Пайдаланған әдебиеттер:
1.Хасанов М. Петрова В.Джамбаева Б. Философия. А.,2014ж
2. Нұрышева Г.Ж. Философия Алматы,.2013
3. Бегалинова К.К., Альжанова У.К. Философия I, II том. Алматы, 2010
4. Аташ Б.М. Философия, Алматы, 2014
5. Нұрышева Г.Ж. Өмірдің мәні: философиялық-антропологиялық
талдау. Алматы, 2011.
6. Грядовой Д.И. Философия. М.,2012
7. Лавриненко В.Н. Философия. Учебник для вузов.М.,2012
8.Иманқұл Н. Философия әлемінде: болмысы мен тарихы. А ., 2006
9. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша философия тарихы. А., 2009.
10. Алтай Ж., А. Қасабек А., Философия тарихы. А., 2008.
11. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша филасофия тарихы. А., 2009.
12. Дүниежүзілік философияның онтологиясы. 12 томның 10Т. 2009.
13. Алексеев П.А. Панин А.В. Философия Учебник для вузов. -М., 2006
14. Әл-Фараби. Шығармаларының 10 томдық жинағы. – Алматы, 2005-2008.
15. Мырзалы С.Философия– Алматы, 2008.
№5. Дәріс.
Тақырыбы: Қайта өрлеу философиясы (Ренессанс)
1. Қайта өрлеу философиясының ерекшелігі.
2. Қайта өрлеу философиясындағы гуманизм .
3. Қайта өрлеу дәуірі кезеңіндегі ғылым
XV ғасырдың аяғында өндірістің, сауданың, әскери құралдың жедел қарқынмен өсуі техниканың, табиғаттану ғылымдарының, математиканың, механиканың дамуына себепші болды. Ал, қоғамдық өмірде қалыптасқан бұл жайлар схоластикалық ой-пікірлерден тазарып, таза табиғаттану ғылымдары тұрғысынан әлемдік процестерді және адам табиғатын түсініп- білуге жол ашты. Адамдардың өмірі мен іс-әрекеттері тікелей бағынышты табиғат заңдылықтарын танып-білуге барлық ғылымдарға тән универсалдық (әмбебаптық) тәсілдің маңызы зор деп есептелініп, сондай әмбебаптық тәсіл ретінде көбінесе логикалық ойға және тәжірибеге сүйенген математикалық, кейінірек механикалық тәсіл ұсынылды.
Қайта өрлеу кезеңі философияның гуманистік сарында болуына католиктік шіркеудің рухани қыспағынан құтылуға ұмтылған адамдардың еркіндік, бостандық туралы идеялары ықпал жасады. Жалпы алғанда қайта өрлеу философиясы негізгі үш бағытта дамыды. Біріншісі (Н.Кузанский, Пикоделла, Мирандолла, Леонардо да Винчи т.б.) адамның еркін, бостандығын өздерінің философиялық ілімдерінің негізгі өзегі етіп қабылдап рухани өмірде, мәдениетте гуманизм деген бағытты дүниеге әкелсе, Екіншісі — (Н.Макиавелли, Томас Мор, Томазо Кампанелла) адам бостандығын жүзеге асыруға кедергі болып отырған қоғамдық құрылысты сынап, утопиялық-социалистік идеяға бой ұрса, Үшіншісі — (Н.Коперник, Д.Бруно, Г.Галилей) табиғаттану ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып, христиан дінінің әлемнің пайда болуы және оның құрылысы туралы іліміне сәйкес келмейтін, табиғат құбылыстарын өз заңдылықтарына сүйеніп түсіндіруге болатын көзқарастың дамуына үлкен әсер еткен революциялық жаңалықтар ашты.
Схоластикалық философиядан гуманистік идеяға толы философиялық көзқарасқа жол ашқан неміс ойшылы Николай Кузанский шын аты-жөні Николай Кребс (1401-1464 ж.) болды. Негізгі еңбектері: «Мүмкіндіктің болмысы туралы», «Жер шарының айналуы туралы», «Құдайдың көріпкелдігі туралы» т.б. Кузанский пікірі бойынша, әлем қарама-қарсы заттардан тұрады және олар, математикадағы теңдеудің екі жағындағы мүшелерінің бір- біріне өте алатыны сияқты, бір-біріне ауысып отырады. Ауысқан қарама-қарсылықтардың теңесуі тек құдайға ғана тән. Жалпы алғанда материалдық денелер құдай жаратқаннан кейін өз заңдылықтары бойынша дамып өзгеріп отыратын болғандықтан, оларды танып білуге болады. Бұл ретте адамдарға математикалық тәсіл мен тәжірибе көмектеседі. Кез келген теориялар мен концепцияларды тәжірибеде дәлелдеуге, не болмаса теріске шығаруға болады. Адамдар да заттар сияқты микрокосмосқа жатады және ол құдайдың көрінісі болып табылады. Бірақ өзінің ақыл-ойының, іс-әрекетінің арқасында құдаймен қатар тұрады. Осыдан келіп, «адам дегеніміз оның ақыл-ойы» — деп тұжырымдады. Ақыл-ойды табиғаттың заңдылықтарын білу арқылы үздіксіз толықтырып отыру қажет. Гуманистік ойды қалыптастырып, оны жалпы адамзаттық мәдени құбылысқа айналдыруда Италияның ұлы суретшісі, табиғат зерттеуші ғалым, көрнекті философ Леонардо да Винчидің (1452-1519 ж.ж.) қосқан үлесі өте зор болды. Да Винчидің философиясы беделдіктің әсерінен бас тартып, тәжірибеге, адамның ақыл-ойының күшіне сену негізінде табиғаттың бірлігін адамзат мәдениетінің өміршеңдігін дәріптеумен ерекшеленеді. Ол осы тұрғыдан ортағасырлық схоластиканы сынға алып, оны софистика сияқты пайдасы жоқ ілім деп есептеді. Жалпы алғанда Да Винчи «философиялық тас» іздестірудің өзі пайда бермейтін іс, себебі табиғат құдайдың заңдылығына емес, өзінің қажеттілік заңына бағынады да, үздіксіз өзгерісте, даму үстінде деп тұжырымдайды. Мысалы, белгілі бір жағдайда су буға, бу мұзға, мұз қайтадан суға айналады.
Да Винчи Әл-Фраби мен Ибн Руштың «екі ұдай ақиқат» теорияларына қарсы болды. Оның ойынша, діни ақиқат деген жоқ, себебі құдайдың өзі де жоқ, шын ақиқат — тек ғылыми ақиқат қана. Ғылымда табысқа жетудің бірден-бір жолы — математика тәсілі мен тәжірибе. Жаллпы ғылыми жетістіктердің құндылығы олардың практикада қолданылуға мүмкіндігінің болуымен айқындалады. Осы тұрғыдан ол механикаға аса зор көңіл бөліп, өзі осы айтылған қағидалар негізінде көптеген инженерлік идеяларды жүзеге асыруға тырысты (парашют, ұшатын қанат, тоқыма станогі т.б.)
Леонардо Да Винчи алғашқылардың бірі болып сурет өнері саласында сынның мазмұны туралы пікір айтып, эстетикалық талғамның қалыптасуына үлкен әсер етті.
Адам — еркін, бостандығын жүзеге асыруда қоғамның мемлекеттік рөлін көрсететін ағымдардың ішінде ерекше орын алатын италияндық саяси қайраткер және тарихшы Николай Макиавеллидің (1469-1527 ж.ж.) ілімі еді. Негізгі шығармалары: «Билеуші және Тит Ливидің бірінші декадасытуралы пікірлер», «олардың принциптері» (қағидалары)т.б. Макиавелли Тит Ливидің шығармалары негізінде саяси іс-әрекет тәртібін жүйелеп, христиандыққа дейінгі Рим империясының этикасымен күшін дәріптейді. Мемлекеттің қайсысы болса да, римдіктердің күші мен ұлылығы сияқты қасиетке ие болуы үшін, өз іс- әрекеттерінде дұрыс деп тапқан тиісті шараларды қолданулары қажет. Ал бұл жолда әдептілік қағидалары мен азаматтық бостандық ығыстырылып, ескерілмей қалса, онда тұрған ештеңе де жоқ, билеуші оған көңіл бөлмеуі керек. Макиавеллидің бұл ілімі «макиавелизм»деп аталып кеткен, саясатта өз мақсатыңа қалай жетсең де дұрыс деген қағиданың қалыптасуына әкеп соқты. Сол кездегі қоғамның халықтың әлеуметтік талап-сұраныстарын шеше алмауы негізінде утопистік (қиялы) социалистік идеялар пайда болды.
Томас Мор (1478-1535 ж.ж.) «Утопия», Томаза Компанелле (1568-1639 ж.ж.) «Күн дала» атты шығармаларында «беймәлім жерде», «күн қалада» әділетті қоғам орнаған, оларда байлар да, кедейлер де жоқ, бұл мемлекеттерде меншік иесі — қоғам, ал жеке адамдар сол қоғамның мүшелері ретінде еңбек нәтижелерін тең бөліседі, оларда билеушілер де, қарапайым адамдар да заң алдында тең және олар әр түрлі діндерге дәйектілікпен қарайды. Бірақ, діндерде өндірістік процестерге кесел келтіретіндей әртүрлі тыйым салатын қағидалар аз болуы керек. Жастарды тәрбиелеу ісі қоғамның қолында болады, ал оларды дінбасылар басқарады.
Т.Мор мен Т.Компанелланың идеалды мемлекет пен қоғам туралы пікірлері әлжуаздығына, қиялилығына қарамастан кейінгі социалистік ілімдердің қалыптасуына әсер етті.Әлемдегі процестерді өз заңдылықтарына сүйеніп, түсіндіруге бағытталған Н.Коперниктің (1473-1543 ж.ж.) негізгі еңбегі — «Аспан денелерінің айналуы туралы» әлемнің күн орталық жаратылысы қағидасының негізінде Джордано Бруноның (1548- 1600ж.ж.) философиялық көзқарастары қалыптасты. Негізгі еңбектері: «Себептілік, бастама және біртұтастық туралы», «Әлемнің және заттардың шексіздігі туралы», т.б.Бруноның пікірінше, табиғаттан тыс ешқандай күш жоқ. Ол кеңістікте де, уақытта да шексіз, ал қозғалыс оның өмір сүру тәілі. Табиғат өз заңдылығымен өмір сүреді. Әлем мен құдай бір. Әлем — универсум (әмбебап бастама), жалғыз ғана мәнділік. Сондықтан ол мәңгі және өзгермейді. Ал әлемге кіретін денелер сансыз көп, олар үздіксіз қарапайым және өзгерісте болады. Барлық заттар өшпейтін, мәңгі, қозғалыста бөлшектерден тұрады.
Оларды Бруно — монада деп атады. Монаданың материалдық денелерге ғана емес, психикаға да қатысы бар. Ал психикалық құбылыс барлық заттарға тән болғандықтан әлемде жансыз денелер жоқ. Осыдан келіп Бруно әлемде шексіз және сансыз көп тіршілік түрлері болуы әбден ықтимал деген тұжырым жасайды. Бруноның көзқарасынан жүйеленген түрде қолданылған Демокрит пен Гераклиттің ілімдерінің ықпалын байқаймыз.Жалпы алғанда, қайта өрлеу философиясы антика философиясындағы гуманистік дәстүрді, ортағасырлық шығыс мәдениетінің алдыңғы қатарлы ойларын өз заманының талап- тілегінің қажетіне жаратып, жаңа заман ғылыми көзқарасының қалыптасуына зор ықпал етті. Өндірістік тәсіл мен құралдардың жедел қарқынмен дамуына байланысты, қалыптаса бастаған қоғамның жаңа талап, сұраныстарын қамтамасыз етуге ескі схоластикалық ілім мен діни көзқарастар кедергі болды.
|
Достарыңызбен бөлісу: |