Пайдаланған әдебиеттер:
1.Хасанов М. Петрова В.Джамбаева Б. Философия. А.,2014ж
2. Нұрышева Г.Ж. Философия Алматы,.2013
3. Бегалинова К.К., Альжанова У.К. Философия I, II том. Алматы, 2010
4. Аташ Б.М. Философия, Алматы, 2014
5. Нұрышева Г.Ж. Өмірдің мәні: философиялық-антропологиялық
талдау. Алматы, 2011.
6. Грядовой Д.И. Философия. М.,2012
7. Лавриненко В.Н. Философия. Учебник для вузов.М.,2012
8.Иманқұл Н. Философия әлемінде: болмысы мен тарихы. А ., 2006
9. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша философия тарихы. А., 2009.
10. Алтай Ж., А. Қасабек А., Философия тарихы. А., 2008.
11. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша филасофия тарихы. А., 2009.
12. Дүниежүзілік философияның онтологиясы. 12 томның 10Т. 2009.
13. Алексеев П.А. Панин А.В. Философия Учебник для вузов. -М., 2006
14. Әл-Фараби. Шығармаларының 10 томдық жинағы. – Алматы, 2005-2008.
15. Мырзалы С.Философия– Алматы, 2008.
№9 Дәріс.
Тақырыбы: ХІХ-ХХ ғ. Батыстағы ғылыми таным философиясының дамуы
1. ХХ ғасыр батыс философиясының негізгі мәселелес және бағыттары.
2. Психоанализ. З.Фрейд және Э.Фром. Неопозитивизм.
3. Өмір философиясы: С.Къеркегор, А.Шопенгауэр, Ф.Ницше. Экзистенциализм: М.Хайдеггер, Ж.Сартр, А.Камю, К.Ясперс, Н.Аббаньяно. Постмодернизм.
4.Неотомизм. Структурализм: К.Леви-Стросс. Герменевтика: Г.Гадамер.
Батыс философиясы үшін ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр дәуірдің өзіндік санасы айқын көрініс тапқан және тарих пен мәдениет дамуының логикасы бұрынғыдан өзгеше түсіндірілген неше түрлі бағыттарға толы ерекше кезең болды. ХІХ ғасырдың соңынан бастап Батыс философиясында философияның жаңа, классикалық емес типі қалыптаса бастады және ол ХХ ғасырда қарқынды дамыды. Оның құрамына неотомизм, экзистенциализм, позитивизм, постмодернизм, структурализм және тағы басқа бағыттар кіреді. Оларға белгілі бір деңгейде тұтастық тән деуге болады, бірақ айқын білінетін ерекшеліктері де бар.
ХХ ғасыр философиясының қалыптасу шарттары туралы айтсақ:
1) ХХ ғасырда Европа басынан кешкен тарихи-әлеуметтік өзгерістер қоғам мүшелерінің бойында үрей мен қорқыныш, адамзат пен жеке адамның болашағына деген сенімсіздік туғызды;
2) Қоғам дамыған сайын оның өміріндегі қарама-қайшылықтар күшейе түсіп, адамзат пен өркениеттің алдында шешімі қиын, жаңа діни, ұлттық, этникалық мәселелер пайда болды, оларды шешуге дәрменсіз қоғамды дағдарыс жарияладыйлады;
3) Бұл қоғамдық дағдарыс жеке адамның жаттануы мен өгейсінуін туғызды, себебі қоғам тұлғаның ішкі дүниесі мен оны мазалаған мәселелер туралы бас ауыртпады;
4) Бұрынғы философиялық жүйе ХХ ғасыр адамын толғантқан сұрақтарға жауап беруге қабілетсіз еді, “Жалпы адам дегеніміз не?” деген сұрақтарпен шектелмей, “Мен кіммін?” сауалын қоятын философиялық бағыттарға қажеттілік туды. Қазіргі заманғы Батыс философиясында толып жатқан, кейде бір-біріне қарама-қарсы ағымдар бар. Әрбір дерлік ағымда іштей бір-біріне қарама-қарсы бағыттар да бар. Буржуазиялық философиялық ой-пікірдің марксистік философиямен қарама-қарсылығын былай қойғанда, оның өз ішінде де материализм мен идеализмнің күресі жүріп жатады.
Мұның негізгі себебі XX ғасырдағы капиталистік қоғам бастан кешіп жатқан жалпы рухани дағдарыстың негізгі белгілерінде жатыр. Бүгінгі буржуазия философиясы саясат пен идеологияның бұрын болып көрмеген тікелей ықпалын бейнелеңдіруде. Батыстың философиялық білімінің саясаттануына және идеологиялануына капитал елдерінде тап күресінің шиеленісуі, дамыған елдер мен тәуелді елдер арасындағы қайшылықтардың терендей түсуі, қазіргі ғылыми-техникалық революциядан туған дүниежүзілік проблемалар т.б. зор әсерін тигізуде. Сондықтан да болар, қазіргі Батыс философиясыңда толып жатқан ағымдар мен бағыттар бар. Қазіргі батыстық философияда мынадай ағымдарды және олардьң тармақтарын атауға болады: позитивизмнің қазіргі түрі-неопозитивизмнің тармақтары; экзистенциализм жөне иррационализмнің басқа түрлері; діни философияның түрлер- неотомизм, персонализм т.б.
Бұлардан басқа тағы да прагматизм, философиялық антропология, феноменология деген түрлері бар. Бұлардың барлығы, сайып келгенде, субъективтік және объективтік идеализмдердің бағытын ұстайды. Қазіргі заманғы батыстық буржуазия философиялары идеалистік түрғыдан осы күнгі өмірдің жаңалықтарына бейімделуге тырысады. Мәселен, діни философиялар өздерінің қоғамдағы орнын әлсіретпеу мақсатымен ғылымның ең соңғы жаңалықтарына бейімделуге тырысады. Қазіргі ғылыми білімге бейімделуді түрліше философиялық ағымдар түрлі әдістермен жүзеге асырады. Мысалы, неопозитивизм сырттан қарағанда ғылымды жақтайтын сияқты, бірақ оның дүниекөзқарастық маңызын жоққа шығарады. Неопозитивистер әдетте дүниеге көзқарастық мәселелерді жалған проблемалар деп жариялап, ғылымды көзқарастық проблемалардан «тазартуға» тырысады, философияның міндеті негізінен ғылым тіліне түрліше логикалық талдаулар жасау болуы тиіс дейді. Дүниекөзқарастық меселелерді жоққа шығару - қазіргі батыстық философияларға тән бірінші ерекшелік. Қазіргі батыстық философияның ағымдарына тән екінші ерекшелік - өткендегі прогресшіл дәстүрлерден бас тарту.
Егер XVIII—XIX ғасырлардағы буржуазиялық философиялар феодализмнен капитализмге өтуді теориялық жағынан негіздеуді көздей отырып, ғылыми білімді дамытуды жақтаған болса, XX ғасырда жағдай өзгерді. Саяси жағынан үстем тап болып алған буржуазия енді әлеуметтік тәртіптерді (капиталистік қатынастарды) түбірлі өзгертуге мүдделі болмай қалды. Осыған сейкес қазіргі қалыптасқан капиталистік қатынастарды бейнелендіруші буржуазиялық философиялар да буржуазиялық тұрмыс жағдайларының өзгермейтінін, мәңгілігін дәлелдеуге тырысады. Өткендегі прогресшіл дестүрлерден бас тарту буржуазиялық ой-пікірді диалектикадан бас тартуға алып келді.
Бұл, атап айтқанда, буржуазиялық философтардың Гегельдің диалектикасына теріс қарауға, оның ілімін релятивистік және иррационалистік түрғыдан түсіндіруге тырысуларынан көрінеді. Ал диалектиканы мойындаудан қорқу буржуазиялық философияны тарихи прогресс идеяларынан бас тартуға алып келді: бірінші позитивистер "прогресс" ұғымын "эволюция" ұғымымен ауыстырды; жаңа кантшылар прогресс ғылымға жатпайтын категория деп санады; экзистенциализмнің өкілдері бірінен соң бірі келіп отыратын цивилизация деген ұғыммен ауыстырды. Неопозитивизм прогресті "метафизикалық функция" деп атады.
Батыс философиясы үшін ХІХ-ғасырдың соңы мен ХХ-ғасыр - дәуірдің өзіндік санасы айқын көрініс тапқан және тарих пен мәдениет дамуының логикасы бұрынғыдан өзгеше түсіндірілген неше түрлі бағыттарға толы ерекше кезең болды. ХІХ-ғасырдың соңынан бастап Батыс философиясында философияның жаңа, классикалық емес типі қалыптаса бастады, және ол ХХ-ғасырда қарқынды дамыды. Оның құрамына неотомизм, экзистенциализм, позитивизм, постмодернизм, структурализм және тағы басқа бағыттар кіреді. Оларға белгілі бір деңгейде тұтастық тән деуге болады, бірақ айқын білінетін ерекшеліктері де бар.
ХХ-ғасыр философиясының қалыптасу шарттары туралы айтсақ:
1) ХХ-ғасырда Европа басынан кешкен тарихи-әлеуметтік өзгерістер, әсіресе, бірінші және екінші дүние жүзілік соғыстарда қоғам мүшелерінің бойында үрей мен қорқыныш, адамзат пен жеке адамның болашағына деген сенімсіздік туғызды;
2)Қоғам дамыған сайын оның өміріндегі қарама-қайшылықтар күшейе түсіп, адамзат пен өркениеттің алдында шешімі қиын, жаңа діни ұлттық, этникалық мәселелер пайда болды, оларды шешуге дәрменсіз қоғамды дағдарыс жайлады;
3) Бұл қоғамдық дағдарыс жеке адамның жаттануы мен өгейсінуін ту-ғызды, себебі, қоғам тұлғаның ішкі дүниесі мен оны мазалаған мәселелер туралы бас ауыртпады;
4) Бұрынғы философиялық жүйе ХХ-ғасыр адамын толғантқан сұрақ- тарға жауап беруге қабілетсіз еді, «Жалпы адам дегеніміз не?» деген сұрақ- пен шектелмей, «Мен кіммін?» сауалын қоятын философиялық бағыттарға қажеттілік туындады. Енді осы бағыттардың ең негізгілерінің мазмүнын қысқаша ғана қарастырайық.
Осындай бағыттардың бірі – психоанализ – ХІХ-ғасырдың соңында психиатрия шеңберінде истерияны, невроздарды «катарсис», өзін-өзі тазарту әдісі ретінде пайда болып, кейінірек австриялық невропатолог Зигмунд Фрейд (1856-1939) адам жанының тылсым байланыстары мен негіздерін зерттеуге бағытталған психологиялық доктринаға айналдырған ілім. З.Фрейд адам психикасы өзінің сипаты бойынша «саналыдан» (сознательное) ғана емес, «бейсаналыдан» (бессознательное) және «саналының алдындағыдан» (предсознательное) да тұратын компоненттерден құрылған белгісіз конгломерат екендігі туралы қорытындыға келді. Фрейд бейсаналыны факт, адам рухының саласы және адам қызметінің ажырамас бөлігі ретінде түсінді. Бейсана процесстердің мәнін түсінуге тырысқан Фрейд бейсаналыны сараптай келіп, оның мынадай түрлерін бөліп көрсетеді.
Біріншіден, жасырын, тылсым, латентті: бірдеңе туралы саналы түсінік, ол кейін осындай күйде қалмауы да, ал белгілі бір қолайлы жағдайларда қайтадан саналы болуы да мүмкін. Бұл түрді Фрейд сананың алдындағы деп атайды. Екіншіден, шығарылып тасталған бейсаналы, оларға белгісіз күштер кедергі жасағандықтан саналы бола алмайтын түсініктер, осылар бейсаналы, немесе шығарылып тасталған бейсаналы деп аталады, оларға кедергі күштерді арнайы психоаналитикалық процедуралардың көмегімен ғана жоюға болады. Бейсаналыны Фрейд адам психикасының мәнін құрайтын басты компонент, ал саналыны бейсаналының үстіне құрастырылатын, бейсаналыдан туындайтын ерекше инстанция деп есептеді. Тұлғаның моделін Фрейд мынадай үш элементтен тұратын үлгіде жасайды: «Ол» (Оно) бейсана құштарлықтардың терең қабаты. психикалық «өздік», әрекет етуші индивидтің негізі, тұлғаның баска құрамдас бөліктерінің жұмыс жасау зандарынан өзгеше өзіндік заңдарды басшылыққа алатын психикалық инстанция; «Мен» – саналылық саласы, адамның ішкі, бейсаналы дүниесі мен сыртқы реалдылықтың арасын жалғастырушы; «Меннен Жоғары» ( Sиреr-еgo) – ішкі тұлғалық ұят, қоғамдық қағидалар, моральдық цензура, бейсаналы мен саналының арасын жалғастырушы. Фрейдтің пікірінше, адамның мінез-құлқы, тәртібінің негізі оның бейсаналы құштарлықтары, ал алғашқы құштарлықтарды құрайтын сексуалдық құштарлықтар, немесе, либидо.
Психоанализдің гуманистік психоанализ немесе неофрейдизм деп аталатын бағытының негізін салушы неміс-американдық философ, психолог, социолог Э.Фромм (1900 -1980) Фрейдтің биологизмін, либидо теориясын. табиғилық пен әлеуметтікті қарама-қарсы қоюын, психологияны философия мен этикадан бөлектеуін сынады. Ол адамды әлеуметтік тіршілік етуші, табиғи және адамдандырылған дүниемен үнемі байланыс жасаушы ретінде қарастырады. Оның ойынша. Фрейдтің ілімі адамды тереңірек тануға мүмкіндік бергенімен, оның өмірінің мән-мағынасы, моральдық және этикалық нормалар туралы, адам қалай өмір сүруі керек және не істеуі тиіс деген сұрақтарға жауап бермеді. Э. Фромм К.Юнгтің аналитикалық психологиясы да адам өмірінің мәні мәселелерін назардан тыс қалдырды деп есептеді. Адамның этикалық мінез-құлықтарының бастауын адамның өзінен іздеген гуманистік этиктердің еңбектеріне сүйене отырып, Фромм моральдық ұстанымдар адамның ішкі қасиеттеріне негізделген болуы керек, әйтпесе оларды бұзу тұлғаның психикалық және эмоциялық құлдырауына әкеледі деген тұжырым жасайды. Осыдан келіп гуманистік психоанализдің мақсаты шығады – гуманистік этиканың құндылықтарын меңгеру, өзінің ішкі табиғатын танып-білу және «өмір өнерін» игеру арқылы адамның ішкі мүмкіндіктерін дамытуына, өмір сүруге ұмтылуына ықпал ету.
Достарыңызбен бөлісу: |