап, 18 ғасырға дейінгі метафизиканың түйінделуі көрініс беріп, ол әрқашанда әлемдік философиялық ойдың классикалық ареалы түрінде бағаланды.
Неміс классикалық философиясының негізін қалаушы – Иммануил Кант (1724-1804) болды. Оның өмірлік ұраны: «Шыдамдылық және өзіңді ұстай білу».
Философиялық шығармашылығы екі кезеңнен тұрды:
«Сыни кезеңге дейінгі кезең» (1746-1770).
«Сыни кезең» (1770-1797) (агностицизм и априоризм).
Кант таным теориясында барлық білімдер 2-ге бөлінеді:
1) Апостериори ( лат. А роsterori- келесіден) — тәжірибеден алынатын білім.
2) Априори (лат. А ргіогі — тәжірибеге дейін) — тәжірибеге, іс-әрекетке дейін, оған тәуелсіз танылатынды білдіретін ұғым.
Достарыңызбен бөлісу: |