Пайдаланған әдебиеттер:
1.Хасанов М. Петрова В.Джамбаева Б. Философия. А.,2014ж
2. Нұрышева Г.Ж. Философия Алматы,.2013
3. Бегалинова К.К., Альжанова У.К. Философия I, II том. Алматы, 2010
4. Аташ Б.М. Философия, Алматы, 2014
5. Нұрышева Г.Ж. Өмірдің мәні: философиялық-антропологиялық
талдау. Алматы, 2011.
6. Грядовой Д.И. Философия. М.,2012
7. Лавриненко В.Н. Философия. Учебник для вузов.М.,2012
8.Иманқұл Н. Философия әлемінде: болмысы мен тарихы. А ., 2006
9. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша философия тарихы. А., 2009.
10. Алтай Ж., А. Қасабек А., Философия тарихы. А., 2008.
11. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша филасофия тарихы. А., 2009.
12. Дүниежүзілік философияның онтологиясы. 12 томның 10Т. 2009.
13. Алексеев П.А. Панин А.В. Философия Учебник для вузов. -М., 2006
14. Әл-Фараби. Шығармаларының 10 томдық жинағы. – Алматы, 2005-2008.
15. Мырзалы С.Философия– Алматы, 2008.
№3. Дәріс.
Тақырыбы: Антикалық философиясы: антика дүниесінің ғылыми бастаулары
1. Көне Греция философиясының даму ерекшеліктері
2.Антикалық философиясының материализімді негіздеу идеялары
2.Сократ философиясындағы адам мәселесі.
3.Платон және Аристотель философиясы
Антикалық пәлсапа алғашқы қауымдық құрылыстың орнына құл иеленушілік құрылыс келген дәуірде өмірге келді.
Ертедегі Грекияның алғашқы философтары стихиялы материалистік бағытты ұстануымен ерекшеленеді. Олар бүкіл дүниені тұтастай алып қарап, әлемнің, дүниенің түп негізін, алғашқы бастамасын табуға тырысты. Антикалық философтарды «физиктер» деп атаған. Себебі, олар философиялық ойларын табиғат құбылыстарымен байланыстыра отырып тұжырымдаған. Мұндай философиялық пікірді философияда «натурфилософия» деп атайды.
Дүние қалай пайда болды, қалай жаратылды, ең бірінші не пайда болды деген сұраққа ерте грек ойшылдары жауап бере отырып, өз пікірлерін алға тартты.
Ертегірек (антикалық) философиясы өзінің даму тарихында үш кезеңнен өтті:
Сократқа дейінгі кезеңдік философия (б.д.д. 7-6 ғ.ғ.). Бұл кезеңде натурфилософиялық көзқарас басым болды. Милет, Элей, Пифагоршылдар, Софистер мектебінің қалыптасуымен қатар атомдық көзқарастың негізі қаланады.
Классикалық кезең (б.д.д. 4ғ.). Платон мен Аристотель философиялық еңбектерімен ерекшеленеді.
Римдік-эллиндік кезең (б.д.д 3ғ. соңы мен б.д. 3ғ. басы). Стоиктер, скептиктер және эпикуршілдік мектептер басымдылық танытқан кезең.
Достарыңызбен бөлісу: |