Философия кафедрасы


Дәріс №9. Өзін-өзі тексеру сұрақтары



бет5/6
Дата20.06.2018
өлшемі0,62 Mb.
#43825
1   2   3   4   5   6

Дәріс №9. Өзін-өзі тексеру сұрақтары

  1. Неміс классикалық философиясындағы көрнекті тұлғаларды есіңізге түсіріңіз.

  2. Кант «сынға дейінгі» өмір кезеңінде қандай гипотеза ұсынды?

  3. Гегельдің философиялық жүйесі.

  4. Диалектиканың негізгі зандарын атаңыз.

  5. Фейрбахтың «сүйіспеншілік» ілімі.


10-дәріс. XIX ғ. мәдениетіндегі батысеуропалық философия
Классикалық неміс философиясы әлемдік философияның дамуына зор ықпал етті. Ол онтологиялық және гносеологиялық мәселелерді, яғни болмыс, мән, таным және өзге де философиялық мәселелерді идеалистік тұрғыда шегіне жете зерттеп, дамытты.

Алайда, XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап, классикалық философия дәстүрі әртүрлі сынға ұшырап, екі жарым мың жылдық тарихы бар философиялық мән мен таным мәселесінің орнына «өмір», жеке адам, құбылыс, психологиялық және т.б. мәселелерді қарастыру белең алды. Осы дәуірде классикалық неміс философиясын, әсіесе гегельдік философияны сынаудың екі бағыты көзге түсті:

«сол жақтан сынау», материалистік философия өкілдері - Л.Фейербах, К.Маркс, Ф.Энгельс;

«оң жақтан сынау», идеалистік «бейклассикалық» философия өкілдері;

Сонымен бірге «Кантқа қайта оралу», «Гегельге қайта оралу» деген ұранмен неокантшылдық, неогегельшілдік философиялық мектептер пайда бола бастады:

Неокантшылдық мектептер. Марбург мектебі - Канттың таным теориясы, логика мәселелерімен айналысты. Бұл мектеп - Герман Коген (1842 - 1918), Пауль Наторп (1854 - 1924), Кассирер (1874 - 1945), Ганс Файхингер (1852 - 1933);

Бадендік (Фрейбургтік) мектеп - Канттың әлеуметтік философиясы мәселелерімен айналысты. Өкілдері - В. Виндельбанд (1848 - 1915), Генрих Риккерт (1863 - 1936);

Неогегельшілдер - Рихард Кронер (1884-1974), Г.Лассон (1862 Бейклассикалық идеалистік философияның негізінен екі бағытта кең тарады: иррационализм және «өмір философиясы»;



Иррационализм – табиғатта, қоршаған дүниеде логикалық қисынды байланысты жоққа шығарады. Иррационализмнің негізгі идеясы - қоршаған дүниенің бәрі бөлшектенген байланыссыз хаос, ішкі заңдылықтары жоқ, ақыл-парасат бақылауына бағынбайтын, тек ерік-жігерді қозғаушы күш деп түсіну. Иррационализмнің көрнекті өкілі – Артур Шопенгауэр.

Шопенгауэрдің «Дүние, ырық және елестету» деген еңбегінің төртінші кітабында философтың құнды идеяларының бірі анығырақ баяндалған. Дүниені елестету арқылы оны әрі сенімді, әрі анық тануға мүмкіндік туады. Осыдан соң ғана ырықтың алдында оның өзін жарқырата көрсететін айна пайда болады. Ол айнадан ырық өзін өзі толығырак, анығырақ, үнемі өсіп отыратын дәрежеде танып, соның ең жоғарғысы адам ырқы екеніне көз жеткізеді. Бірақ адамның мәні оның іс-қимылы мен әрекетінің байланыстары арқылы белгілі болады. Осындай саналы бірлік ақылдың, зерденің пайда болуына жеткізеді, ал одан тұтастықты қамтуға мүмкіндік туады. Органикалық емес нәрселердің, өсімдіктердің табиғаты мен оның заңдарындағы бізге көрінбейтін ырық соқыр, бой бермейтін ұмтылыс қана. Оның өзі не істеймін десе сонысы болмай қоймайтын осы дүние, өмір. Сондықтан біз өмірдің құбылысын ырықтың айнасы, оның нысаны дейміз. Ал ырықтың ең қажеттісі - ол өмір. Өйткені өмір дегеніміз елестетуге арналған осы ырықтың бейнесі ғана. Ендеше бұл ырық немесе «өмірге қарай ырық» деген сөз.

Иррационализмнің барынша өріс алып, әсіресе, XX ғасырда негізгі ағымдардың тұтқасына айналуына үлес қосқан ойшыл, неміс философы Фридрих Ницше (1844-1900) болды.

Ф.Ницше бүкіл адамзаттың ғасырлар бойы қалыптасып келген салт-санасы мен дәстүріне, әсіресе, философияда зердеге қарсы шықты. Ол бүкіл философия тарихына қайтадан шолу жасап, ескі соқпақты жолдардан бас тартып, бұрын-соңды болмаған бағытқа бет бұрды. Ол көне грек тарихының бүкіл проблемаларын, ондағы философиялық, ойлардың пайда болуын сол кездегі халықтың музыкалық рухына және олар өмір сүрген дәуір деп тіршілік қарекетіне байланысты деп есептеді. Осыдан келіп, философ олардың күнделікті мүшкіл халінен туған рухты шебер тілмен суреттеп берді. Мұндай жаңалық философия тарихында бұрын-соңды болмаған еді. Ол өзінің шығармасында көне грек мәдениетін, әдебиетін және өнерін жетік білетіндігін көрсетіп қана қоймай, сол кездегі рухани дүниені танудың жаңа бір әдісін тапқандай болды.

Ф.Ницше өмірдің негізінде ерік, жігер, құлшыныс жатыр дейді. Оның философиясының негізі – билікке деген ерік. Билік – ғарыштық күш, ол бар өмірдің өзегі.

Психоанализ деп бейсаналықтың қоғам мен адам өміріндегі өзге де психикалық процестердің себептерін, маңызын түсіндіретін қазіргі заман философиясының бағытын атайды.

Психоананализ теориясын австриялық ғалым-психиатр Зигмунд Фрейд (1856 - 1939) салды. Психоанализдің бастамасы ретінде З.Фрейд екі жаңалық ашты:

■ бейсаналық - ерекше психикалық шындық, сананың бақылауына келмейтін, адам санасынан тыс жататын психикалық құбылыстар, жағдайлар және әрекеттер жиынтығы;

■ ығыстырып шығару реакциясы- психологиялық қорғаныс әдісі ретіндегі психиканың тендігі мен салауаттылығын бұзатын теріс эмоцияны, теріс тәжірибені санадан бейсаналыққа ығыстырып шығару реакциясы.

Өмірдегі теріс эмоциялар, жүзеге аспаған үміт, арманның бәрі ерте ме, кеш пе санадан бейсаналыққа ығыстырылып шығарылады, сөйтіп ол «кездейсоқтық», оғаштық мінез-құлықтарда, жаңылу, бейадекватты іс-әректтерде көрініс табады.

З.Фрейд ілімінің негізінде философиялық неофрейдизм ағымы пайда болды. Оның өкілдері: А.Адлер, К.Г.Юнг, Э.Фромм.



Карл Густав Юнг (1875 - 1961) – архетиптер теориясын қарастырды. Архетиптер - әмбебап бейнелер, жалпы адамзаттылық ығыстырылған өмірлік энергияның «коды». Архетиптер - барлық адамдарда туа біте пайда болатын «ұжымдық бейсаналық» құрылымы, адамзаттың «шифрленген» құпия тарихы, ізгі ақиқаттар. Олар адамның ұжымдық өміріне, шығу тегіне байланысты. Архетиптер адам психикасында тұқым қуалау арқылы тарихи сақталады. Архетиптер адамға түс көру, бейне, әпсана, парапсихологиялық эффект, қиял, галлюцинация арқылы көрінеді. Оларды санамен, парасат, ақылмен байқауға болмайды, архетиптер - тылсым, құпия дүние. К.Юнгтың пікірінше философия мақсаты - адамға архетиптерді «ашып беруге» көмектесу, оның мағынасын, мәнін ұғыну, сол арқылы өзін жәнс қоршаған шындықты тану.

Позитивизм (лат.т. «оң», «жағымды» деген сөзінен шыққан) - 30 - 40 жылдары пайда болған философиялық бағыт. Позитивизм ғылымды философияға қарсы қоятын, философиялық мәселелерді терістейтін, тек арнайы, «оң» ғылымдардың білімін мойындайтын философиялық ағым.

Өзінің дамуында позитивизм төрт негізгі кезеңнен өтті.

1.Классикалық позитивизм; (О.Конт, Г.Спенсер);

2.Махизм;

3.Неопозитивизм;

4.Постпозитивизм.

Позитивизм негізін француз философы Огюст Конт (1798 -1857) салды. Ол ғылымға «социология» деген терминді енгізді.

О.Конттың негізгі шығармалары: «Позитивтік философия курсы», «Позитивтік философияға жалпы шолу».

О.Конттың пікірінше идеализм мен материализм арасындағы философиялық айтыстың негізі жоқ, әрі мағынасыз. Философия материализмнен де, идеализмнен де бас тартып позитвтік білімге көңіл бөлу керек. Ол дегеніміз-философиялық білім абсолютті дәлелденген, әрі анық болуы керек және оған жету үшін философия танымда ғылыми әдісті қолданып, өзге ғылымдардың жетістіктеріне сүйенуі қажет.
Дәріс №10. Өзін-өзі тексеру сұрақтары


  1. Маркстік философияның негізгі қағидасы қандай?

  2. Маркс дамудың қайнар көзін неден іздейді?

  3. Шопенгауэр философиясының негізінде не жатыр?

  4. ХХ ғасырдың адамзат тарихындағы ерекше орны және оның философиялық ой-пікірге тигізген ықпалы.

  5. Фрейд адам психикасын қандай қабаттарға бөледі?


11-дәріс. Орыс философиясы
Орыс философиясының орталық идеясы адамзат тағдыры мен жалпы өмірдегі Ресейдің ерекше орны мен рөлін негіздеу және іздестіру болды. Және бұл орыс философиясын түсіну үшін маңызды, өйткені ол тарихи дамуының өзгешелігіне орай өзінің ерекше белгілерімен көзге түседі.

Орыс философиясы қалыптасуының бастапқы кезеңі – XI - XVII ғасырлар, өзінің пайда болған кезінен ол әлемдік философиямен байланыстылығымен сипатталады, бірақ сонымен қатар оның төлтумалылығын да теріске шығаруға болмайды. Ол Киев Русінде пайда болады және 988 жылы Русьтің шоқынуынан басталған христиандандыру үдерісімен байланысты болды. Өзінің пайда болуында ол, бір жағынан, славяндық пұтқа табынушылық дүниетанымының бірқатар белгілері мен бейнелерін қабылдаса, екінші жағынан, христиандықты қабылдау нәтижесінде Византиямен байланыс орнатып, сол арқылы антик философия-сының көптеген идеяларын бойына сіңірді. Мұнан өзге Византиямен қатынас Ресейге шығыстық христиандық философия тұжырымдамаларының бекітілуіне ықпал етті. Осылайша орыс философиясы философиялық ой дамуының негізгі бағытына сай дами отырып, христиандандырылған күйінде болса да антиктік, византиялық, ертеболгар дүниетанымы идеяларын бойына

сіңірді. Оның үстіне орыс философиясы IX ғасырда Кирилл мен Мефодий қалыптастырған өзінің жеке жазба тілін әуел бастан қолданды.

Философиялық білім дүниетанымдық функциямен қатар данышпандық қызметті де атқарады, ал Ертедегі Русьтің рухани өмірі монастырларда (ғибадатханаларда) шоғырланғандықтан, бұл философиялық ілімнің сипатына өз әсерін тигізді. Жалпы алғанда, философиялық және тарихи ой христиандық принципіке негізделді.

Адамзат пен орыс халқы тағдырларын философиялық пайымдауда әуел бастан-ақ патриотизм мен тарихи тереңдік орын алады. Ең алғашқы орыс философы - киевтік митрополит Илларион (XI ғасыр) «Заң және береке туралы» сөзінде-ақ «орыс жерінің» қасиетті дүние құдіретінің жалпыәлемдік үдерісіне енуін дінтанулық тарихи тұрғыда негіздейді. Оның жұмысында Ресейдің тағдыры және орыс халқы мен орыс мемлекетінің әлемдегі мәні мен мақсаты туралы терең пайымдаулар кездеседі.

Сонымен орыс философиясындағы ой «орыс идеясы» ағымында қалыптасты. Ресейдің ерекше тағдыры мен орны туралы идея XVI ғасырда қалыптасып, орыс халқының ұлттық өзіндік санасының алғашқы идеологиялық құралы болды. Орыс идеясы мұнан әрі қарай отандық философияның XIX ғасыры мен XX ғасырдың бастапқы кезеңдерінде қалыптасты. Бұл кезеңдегі оның негізін салаушылар П.Я.Чаадаев, Ф.М.Достоевский, Н.И.Бердяевтер болды. «Орыс идеясы» әлем халықтарын бүтіндей біртұтастыққа біріктіретін жалпыадамзаттық идеяның терең көрінісі болды. Бұл идея бойынша тек Ресей ғана христиандық негізінде бүкіл адамзаттық өркениеттік қозғалыстың басында болуы тиіс.

Орыс философиялық ойындағы қызықты ізденістер XVI— XVIII ғасырлар бойында жалғасын тапты және екі үрдістің қарама-қайшылығы негізінде өтті. Мұның алғашқысы орыс ойының төлтумалылығына басты назар аударып, бұл төлтумалылықты орыстың рухани өмірі өзгешелігімен байланыстырады. Екінші үрдіс Ресейге еуропалық мәдениеттің даму үдерісін тануға тырысты. Бұл үрдіс өкілдерінің айтуынша Ресей Еуропаның даму жолына барлығынан кейін түскендіктен, Батыстан көп нәрсені үйреніп, сол өткен тарихи жолды қайталауы тиіс.

Бұл екі үрдістің айқын теориялық және қоғамдық-саяси тұрғыда қалыптасуы XIX ғасырдың 40-60 жылдары болды. Біріншісін славянофильдер, екіншісін батысшылдар білдірді. Осыған байланысты орыс философиялық ойында екі бағыт қалыптасты. Бұл екі бағыттың да қалыптасуында П.Я.Чаадаев (1794—1856) үлкен рөл атқарды. Өзінің көзқарастарын ол атақты «Философиялық хаттарында» баяндады.

Чаадаев католиктік Батысты дәріптеп, оны Ресейге үлгі тұтты, ал екінші жағынан, Ресейдің Батыстан айырмашылығы оның ерекше «Ғаламдық миссиясында» деп айтты. Сондықтан ол Ресейдегі славянофильдіктің де, батысшылдықтың да негізін қалаушы болып табылады. Әрине, Чаадаев өз позициясының екіжақтылығын түсінді және осыған байланысты орыс халқы өзіне тиесілі идеяны іздестіру үстінде дейді. Ұлттық идея сипатының белгісіздігі туралы автордың пікірі кейінгі орыс қоғамдық ойы өкілдерінің көзқарастарды талдауында айқындала түседі. Бұл екі бағыт та Орыс идеясының мәні мен мағынасын қарама-қайшы кейіпте түсіндіреді.

Ресейдің дамуын еуропалық үлгі бойынша насихаттайтын бағыт - бұл батысшылдық. Бұл бағыттың өкілдері қатарына А.И.Герцен, Н.П.Огарев, К.Д.Кавелин, Н.Г.Чернышевский, Т.Н.Грановский сияқты ойшылдар жатады, олармен В.Г.Белинский, И.С.Тургеневтер тығыз қатынас орнатты. Бұлардың барлығы шіркеуді сынап, материализмге сүйенді, бұл ағымнан орыстың революциялық демократтары өсіп шықты.

Батысшылдар Ресейдің «еуропаландыру» идеясын насихаттады және қорғады. Олардың пікірінше, ел Батыс Еуропаға бағдар ұстай отырып, тарихи қысқа уақыттың ішінде экономикалық және мәдени артта қалушылығын жойып, еуропалық және әлемдік өркениеттің толыққанды мүшесі болуы тиіс.

Славянофильдік болса орыстың ерекше философиялық-идеологиялық ағымы болып табылады. Славянофильдер Ресейдің әлемдегі ерекше мессиандық (құтқарушылық) идеясын негіздеді. Славянофильдік өкілдері батысшылдарға да, революциялық демократтарға да қарсы шықты. Бұл бағыттан діни орыс философиясы өсіп шықты.

Славянофильдіктің негізін қалаушылар: А.С.Хомяков, И.В.Киреевский, К.С.Аксаков, Ю.Ф.Самариндер болды. Бұл идеялық позицияға В.И.Даль, А.Н.Островский, В.И.Тютчев сияқты ақын-жазушылар жақын болды. Бұл қоғам қайраткерлерінің шығармашылығы бойынша, философия - Ресей өркениетті елдермен бірқатар болу үшін Батыстан алынған үлгілердің бірі емес, ұлттық дамудың рухани жетістіктері шеңберіндегі қажетті элемент. Олардың жұмысында тарихтың өзінен туындайтын дербес сара жол мен ерекше міндеттерді шешу үшін орыс ойының қажеттілігі туралы ойы бекітіледі. Орыстың төлтума философиясының зерттеу аймағы осымен сипатталады. Бұл міндеттер мен зерттеу аймағы Православиемен тығыз байланыстырылды.

Славянофильдер Ресей дамуының бүкіл Батыс өркениетінен түбірлі айырмашылығы туралы тезисті ұстанады. Бұл жерде ең алдыңғы орынға діни бастау шығады.

Жоғарыда айтылғандай славянофильдердің бастапқы тезисі Православиенің шешуші рөлін бекіту болып табылады. Олардың пікірінше, дәл осы орыс жерін жаратқан «орыс рухын» қалыптастырады.

Христиан діні үш ірі бағытқа бөлінеді: Католиктік, Православиелік, Протестанттық. Бұл бөліністен кейін «еркіндік бастауы» шіркеулердің кейбіреуінде өзінің мәнін жоғалтқан. Славянофильдер католицизмде шіркеу еркіндігі жоқ деп есептейді, өйткені онда Рим папасының күнәсыздығы туралы догма бар. Протестантизм болса шіркеудің жойылуына әкелетін адами еркіндікті, индивидуалдық бастауды абсолюттендіре отырып, өзге біржақтылыққа ұрынады. Тек православие ғана еркіндік пен қажеттілікті үйлесімді түрде үндестіреді. Еркіндік пен қажеттілік үйлесімділігі мәселесін шешу үшін славянофильдер өздерінің философиялық көзқарастарындағы маңызды принцип - соборшылдық (еркін қауымдастық) ұғымын енгізеді. Бұл ұғымды даярлаған А.С.Хомяков (1804-1860). Ол Русьтегі патриархалдық өмірді қалпына келтіру, «Қасиетті Русь» идеалдарына бет бұру, православиені ең жоғарғы бастау ретіндегі концепциясын бекіту сияқты идеяларды қолданды. Хомяковтың тарихи концепциясында шіркеу «бастапқы нақтылық» болып табылады. «Соборшылдық» ұғымы да осымен байланысты. «Соборшылдық» принципін бекіту индивидуализмді ғана теріске шығару емес, жеке еркіндіктен айыратын ұжымды да мойындамайды.

XX ғасырдың бас кезіндегі қоғамдық-саяси ойдың ең басты бағыттарының бірі діни философия болды. Бұл бағыттың өкілдері - Николай Бердяевтің, Сергей Булгаковтың, Павел Флоренскийдің және т.б. ойшылдардың есімі әлемге белгілі. Олардың шығармашылығына XIX ғасырдағы орыс философиясының дәстүрлерімен қатар (славянофильдерден бастап Ф.Достоевский мен Вл.Соловьевқа дейін), әр түрлі мистикалық және пессимистік көңіл-күйлерге толы сол дәуірдің өзі де үлкен ықпалын тигізді.

Орыстың діни философиясында сыртқы әлемнің танымдылығы туралы көзқарас кеңінен таралған. Бүл көзқарас өзінің шеткі формасында, дәлірек айтқанда объекті сол күйінде интуитивті тікелей пайымдау ілімі формасында көрінеді.

Киреевский және Хомяков бүтін ақиқат тек бүтін адамға ғана ашылады дейді. Тек өзінің барлық рухани күштерін - сезімдік тәжірибе, рационалды ойлау, эстетикалық перцепция, адамгершілік тәжірибе және діни парасатты, - бүтін бір тұтастыққа жинағанда ғана, адам әлемнің нағыз болмысын түсіне бастайды және Құдай туралы жоғары рационалды ақиқатты игереді. Дәл осы бүтіндік тәжірибе көптеген орыс ойшылдарының - С.Трубецкойдың, Е.Трубецкойдың, П.Флоренскийдің, С.Булгаковтың, Н.Бердяевтің, Н.Лосскийдің, С.Франктің, Л.Карсавиннің, А.Лосевтің, И.Ильиннің және т.б. шығармашылық қызметінің негізін құрады.

XIX ғасырдың 60-70 жылдары славянофильдер ілімін жалғастырған түбіршілдер болды. Олардың философиялық ізденістерінің басты идеясы - «ұлттық түбір» Ресей дамуының негізі. Барлық түбіршілдерді олардың дүниетанымының діни сипаты біріктірді. «Ұлттық түбір» ретінде православие идеалдары мен құндылықтары алынды. Бұл бағыттың негізгі өкілдері - А.А.Григорьев, Н.Н.Страхов, Ф.М.Достоевскийлер болды.

Түбіршілдер арасындағы ең көрнекті ойшылдың бірі - Ф.М.Достоевский (1821-1881). Ол философ болмағанымен, таза философиялық шығармалар жазбағанымен, оның философиясы - ол қалыптастырған әдеби кейіпкерлерінің ойынан көруге болады. Оның шығармаларының философиялылығы соншалық, тіпті әдеби-көркем жанр шеңберінен шығып кетеді. Жазушы шығармаларында адам тағдыры мен мәнінің әлем және Құдаймен терең байланыстылығы туралы идеясын көтереді. Достоевский бойынша еркіндіктің «шынайы жолы» бұл Құдай-адамға жеткізетін жол, Құдайдың жолымен жүру. Ол үшін Құдай адамгершіліктің барлық кепілінің негізі болып табылады.

Достоевскийді үрейлендіретін нәрсе - бір нәрестенің болса да көз жасына құрылған әлем мен адамдар әрекетін жарқын болашақтың атымен ақтап алуға бола ма деген мәселе. Оның жауабы дайын - ешқандай да жоғары мақсат бейкүнә сәбидің қайғысы мен зорлықты ақтай алмайды. Бұл жолмен Құдай мен Әлемді келісімге келтіру мүмкін емес. Достоевскийдің ойынша, Ресейдің жоғары ұлттық миссиясы халықтарды христиандық тұрғыда біріктіру болып табылады.

В.С.Соловьев (1853—1900) діни орыс философиясының, білімнің біртұтастығы мен бүтіндігі туралы идеяның негізін қалаушы, орыстың көрнекті христиандық философы. В.С.Соловьев философиясы діни философиялық дәстүрдің бүкіл рухы мен кейпін білдіреді. Көптеген ірі философтар өздерін В.С.Соловьевтің ізбасарлары ретінде санайды. Соловьев дәуіріне Трубецкой шығармашылығын, Флоренский мен Бердяевтің ерте шығармашылығын жатқызуға болады.

В.С.Соловьев адамның діни және әлеуметтік өмірі сұраныстарын біртұтастыққа байланыстыратын бүтіндей дүниетанымдық жүйені құруға тырысты. Соловьевтің ойы бойынша мұндай дүниетаным негізі христиандық болып табылады.

Соловьев философиясының негізгі идеясы - жалпы тұтастық идеясы. Бұл идеяны дайындауда славянофильдердің соборшылдық идеясына сүйенгенмен, оған жалпы қамтушы, ғарыштық мағына береді. Болмыстың төменгі және жоғарғы деңгейлері өзара байланысты, өйткені төменгі үнемі жоғарыға тартылып отырса, ал әрбір жоғары өзіне төменгіні «енгізеді». Соловьевте жалпы тұтастық, «құдайдың қасиетті Үштігі барлық құдіретті жаратылыстармен, оның ішінде ең бастысы адаммен байланысты» деген тұжырымынан көрінеді. Жалпы тұтастықтың негізгі принципі: «Құдайда барлығы біртұтас». Жалпы тұтастық бұл ең алдымен жаратушы мен жаратылыс тұтастығы.

Дәріс №11. Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. Илларионның орыс философиясының қалыптасуындағы негізгі ойлары

2. Славянофильдік бағытты ұстанушылар және негізгі ойлары

3 батысшылдық бағытты ұстанушылар және негізгі ойлары

4. Діни философиясының өкілдері және негізгі ойлары

5. Орыс философиясы және әдебиет



12-дәріс. Қазақ философиясы
Көне гректер айтқандай, философия дүниеге таңғалудан басталады. Әрине, дүниеде таңғалатын нәрселер көп. Соның бірі Әлем болса, екіншісі Адам болмақ. Қазақ та басқа халықтар тәрізді осы аталған екі дүниенің сырын ашуға ұмтылған. Аспан денелерінің қозғалысына тандана қарап, өзінше ой түйген. Көк аспанның сырын ашуға талпынған. Жұлдызды әлемнің жұмбақтарын ашуды арман еткен. Нәтижесінде дүние туралы түсінігі, көзқарасы қалыптасқан. Адам бойындағы небір тылсым күштерді де тануға ұмтылған.

Қазақ халқының дүниесезімі мен дүниетанымының ерекшелектері өзі өмір сүрген ортамен тікелей байланысты. Қазақ халқы басқа еуропа халықтары сияқты табиғатты өзгертуге немесе оған үстемдік етуді мақсат етіп қоймаған. Керісінше, табиғатқа бейімделіп, онымен гармониялық қатынас орнатуды мақсат тұтқан. Қазіргі заман тілімен айтқанда, көшпенді қазақтардың экологиялық санасы биік болған. Бұл - біріншіден.

Екіншіден, қазақ дүниетанымының ерекшеліктерін айтқанда, ескерер мәселе, ол - қашанда олардың еркіндік пен бостандық сүйгіштігі. Қазақ жерінде ешқашанда құлдық болмаған.

Үшіншіден, қазақ қашанда теңдік пен әділеттілік мәселесіне қатты назар аударған.

Төртіншіден, теңдікке негізделген әділеттіліктен әлеуметтік айырмашылықтар мен әлеуметтік топталу аз болған.

Бесіншіден, байлыққа жетуден гөрі ар-намысты жоғары ұстау халықтың қанына терең сіңген құндылық. Онымен тығыз байланысы бар нәрсе - бар затқа қанағат ету де қазаққа тән қасиет.

Алтыншыдан, ұжымдық мүддені жеке мүддеден гөрі жоғары ұстау – ол да көшпенділік өмір салтынан шыққан құндылық.

Жетіншіден, өне бойы көшіп-қону барысында қашанда әр қилы қиындықтарды, қауіп-қатерлерді бастан кешуге тура келді. Ол - ерлікті, батырлықты қасиет етуді талап етті.

Сегізіншіден, көшпенділердің өмірі өне бойы қауіп-қатерлерден, соқтығыстардан тұрғаннан кейін ол күнбе-күнгі өмірді бағалап, алудан гөрі болуды жаратқан. Әрбір күнді той-думанға айналдыру, өзін шешен сөзбен, даналықпен көрсете білу, әртүрлі сайыстарға қатысу, «сегіз қырлы, бір сырлы болу» бабаларымызға тән нәрселер болған.

Тоғызыншыдан, дүниеге, басқа халықтарға деген көңілінің ашықтығы, қиналғандарға риясыз қол ұшын беру - бұл да біздің халықтың керемет қасиеттерінің бірі болып саналады.

Оныншыдан, көшпенділердің негізігі құндылықтарының бірі - ата-ананы, үлкендерді сыйлау.

Әрине, халықтың мыңдаған жылдар шеңберінде бойына жинаған көп қадір-қасиеттерінің ішінен біз негізгілерін ғана көрсеттік. Енді келесі мәселеге - қазақ философиясының ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ:

Біріншіден, қазақ философиясында онтологиялық (болмыс) және гносеологиялық (дүниетаным) мәселелерден гөрі адам мәселесіне көбірек көңіл бөлінеді.

Екіншіден, адам мәселесі, қазіргі тілмен айтқанда, көбінесе экзистенциялық тұрғыдан қаралады және ол көшпенділік өмір салтын түсірсек түсінікті де болар.

Үшіншіден, Отандық философияда абстрактылы-теоретикалық жүйелер жасау өте сирек кездесетін құбылыс - философиялық ізденіс адамның нақтылы өмірдегі жүріс-тұрысын сараптауға, яғни практикалық мәселелерге көбірек көңіл бөлінеді.

Төртіншіден, адам болмысының этикалық жақтарына: жақсылық пен жамандық, ізгілік пен зұлымдық, ар-намыс, абырой т.с.с. категорияларға терең талдаулар жасалады.

Бесіншіден, қоғам өмірінің негізгі мәселесі ретінде әрқашанда әлеуметтік әділеттілікке көбірек назар аударылады;

Алтыншыдан, Отандық философияны аксиологиялық философия десек те болғаны, өйткені, онда құндылық әлеміне зор қөңіл бөлінеді. Енді мәселені нақтылай түсіп, Отандық философияның негізгі сатыларына қысқаша көз жіберейік.

Басқа халықтардың философиясы сияқты Отандық философия да өз қайнар көзін көне аңыздар мен дастандар, ертегілерден бастайды. Егер аңыздармен бай халықтарға үнді мен гректерді жатқызса, қазақ елі де олардан кем түспейтін болар. Өйткені, өне бойы көшіп-қонып жүрген халықтың бір ғана байлығы болды, ол оның тілі, бабалардан келе жатқан дәстүр, аңыз-хикаялар, нақыл сөздер. Олардың көбі жаңа ғана жарық көріп, философиялық тұрғыдан талдануда.

Көне түріктердің түсінігі бойынша, бұл Дүние жоқтан бұрын пайда болған. Оны ұстаға ұқсайтын Жаратқан тудырды. Дүние негізінен: жер, су, от, ауадан тұрады. Ол неше түрлі қайшылыққа толы: жер мен күн, өмір мен өлім, адам мен табиғат, бақ, құт пен зардап, жарық пен қараңғы, жылы мен суық т.с.с.

Аспанға көз жіберген ежелгі түрік бабаларымыз оны Тәңір Жаратқан әлеміне жатқызған.

Сонымен қатар, көне түріктердің нанымында ерекше орынға ие болған әйел Құдай - Ұмай болды.

ХV-ХVIII ғ.ғ. философиялық ой - толғамдар негізінен жыраулық түрде дамыды. Қазақ халқының ақын-жырауларының ішінен Сыпыра жырауды, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Марғасқа, Ақтамберді, Бұқар жырауларды атауға болады.

Қазақ халқының тарихында XIX ғасыр ерекше орын алады. Бұл ғасыр қазақ мәдениетінде «ағартушылық философия» деп аталады.

Қазақ ағартушылық философиясының көрнекті өкілдері: Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев.

Ш.Уалиханов (1835—1865) ұлтының ұлылығын әлемге әйгілеген ұлы ғалым. Болашақ ғалым дала әніне, ана уіліне, түркілердің елдігімен ерлігіне әлдиленіп өскен. Бабаларымыздың өсиетнамасын, елін, жерін, тілін сақтауға алтын арқау, аялы өзек болған фольклорды қадір тұтты. Ол «Ер Едіге» жырының үш нұсқасын өзара салыстырып, жаңа нұсқасын жасаған кезде Шоқан небәрі жеті жаста еді. «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырын да сол кезде қағаз бетіне түсірген. Елінің тарихын, ауыз әдебиетін, этнографиясын, экономикасын жетік білген ел ағасы Шыңғыстан, өз заманының тек білімді ғана емес, сонымен қатар озық ойлы, парасатты, зиялы әкесінен болашақ оқымысты зор ғибрат алған.

Ш.Уәлихановтың азамат, ғалым және ойшылдық қалыптасуында орыстың озық мәдениеті мен ғылым қайраткерлерінің маңызды рөл атқарғанын атап өтуіміз қажет. Шоқан В.Г.Белинскийдің, Н.Г.Чернышевскийдің, А.И.Герценнің, Н.А.Добролюбовтың еңбектерін оқып-үйренді, олардың көзқарастары мен идеяларын қуаттады.

Ш.Уәлиханов тікелей философиялық мәселелер жөнінде еңбектер жазбаған, алайда, барша шығармаларынан дерлік философиялық пікірлер мен тұжырымдарды байқауға болады. «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Сахарадағы мұсылмандық жөнінде», «Тәңір (құдай)» деген еңбектерінде философияның негізгі мәселесіне қатысты пікірлер айтады Қазақ жеріндегі шамандықтың орын алу себебін түсіндіргенде «сыртқы дүние - күн, ай, жұлдыздар және жер - алғашқы құдірет болып табылады» деп көрсетеді. Сонымен бірге шамандықтың шығу тегін мұқият зерттеулерінен және басқа да еңбектерінен Шоқанның себептілік заңдылығын құптайтындығы, себепсіз құбылыс болмайтындығына кәміл сенетіндігі байқалады. Мысалы, «Тәңір (құдай)» мақаласында қазақтардың малды қасиет тұтатын ырымдары себебін халықтың күн көрісі малға байланысты екендігімен түсіндіреді.

Сонымен, Шоқан сыртқы дүниенің санадан тыс өмір сүретіндігін, оның объективтік заңдылықтарға бағынатындығын мойындайтын философиялық көзқараста болғанын көреміз. Қазіргі кезде философияның негізгі мәселелерінің маңыздысы есебінде адам, оның қоршаған дүниеге қарым-қатынасы аталынады. Уәлиханов бұл мәселенің маңызды екенін сонау XIX ғасырдың орта кезінде-ақ айтып кеткен. «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» деген еңбегінде табиғат пен адам, өмір мен өлім әрқашан түпсіз сырға толы ғажайып таңдану пәні болды деп көрсетеді.



Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) дүниетанымы қалыптасуына туған ел, халық ауыз әдебиеті, озық орыс әдебиеті мен Еуропа ойшылдарының еңбектері елеулі әсерін тигізді. Ш.Уәлиханов секілді Ы.Алтынсарин да өз халқының артта қалушылығын жоюдың бірден-бір жолы ағартушылықта деп сенді және Қазақстандағы халық ағарту ісінің ұйымдастырылуы мен дамуына белсене араласты. Ыбырай Алтынсарин арнайы философиялық тақырыпта еңбек жазбаған, дегенмен, ағарту және қоғам мәселелерін талдауға арналған шығармаларында дүниетанымдық ерекше пікірлер қалыптастырған. Ыбырайдың көптеген өлеңдері мен әңгімелерінен оның қоршаған дүниенің санадан тыс және тәуелсіз өмір сүретіндігін мойындайтынын байқаймыз. «Жаз», «Өзен» сияқты өлеңдері табиғатты өзінше тамашалау ғана емес, сонымен бірге оның адам санасынан тыс және тәуелсіз екендігі сезіледі. Бұл - ұлы ағартушының дүние туралы көзқарасының бір жағы. Екінші, Ыбырай дүниені жаратушы құдай деп біледі. Бұл ойды ол көптеген шығармаларында қайталап отырады. Мысалы, «Жаратқан мұнша таңсық жаббар құдай!» (Алтынсарин Ы. Таза бұлақ. А., 1988, 18-бет), «Жаратты неше алуан жұрт бір құдайым» деген өлең шумақтарында, «Мұсылманшылдықтың тұтқасы» т.б. еңбектерінде осы пікірді қуаттайды. «Мұсылманшылдықтың тұтқасында» бүкіл дүниені, жан-жануарларды айта келіп, «мұның бәрі де жалғыз теңдесі жоқ, ұқсасы жоқ бір құдайдың барлығына, бірлігіне һәм кәміл жаратушы халық - қадір екендігіне дәлел болса керек» деп тұжырымдайды. Ойды қайырып айтқанда, Ыбырай қоршаған дүниенің объективті өмір сүретіндігін мойындайды, сонымен бірге дүниені жаратушы құдай деп біледі. Бұдан Алтынсариннің дүниеге көзқарасы деизмге жақын екенін көреміз.

А.Құнанбаев (1845-1904) қазақ ағартушылығында, қазақ халқының бүкіл ұлағатты мәдениеті тарихында үлкен орын алған ұлы ақын, ойшыл. Оның шығармашылық мұрасы өлең, дастан, философиялық проза, аудармалар мен әндерден тұрады. Абай - қазақ әдебиетінде сыншыл реализмнің негізін салушы. Ол «ақынның азаматтық парызы шындықты бейнелеуде, қоғамдық кесірді әділет пен ақылдың билігіне жүгіндіруде» деп білді. Дүниетанымдық мәселеде Абай Алтынсарин секілді деизмге жақын. Құдай - өз заңдары бойынша дамып жататын өлшемнің алғашқы себепшісі деп түсінді.

Абай Құнанбаев өзінің аса дарындылығы, ой-өрісінің тереңдігі, халқына деген қамқорлығымен әлемге танымал болды. Абайдың дүниеге көзқарасы ойы мен қыры мол, күрделі. Дүние туралы пікіріне келсек, деизмге жақын дедік. Біріншіден, сыртқы дүниенің санадан тыс өмір сүретіндігін қуаттайды. Мысалы, қырық үшінші қара сөзінде адам «...көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады» (А.Құнанбаев. Шығармаларының бір томдық жинағы. А., 1961, 48-бет), - дейді.

Сонымен бірге көптеген өлеңдерінде, отыз сегізінші сөзінде жан-жануарларды, адамды, тіпті, машина, фабрикаларды алла жаратты деген тұжырым жасайды. «Мен» және «менікі» деген философиялық мәселені қарастырып, өзіндік тұжырымға келеді. Ақынның ойынша «мен» - ақын, жан, «менікі» - адам денесі. «Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан, «менікі» өлсе өлсін, оған бекі» деп, дене өлгенімен жан өлмейді деген қорытындыға келеді. Абай таным туралы құнды пікірлер қалдырды. Түйсіктеріміз арқылы дүниеден хабар аламыз, пайда, залалды айыратын қуаттың аты - ақыл дейді.

Көптеген өлеңдері мен қара сөздерінен диалектикалық тұжырымдар бейнесін көруге болады.



Шәкәрім Құдайбердиев (1858-1931) Шығармалары: «Үш анық», «Мұсылмандық шарты». Оның «Үш анық» еңбегінде ар-ұждан мәселесі қарастырылады.

Шәкәрім біріншіден - онтологиялық жолындағы гносеологиялық, таныммен, екіншіден, дін жолындағы теологиялық дүниетанымды екінші анық деп көрсетеді. Ал үшінші анығы Абайда кеңінен сөз болған мораль философиясындағы жан құмарына барып ұштасатын ұждан туралы күрделі проблеманы көтереді.

«Адамдағы: ынсап, әділет, мейірім - үшеуі қосылып ұждан деген ұғым шығады. Мұны орысша «совесть» деп атайды. Бұған нана алмаған адамның жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір заң тазарта алмайды. Ұжданы сол жанның азығы екеніне ақылмен сынап істесе, оның жүрегін еш нәрсе қарайта алмайды» - дейді.

Дәріс №12. Өзін-өзі тексеру сұрақтары


  1. Қазақ дүниетанымының қандай ерекшеліктерін көрсетуге болады?

  2. Қазак даласындағы алғашқы утопист- жырау кім болды?

  3. «Адам бол!» ұраның тастаған ойшыл кім еді?

  4. «Үш анықты» жазған кім?

  5. «Оян қазақ!» өлендер жинағын жазған ағартушы- демократты есіңізге түсіріңіз.


13-дәріс. XX ғ.- XX I ғ. мәдениетіндегі батыс философиясы

XX ғасыр бүкіл адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған саяси-экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-техникалық түбегейлі демократиялық өзгерістерді дүниеге ала келді. Ғасыр адамзат тарихындағы ең серпінді жаңа диалектикалық даму процесін тудырды.

Ең алдымен осы ғасырды, оның даму тарихын ақыл-оймен екшелеп, түсіну өте қиынға соқты. Өзіміз өмір сүріп отырған қоғамды, оның қозғаушы күші болып саналатын адамды, оның мәнін ашу ешбір ғылымның және философияның шама-шарқы келмейтін проблемаға айналды. Өйткені қоғам, адам және оның тағдыры шым-шытырық, шешілмейтін қайшылықтарға белшесінен батып, одан шыға алмайтын жағдайға тап болды.

Соған қарамастан адам және оның мәнін анықтауға, тіпті, жаңа тапсыз қоғам орнатуға, сөйтіп адамзаттың тағдырының жұмбағын шешуге бағытталған бүкіләлемдік, әлеуметтік-саяси тәжірибелер, жобалар жасалып, оларды жүзеге асыру әрекеттері орын алды.

ХХ ғасыр философиясында әртүрлі мәселелерді қамтыған ағымдар көп болды. Әсіресе, ғасырдың бас кезінде ғылым мен техникаға бас иген замана ырқына байланысты адамды, оның көзқарасы мен ой толғамын, дүниетанымын, олардың мәнін қайта қарау мәселесі көтерілді.

Прагматизм - гректің «прагма» - «іс-әрекет» деген сөзді білдіреді. Бұл философия XIX ғ. 70-жылдары АҚШ-та пайда болды.

Прагматизм - абстракті акиқатты, ұғымдардың танымдық рөлін терістеді, ұғымның орнына белгілерді қарастыруды ұсынды. Ұғым тек субъектке ғана қатысты болып, оның мағынасы нақты салдардың (пайдалы, тиімділік) нәтижесі болып табылды.

Прагматизмнің негізін алғашқы өкілдері, философтары - Ч.Пирс пен У. Джеймс салды.

Ч. Пирс (1839-1914) ғылым мен дінді ымыраға келтіруге тырысты, «ақылға қонымды философияны», яғни утилитаризм, іскерлік, пайдалы, практикалық мәні бар философия, «американдық өмір бейнесін» жасауға ұмтылды.



Герменевтика (грекше - түсіндіруші, ұғындырушы деген сөзін білдіреді, ежелгі грек құдайы Герместің атынан шыққан) - ұғыну, түсіну философиясы, тұспалдап сөйлеу тәсілін зерттейді, мәтіндерді түсіндіру өнерін, практикасы мен теориясын қарастыратын философиялық бағыт.

Қазіргі заманғы философ-герменевттерге - Ф.Шлейермахерді, М.Хайдеггерді, Г.Гадамерді жатқызуға болады.

Г.Гадамер (1900-1993) философия гносеологиядан (танымнан) герменевтикаға (ұғынуға) өтуі керек деп ойлаған. Оның атақты шығармасы: «Ақиқат және метод», «Герменевтика философиясының негіздері».

Гадамер адами тіршілік адамның өз болмысын бастан кешіруінсіз болмақ емес дейді. Өз өмірінің барысында әрбір адам тәжірибе жинайды.

«Дүние тәжірибесін» өткен шақтан осы шақка, одан келер шаққа жеткізу-кітаптар, мәтіндер, «тіл» арқылы жүзеге асады.

Сондықтан мәтіндердің тілін ұғыну, оны түсіндіру философияның басты бағыты болу керек,- дейді Гадамер. Мәтінді түсіну адам өмірін экзистенциалды оқиға ретінде, ал өткен мәдениетті тұлға мен қоғамның өзіндік ұғынысу формасы ретінде қарастырды.

Экзистенциализм (лат.т. «өмір сүру, тіршілік» деген мағынаны білдіреді) философиялық ағым ретінде XXғ. 20-жылдарында, ең алдымен, неміс жерінде пайда болған. Көрнекті өкілдерінің бірі – М.Хайдеггер (1889-1976) - неміс философы. 1927 ж. «Болмыс пен уақыт» кітабын шығарады. Бұл шығарманың өте ықпалды болуының себебі мұнда адамның белгілі жағдайға түсуі терең экзистенциалдық талдаудан өтеді. Бірақ сол кейінірек философ «Болмыс пен уақытқа» кіріспе жазып, ең басты назарды адамға емес, болмысқа аударады. Хайдеггерше, болмысты ұмыту Батыс философиясының тағдырына айналған, оны осы ұмытшақтығынан құтқару керек. Осы кезден бастап М.Хайдеггерге болмыс туралы ілім қалыптастыру өмірлік мақсатына айналады. М.Хайдеггер үшін философия - болмыс туралы ілім. Болмыс пен тірлік болу мүмкіндігі мен нақты бар болу бір емес. Болмыс - бар тіршіліктің өзгеру мүмкіндігі. Сондықтан болмыстың атойын тыңдау керек. Болмыс пен тірлік, мән мен мағына бір болмағандықтан, М.Хайдеггер Батыс философиясының классикалық философиясын сынап, «деструкция» ұғьмын енгізеді. Деструкция дегеніміз - философияның үйреншікті схемаларын бұзып, жаңаша пайымдау. Бұл тұрғыда, Хайдеггерше, ежелгі грек философтары ақиқатқа жақын болған. Сондықтан ол осы фи-лософияның көп қағидаларын қайта жаңғыртады. Егер Декарт философиясы күмәндану бағытында дамыса, грек философиясы таңдану, таңырқау бағытында дамыған. Егер өмірді соқпақ жол деп есептесек, ол жолға аттану мен жол басына қайта оралудан тұрады. Ал жалпы болмыстың үйі - тіл. Ойлау процесі тіл арқылы жасалады. Тілсіз ой жоқ. Тіл сөйлеу, тыңдау, ұғыну қарым-қатынасынан тұрады.

Экзистенциализм көрнекті ағым ретінде ғасырымыздың 40-жылдарының басында Франция жерінде пайда болды. Бұл философиялық ағымның ерекшелігі - оның өкілдері шетінен жазушы, драматург, сыншы, қоғам қайраткерлері еді.

Солардың ішінен Жан Поль Сартр (1905-1980) мен Альбер Камюді (1913-1960) жатқызуға болады.

Жан Поль Сартр философ қана емес, француздың көрнекті жазушысы. Оның романдары – «Еркіндікке қарай жолдар», «Қабырға», «Бөлме», «Герострат сияқты бірнеше новеллалары әлемге әйгілі.

Ж.П. Сартрдың қарастырған негізгі мәселелерінің бірі- адам және оның еркіндігі болғандықтан, гуманизм проблемасын көтеріп, оны басқаша шешкен «Экзистенциализм - ол гуманизм» деген еңбегін атап өткеніміз жөн. Бұрынғы гуманистік идея бойынша адамның мәнін ашып, оның бойындағы жақсы қасиеттерді жарыққа шығару керек. Біз, амал нешік, күні бүгінге дейін осылай ойлаумен келеміз. Ал шындығында бұл көзқарас адамды тірі жан ретінде емес, оған зат деп қарауға әкеліп соғады. Өйткені біз күні бұрын бірдеңені, айталық, пышақты жасауды, оны қалай пайдалануды ойластырамыз. Яғни біз күні бұрын мақсат қоямыз. Пышақ - сол мақсаттың жүзеге асуы. Ал адам - зат емес. Оны күні бұрын жоспарлап, дайындап, белгілі бір мақсат ретінде жүзеге асыруға болмайды. «Адам деген ол өзін-өзі жүзеге асыру», сондықтан да ол өзіне өзі жауапкершілік артады, өйткені өзіне-өзі ерікті. «Адам дегеніміз – еркіндік». Адам сондай-ақ моральдік зандылықтарды қабылдауы немесе қабылдамауы мүмкін, ол өз еркінде. Өйткені оның өз моралі бар. Осыдан келіп адам - болашақ, болашақтың жобасы болып шығады.

Экзистенциализмді өзінше ілгері дамытып, романдары мен философиялық эсселерінде заманымыздың қайшылыққа толы көкейтесті мәселелерін көтерген ойшыл француз жазушысы Альбер Камю еді. Оның дүниежүзіне белгілі «Бөтен», «Сизиф туралы аңыз», «Бүлікшіл адам», т.б. шығармалары экзистенциализмнің өзіндік бір түрі дүниеге келгенін айқындайды.

А. Камюдің көзқарасын абсурд (латын тілінде мағынасыз, қисынсыз) философиясы деуге болады. Осы абсурд философиясын үш кезеңге бөліп қараған жөн. Бірінші кезеңде абсурдтың пайда болып, қалыптасуы. Бұл кезең оның «Бөтен» деген повесі мен «Сизиф туралы аңыз» атты эссесінде толығынан баяндалған. Адам, оның еңбегі, күнделікті күйбең тіршілігі, барлық өмірі - абсурд. Абсурдтық ойлау, абсурдтық шығармашылық. Екінші кезең - абсурдқа қарсы күресу. Бұл мәселе оның «Оба деп аталатын романында көркем тілмен, терең оймен суреттелген. Бірақ күрес, обаға қарсы қолданған тәсілдер уақытша нәтиже беріп, жеңіске әкелгенімен түбінде оба тарататын сабау қүйрық тышқандар қайтадан бой көрсете бастады. Ендеше бұл күрес, қарсылық нәтижесіз, абсурдқа алып келе береді. Үшінші кезең күрес, әрекет, бүлік еш нәтиже бермеген соң «қуғында болу, «айырылысу. Осы кезеңнің мазмұнын «Құлдырау» деген повесі айқындап берді. Бұл дәуірде адамның жалғыздығын, тіршіліктен безушілігін қарастырумен қатар адам мен адамды жақындастыруды сағыну, аңсау сарыны бар.

Экзистенциализм философиясын түйіндей келе, оның XX ғасырдың қайғы-қасыретін, адамның басына түскен ауыртпашылықты терең ой, көркем тілмен суреттеп бергенін атап өткен жөн. Сондықтан да бұл философия адам, оның өмір сүруі мен өмірі туралы философия деуге әбден болады.
Дәріс №13. Өзін-өзі тексеру сұрақтары


  1. Верификация дегеніміз не?

  2. Парадигма дегеніміз не?

  3. Поппердің фальсификация принципінің маңызы неде?

  4. Хайдегердің «болмыстын үйі-тіл» деген ойын қалай түсінесіз?

  5. Ницше философиясының негізгі ұғымы.


14-дәріс. Онтология
«Болмыс» ұғымының және болмыс жайындағы ілімнің (онтологияның) төңірегінде философияда ежелден бері және қазірде де қызу пікірталас болып келеді, өйткені дүниеге көзқарастық және методологиялық басты проблемалардың бірі болып табылады.

Болмыс проблемасының мәні неде? Не себепті көптеген философтар оны өздерінің философиялық ой - пікірлер жүйесінің негізгі мәселесі деп санайды? Не себепті құдайдың болмысы, яғни ол бар ма, әлде жоқ па? — деген сұрақтың төңірегінде ғылыми көзқарас пен діннің арасында ымырасыз күрес жүріп келеді? Осы және осы сияқты басқа да алуан түрлі сұрақтардың жауабын табу үшін болмыс ұғымының философиялық мазмұнын ашып көрсету қажет.

Болмыс бүкіл шындық дүниені қамтитын шегіне жеткен жалпы ұғым - философиялық категория болып табылады. Болмыс - дегеніміз дүниеде өмір сүретіннің бәрі: материалдық заттар да, құбылыстар мен процестер де, қатығыстар мен байланыстар да, яғни бәрі - бәрі. Тіпті адамның қиялы, ертек, аңыздар, ауру адамның сандырағы сияқты рухани өмір көріністері де болмысқа жатады. Болмыс сияқты философиялық категориялардың барлығы: материя, сана, сапа, сан, кұбылыс, кеңістік, уақыт, себеп, салдар т.б. бәрі тілде сөздер арқылы тұжырымдалады. Философиялық категориялардың, оларды білдіретін сөздермен байланысы іштей қайшылықты: бір жағынан алғанда, көптеген ғасырлар бойғы сөйлеу тілінің практикасы философиялық категорияларға сәйкес сөздердің мән - мазмұнын жинақтап, олардың мағынасын түсіндіруге көмектессе, екінші жағынан алғанда, күнделікті сөйлеу тіліндегі сөздерді білдіретін философиялық категорияның, тек философия ғана анықтайтын ерекше мағынасы болатынын әрдайым естен шығармау керек. Сондықтан философиялық «болмыс» категориясының мәнін түсіну үшін, оның өзіне ғана тән айрықша мазмұнын және күнделікті сөйлеу практикасымен байланысын ескерудің маңызы зор.

Түрліше нәрселер мен құбылыстар арасында байланыстар мен қатынастар бар екенін, болғанын немесе болатынын адамдар ғасырлар бойы байқай келе, олардың бәріне ортақ жалпы қасиетті бейнелендіретін «болмыс» деген жалпы ұғым қорытып шығарылды және болмыстың толып жатқан түрлерін танып білді. «Болмыс» категориясын фплософияға түңғыш енгізгендердің бірі ертедегі грек философы Парменид болды.

Парменид болмыс туралы терең ой-пікірлер қозғаған. Ол: «Болмыс бар, болмыс емес жоқ» - деп кесіп айтты. Өйткені оның ойынша, «болмыс еместіні» тануға, білуге тіпті болмайды, оны сөзбен де айтып жеткізе алмайсың. Осыдан ой мен болмыстың өзара қатынасы келіп шығады. «Ойлау мен болу бір» дейді Парменид. Яғни, ойлау мен болмыс бір деген ұғым туады. Болмыс еместі жоққа шығара отырып, болмысты өзгермейтін, қозғалмайтын процесс деп қарады.

Ғасырлар бойғы дүние тану процесінде адамдар болмыстың мынадай негізгі формаларын танып білді:

1.Заттар (денелер) болмысы, ал бұлардың өзі біртұтас табиғат болмысы және адамның қолымен жасалған заттар мен процестер болмысы болып екіге бөлінеді;

2.Адам болмысы, бұл да заттар дүниесіндегі адам болмысы және таза адамдық болмыс болып бөлінеді;

3.Рухани (идеялық) болмыс, бұл жеке адамның рухани болмысы (идеясы) және объективтендірілген (жалпы адамдық) рухани болмыс болып жіктеледі;

4.Әлеуметтік болмыс, бұл жеке адам болмысы мен қоғамдық болмыстан тұрады.

Болмыстың бұл формаларын топтастыра келгенде, материалдық болмыс және рухани болмыс болып екі топқа бөлінеді. Осы екі болмыстың арасындағы қатынастан философияның негізгі мәселесі - руханидың (ойлаудың, сананың) руханидан тыс, тәуелсіз объективтік (материалдық) болмысқа қатынас мәселесі шықты. Болмыстың барлық басты салаларын қарастырғанда мынадай сұрақ туады: бұлардың бәрін біріктіретін не нәрсе, шексіз алуан түрлі дүниенің бәрінің бірлігі неде?

Бұл бірлік жайындағы ой пікірлер дүниеде бар барлық нәрселердің бәріне ортақ негіз туралы түсініктің тууына алып келді, ал бұл философияда субстанция категориясын тудырады. Субстанция (латынша substantia - негізінде жатқан мән дегенді білдіреді) толып жатқан нақты заттардың, құбылыстардың, процестер мен оқиғалардың көп түрлілігінің ішкі бірлігін, мәнін білдіреді. Дәлірек айтсақ, субстанция деп дүниедегі барлық нәрселердің бастапқы мәнін, пайда болу негізін түсінеді. Егер түрліше жеке заттар мен құбылыстар пайда болатын және жойылатын болса, ал субстанция жойылмайды да жоқтан пайда болмайды, тек өзінің болмысының формасын ғана өзгертіп, басқа күйге өзгереді. Ол - өзі өзінің себебі және басқа нәрселердің өзгерісінің негізі. Қоғамдық сананың формасы ретінде философияның қалыптасуының өзі ең алдымен осы субстанция идеясының тууынан және айналадағы дүниенің субстандиялық бірлігінің, шындық дүние құбылыстарының заңды байланысының тууынан болды. Дүниенің бірлігін бір субстанция арқылы түсіндіретін ілімдер монизм философиясына жатады. Алайда, негізге алатын субстанция түрліше болады, субстанция ретінде не материяны, не рухты негізге алуға болады. Осыған сәйкес материалистік монизмді (мәселен, Фалестің, Гераклиттің, Спинозаның т.б ілімін) және идеалистік монизмді (мәселен, Платонның, Гегельдің философиясын) айыра білген жөн. Монизмге қарсы дүниенің дуалистік түсінігі бар. Дуализм түсінігі бойынша, дүниенің екі бастапқы негізі - материалдық және идеалдық субстанциялары бар. Оның біріншісі - денесі бар шындық дүние заттары болса, екіншісі - рух дүниесі (Р.Декарт).

Материалдық субстанцияның өзін философия тарихында түрліше түсінді. Мәселен, ертедегі Грецияның Милет мектебінің материалистік ілімінде дүииенің субстанциясы ретінде заттардың нақты бір формасы алынды: су (Фалес), ауа (Анаксимен), от (Гераклит) т.с.с.. Алайда, бұл түсініктердің бәрі субстанцияның жалпылық идеясын жүйелі түрде, қайшылықсыз көрсете алмады. Дүниенің жеке заттық бастапқы төрт субстанцияның ешқайсысында қажетті жалпылық пен тұрақтылық болмады.

Левклипп пен Демокрит негізін салған (біздің заманымызға дейінгі Ү ғ), кейіннен Эпикур әрі қарай дамытқан (біздің заманымызға дейінгі III ғ) субстанцияның атомистік теориясы ондай кемшіліктерден арылды.

Атомистік теорияда тұңғыш рет атомдардың беріктік принципі ретінде материяның сақталу принципі нақты, айқын формада ұсынылды. Бұл теорияда дүниенің бастапқы негізгі, субстанциясы ең ұсақ бөлшектер - атомдар, олар жоқтан жасалмайды және жоғалып кетпейді, үздіксіз қозғалыста болады, салмағы, формасы, денеде өзара орналасуы бойынша айырылады деген пікір ұсынылды.

Атомистік теория жаңа заманның философиясы мен жаратылыстану ғылымдарында, атап айтқанда, Ньютонның, Гассендидің, Бойльдің, Ломоносовтың, Гольбахтың, Дидроның және басқа ойшылдардың еңбектерінде одан әрі дамуын тапты. Соның негізінде жылудың табиғатының, диффузияның, жылу өткізгіштің, көптеген химиялық құбылыстардың ғылыми түсіндірмесін жасауға қол жетті. Ол жарықтың корпускулалық теориясының тууына көмектесті. Алайда, сол кездегі ғылымның дамуының төмендігі табиғат пен қоғамның көптеген құбылыстарының мәнін түсіндіруге мүмкіндік бермеді.

Сонымен қатар, Маркске дейінгі материализмнің өкілдері материя жайындағы ғылымның одан әрі дамуын теріске шығарған бірқатар метафизикалық үстірт пікірлер айтты. Олар, атап айтқанда, дүниедегі құбылыстардың барлық байқалатын қасиеттерін таратушы не «тірегі» ретінде белгісіз бір бастапқы және өзгермейтін материалдық субстанция бар дегенді мойындады, заттар пайда болып және жойылып, түрлі өзгірістерге ұшырап отырғанымен, бірақ субстанция біртекті және оның негізі мызғымайды, оның сыртқы формасы ғана өзгереді деп санады.

Материалдық субстанцияның сапалық біртектілігі жөніндегі түсінік дүниенің механистік ұғымының негізі болып келді. Ньютон механикасының заңдары табиғаттың универсалды заңдары ретінде, табиғат пен қоғамның барлық басқа заңдарына байланысты болатын болмыстың іргелі принциптері ретінде қарастырылды.

Материализмге, атомдық теорияға қарама - қарсы субстанция ретінде түрліше идеалистік теориялар пайда болып, олар дүниенің ең жалпы негізі ретінде құдайдың жаратушылық идеясын, дүниежүзілік ақыл – ой немесе абсолюттік рух идеясын т.б. ұсынды. Адам миының қасиеті болып табылатын психикалық процестерді ми қызметінен бөліп алып, материяны, кеңістік пен уақытты жаратушы дүниежүзілік ақыл – ой, абсолюттік рух деп жарияланады. Субстанцияның идеалистік және соған жақын діни түсінігі дүниенің мәні жайындағы мәселенің шешімін ілгері дамыту былай тұрсын, керісінше, олар белгісіз «бірдеңені» одан да гөрі белгісіздеу сиқырды басқа «бірдеңемен» - бүкіл әлемдік құдайдың әмірімен, абсолюттік рухпен, адамның қабылдауына, түсінігіне көнбейтін ғаламат күшпен ауыстырды. Сөйтіп, идеализм мен дін дүниенің табиғи - ғылыми түсінігін әрдайым жалған, қияли уағыздармен ауыстырып, адамның санасын шатастырумен болды. Бұған қарама - қарсы материалист - философтар құбылыстардың табиғи себептерін ашып көрсетіп, олар материя қозғалысының объективтік заңдарының әрекетінің нәтижесі екенін түсіндіру мақсатын көздеді. Материализм дегеніміз дүние, табиғат іс жүзінде қандай болса, оларды дәл сол күйінде, ешбір қоспасыз ақиқат күйінде түсіндіретін көзқарас. Дүниені осы тұрғыдан түсіндірудің дұрыстығын ғылымның дамуы барған сайын дәлелдей түсті, сөйтіп дүние жайындағы діни - идеалистік түсініктердің бәрін дәйекті түрде әшкерлеп отырды.

XX ғасырда пайда болып өріс алған алуан түрлі философиялық ағымдардың арасында болмыс мәселесіне көңіл бөліп, жан-жақты қарастырған экзистенциализм - өмір сүру философиясы болды. Оның түп қазығы, басты мәселесі - адам, оның осы заманғы шиеленіскен қайшылықтар легі тарихи - әлеуметтік апаттарға толы жағдайда өмір сүру мүмкіндігі.

Адам және адамзат болмысының елеулі принципті өзгешелігі, өзіндік сапалық мәні неде деген мәселеге келейік. Әрине, бұл болмыстың да табиғаттың көшпелі заттармен ортақ болып келетін маңызды өмір сүру белгілері бар. Бұл тұрғыдан алғанда, адам мен заттардың арасында зат, денелердің арасында дене деп қараудың еш себептігі жоқ. Кезінде кейбір материалистер мен жаратылыстанушылардың да осындай пікірде болғаны белгілі. Тек ескертетін жай, бұл көзқарас адамды «затқа», «объектіге» теңестірушілікке, оны қалай болса солай қуыршаққа айналдырғысы келген адамгершілікке кереғар пиғылдан аулақ болса ғана өзін ақтамақ. Бірақ болмыс туралы жалпы философиялық ілім үшін ең алдымен адам қалап өмір сүреді деген сұрақ төңірегінде ойлану әлдеқашан маңызды. Адам ең әуелі тіршілік иесі, нақты кісі ретінде, былайша айтқанда, «сүйек пен еттен жаралған пенде» есебінде өмір сүреді. Оның тәні, денесі - табиғаттың бөлшегі. Ол дүниеге келеді, тіршілік иесі есебінде іс - әрекет жасайды, мезгілі жеткенде өледі. Адам өмірі шектеулі, ол өйткені, болмыс иесі. Табиғаттың бөлшегі ретінде адамның бүкіл тіршілік әрекеті оның заңдылықтарын бұзбайды. Оған тамақтану, киім - кешек, жай күйі үшін өзінше жағдай жасау, ыстық - суықтан қорғану, табиғаттың түрлі өмірге қауіпті күштерінен сақтану т.б. қысқасы, тіршілігін қамтамасыз ету қажет. Сондай - ақ, ол табиғи түрлі тұқым қуалаушылық заңдарына бағына отырып, жаңа ұрпақтын өсіп - өрлеуіне себепкер болуға тиіс.


Дәріс №14. Өзін-өзі тексеру сұрақтары


  1. Болмыс ұғымына қарсы тұрған ұғымды атаңыз.

  2. Секіріс деп нені айтамыз?

  3. Қозғалыс дегеніміз не?

  4. Даму дегеніміз не?

  5. Әлеуметтік кеңістік пен уақыт тарихи өзгере ме?


15-дәріс. Гносеология
Таным проблемалары: оның мүмкіндік шарттары мен ұқсас ақиқатқа жету жолдары ғылыми және ғылыми емес білімнің қатыстылығы; танымдылығы мен күйзелісі яғни таным шындығына қатысты барлық сұрақтарды гносеология зерттейді.

Гносеология немесе таным теориясы философиялық білімнің бөлігі, танымдық іс - әрекетінің мәні шарттары ұқсас білімге жету жолдарын қарастырады. Одан басқа таным теориясын адасушылық оның пайда болу себептері мен оны жеңу жолдары білімнің өмірлік экзистенциалды мазмұны қызықтырады. Гносеология философиялық білімнің бір бөлімі, сондықтан оның зерттеуі адам өмір жүйесіндегі жалпылық болып қолданады. Бірақ, гносеология - бұл қатынастың тек танымдық аспектісін зерттеп, танымның негізділігі мен жан жақтылығын ашады.

Гносеология термині гректің «gnosis» - білім және «logos» – ұғым, ілім деген сөздерінен шыққан.

Таным - гносеологияның негізгі ұғымы. Бұл термин әртүрлі мағынада қолданыла береді. Біріншіден, адамның туа біткен жануарлардан ерекшелейтін қабілеті деп есептеледі. Бұл жағдайда таным тіршілік үшін күресте ортаға бейімделу жағдайында адамның ерекше қасиеттерінің бірі болып табылады.

Екіншіден, таным білім алудың шығармашылық процессін түсіндіруі мүмкін. Бұл түсінік тұрғысында таным - жеке тұлға мен жалпы адамзат деңгейінде жүзеге асырлатын мәдени іс-шараның бір түрі.

Үшіншіден, таным біліммен теңдесе алады. Бұл жағдайда адамның ерекше қайраткерлігі мен оның нәтижесі бір-бірімен теңдеседі.

Соңғы таным қатал философиялық ойдың тұрғысынан аса қарапайым деп есептелмейді, бірақ күнделікті өмірде біз танымды біліммен теңестіреміз. Гносеологияда танымның өзі де, білім де жетілген шешім ретінде қарастырылады. Және таным теориясында білімнің барлық түрі: философиялық, ғылыми, күнделікті, әдеби тағы басқа түрлері қарастырыла береді. Гносеология білімнің барлық түрін негіздеуге, оның мүмкіндік деңгейін, оның мазмұны мен мәнін анықтауға бағытталған.

Танымның (ойлаудың) екі формасы:

- сезімдік, түйсіктік таным, немесе эмпирикалық деңгей;

- рационалдық, логикалық таным, немесе теориялық деңгей.

а) Танымның сезімдік формасы.

Эмпиризм (гр.т. тәжірибе) - сезімдік тәжірибені білімнің қайнар көзі деп біледі және бақылау мен эксперименттің нәтижелеріне сүйенеді.

Идеалистік сенсуализм - түйсіктер мен сезімді шындықтың көзі, ал олардың шығу тегі, қайнар көзі мәселесін терістейді. (Беркли. Юм, Мах).

Қарапайым реализм - адамнан тыс тұрған заттарды, құбылыстарды біз қалай қабылдасақ, ол шындықта дәл солай болады, ал олар түйсіктер формасына ешқандай әсер етпейді.

Сезімдік таным формалары:



Түйсік - заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерін бейнелеу; Қабылдау - сезім мүшелеріне тікелей әсер ететін сыртқы заттар мен құбылыстардың тұтас бейнесі;

Елестету - бұрын қабылданған заттар мен құбылыстардың бейнесін қайта жаңғырту.

ә) Танымның рационалистік формасы.



Рационализм (лат.т. ақыл, парасат) - логика, ойлауды абсолюттендіру, танымның негізі ақыл, парасат деп ұғыну. (Декарт, Спиноза, Гегель).

Рационалистік таным формалары:

Ұғым - заттар мен құбылыстардың елеулі белгілері мен қасиеттерін

бейнелейтін абстрактілі ойлау формасы.



Пікір - дегеніміз бір нәрсені растайтын немесе терістейтін ойлау формасы. Пікір объективтік шындықтағы құбылыстардың, заттардың болмысының ақиқаттығын, не жалғандығын бейнелейтін ойлау формасы.

Тұжырым деп бір немесе бірнеше пікірден жаңа пікір шығаратын ойлау формасын айтады.

Таным методтары:

Метод (гр.т.зерттеу жолы, теория, ілім) - білімдер жүйесін кұру мен негіздеу әдісі, тәсілі.



Эмпирикалық зерттеулер методтары.

Бақылау - сыртқы дүниені алдын ала, мақсатты түрде қабылдау, яғни құбылыстарды табиғи шындықта, оларға араласпай, тікелей қабылдау, зерттеу.

Эксперимент - шындықты, құбылыстарды бақылауға, басқаруға болатын жағдайларда, шарттарда зерттеу. Зерттеуші объект жасанды, тәжірибелік, жан-жақты ескерілетін жағдайда қарастырылады.

Салыстыру - объекттердің ұқсастығы мен айырмашылығын аңғару, салыстыру әдісі.

Өлшеу - бір шаманың басқа бір шамаға қатынасын анықтау.

Аналогия - бір немесе бірнеше қасиеттері бойынша «заттардың ұқсастығын анықтау.

Индукция (лат.т. нысанаға алу) - ой қозғалысы процесінің жекеден ерекше арқылы жалпылыққа өтуі.
Теориялық зерттеулер методтары

Дедукция (лат.т. шығару) - ой қозғалысы процесінің жалпылықтан ерекше арқылы жекелікке өтуі.

Моделдеу (лат.т.өлшем, норма, үлгі) - оригиналдың аналогын жасау. Оригиналды тану үшін моделді жасау немесе таңдау процесі.

Идеализация (гр.т.түр, көлеңке) - шындығында бейнесі бар, бірақ күнделікті тіршілікте кездеспейтін объекттерді ойда құрастыру, конструкциялау.

Абстракциялау (лат.т. дерексіз, тиянақсыз) – заттардың бірқатар қасиеттерінің ойда дерексізденуі немесе кейбір қасиеттерінің жіктеленуі, бөлініп шығуы.

Анализ - бүтіннің құрамдас бөліктерге ойша немесе іс жүзінде ыдырауы, жіктелінуі, бөлінуі.

Синтез - әртүрлі элементтердің біртұтастыққа бірігу процесі.

Қоғам, адам және қоғамдық қатынастар туралы ой-пікірлер, идеялар мен ұғымдар алғашқы қауымдық қоғам дәуірінде - ақ қалыптаса бастаған. Адамдардың алдында қоғам деген не, ол қалай пайда болды, ол қалай дамиды, дамудың көздері мен қозғаушы күштері неде, қоғамдық құбылыстар мен процестердің байланысы қандай, өзара әсер, себеп, қарым-қатынастар заңдылықтары бар ма деген және басқа да көптеген сұрақтар, ой-пікірлер мен идеялар туады. Ал мұндай ой-пікірлер мен идеялар адамдардың қоғамға бірігуіне және осының негізінде өздерінің тіршілігін сақтау, күн көру, одан әрі даму қажеттілігіне, олардың тікелей тәжірибелік өміріне байланысты пайда болған.

Қоғамдық құбылыстарды, процестерді, тарихты танып білуде, өзгертуде философия тарихында материализм мен идеализм арасында ұдайы қарама - қарсы күрес болып келді. Жалпы алғанда, ғылым қоғамды, оның даму заңдарын дұрыс, объективті тұрғыдан түсіндіруге ұмтылса, идеализм, керісінше, ғылымға жат, қоғамдық тәжірибеге тырысады. Өйткені, бұл бағыттарды қолдаушы қоғамда әртүрлі әлеуметтік таптар мен топтар болады. Егер ғылымды әр уақытта қоғамның прогресшіл, демократиялық таптары мен топтары қолдаса, идеализмді кертартпа әлеуметтік элементтер жақтайды.

Қоғамның ілгерілеп дамуы, таптардың пайда болуы, ой еңбегі мен дене еңбегінің бөлінуі, еңбекші бұқараны қанаудың күшеюі қоғам туралы ой-пікірлерді, идеяларды одан әрі дамыта, тереңдете түсті.

Құл иеленушілер, феодалдар, буржуазия өкілдері өндіріс құрал-жабдықтарын толық иеленіп алып, дене еңбегінен біржола аулақтады. Бұдан кейін үстем таптар мен олардың идеологтары өздері өмір сүріп отырған қоғамды, таптардың арасындағы қалыптасқан қоғамдық-өндірістік қатынастарды қайткенде де сақтап қалып, оларды ұдайы жетілдіріп отырды, олардың мәңгілігін, өзгермейтіндігін дәлелдеуді мақсат етті.

Бұрын айтылғандай, адамзат қоғамы - табиғаттың ерекше бөлігі, ол табиғаттың ұзақ уақыт эволюциялық даму нәтижесінде пайда болды. Адамзат қоғамы - әлемдегі барлық тірі жүйенің нәтижесі ең жоғары, ерекше сапалы даму дәрежесінің нәтижесі. Қоғам дегеніміз- адамдардың алуан түрлі саналы іс-қимылы мен қызметінің негізінде қалыптасқан тарихи қауымдастығы. Адам қоғамда өмір сүріп, әрекет етеді, ол қоғамның ажырамас бір бөлігі және оған тәуелді. Сондай-ақ, қоғам да адамдардан құрылады, адамдарсыз қоғам болмайды.

Қоғамдық өмірге, оның дамуына байланысты көзқараста бұрын идеализм үстемдік етіп келді. Оның үш түрлі себептері бар. Біріншіден, адамдардың іс-әрекеті, олардың делебесі қозуынан, ал делебе қозу санадан басталады, олай болса, бәрін билейтін сана, деп қарады. Екіншіден, түрлі құбылыстардың ішкі заңдылықтарын ашып көрсете алмады. Сондықтан олардың себептерін кез келген кездейсоқтық жағдайларға таңып, метафизикалық пікірде болды. Мәселен, француз материалисті Гольбах жоғарыда келтіргендей өзінің «Табиғат жүйесі» деген еңбегінде қоғамдағы түрлі оқиғалар, сұрапыл соғыстардың, жақтық пен кеселдердің себебін жай механикалық материализм тұрғысынан түсіндірмек болды. Олай болса, тарихқа идеалистік көзқараста тек идеалистер емес, сондай-ақ ол кезде ғылымға сүйене алмаған материализм өкілдері де ұстанған. Үшіншіден, тарихты жасайтын жеке адамдар деп санады, халықтың шешуші рөлін түсінбеді. Ал XVIII ғасырдың аяғымен - XIX ғасырдың басындағы Францияда болған жағдайлар, айталық, бурбондар әулеті үстемдігінің құлауы. Мирабо партиясының өкімет басына келуі, оны ығыстырып якобиншілердің жеңуі. Робеспьердің өкімет басына келуі, одан соң құлауы, директорияның қалыптасуы. Наполеон Бонапарттың император болуы, оның құлауы, бурбондардың қайтып билік басына келуі, осылардың бәрі аз уақыт он шақты жылдар ішінде болып, Маркс пен Энгельсті ойға қалдырды. Егер тарихты жасайтын жеке адамдар болса, Жан Поль Марат, Дальтон, Робеспьер, Наполеон Бонапарт бірінен соң бірі неліктен шетінен құлап жатты, әр қайсысының тағдыры әртүрлі қасіретпен аяқталғаны неліктен? Олай болса, оның себебі, тарихты жасайтын жеке адамдар емес, халық деген тұжырым туындағанын жоғарыда айтқан болатынбыз. Ол барлық материалдық байлықтарды да, рухани игілікті де өндіреді, революция жасайды, үкіметті сайлайды. Ішіп - жейтін тамақты да, киім - кешекті де, тілді де, әдет- ғұрыптарды да өмірге әкелетін - сол. Жеке адамдар сол халықтың өкілі ғана. Халық қашанда жеке адамдардан тұрады. Сөйтіп, тарихқа жаңа ғылыми көзқарас қалыптасты. Бұрынғы социологтар табиғат заңдары мен құбылыстарын материалистік тұрғыдан түсіндіріп келгенімен, тарихи жағдайлар мен қоғамдық қозғалыстарды метафизикалық шектеушілік әдісі салдарынан тарихи өмірді танып-білу саласына өз материализмін қолдана да, тарата да алмады, қоғамды жалпылама, абстрактілі қарастырды, сөйтіп тарихқа деген көзқарастарды идеалистік шырмаудан шығара алмады, оны ғылыми диалектика тұрғысынан түсіндіруге дәрменсіз болды.

Тарихты ғылыми тұрғыдан түсіндіру белгілі бір нақтылы объективті жағдайлар талабына байланысты туындаған соның рухани нәтижесі еді. Ол қоғамның, философияның, ғылымның жаңа тәжірибелік талабына сәйкес өмірге ойдың жетістіктеріне сүйену арқылы, соның жалғасы ретінде және ғылым, тәжірибе жаңалықтарына сүйене отырып, солардың талабына сай қалыптаса бастады. Тарихи дамудың қажетті, заңды өрлеу процесс екендігі туралы (Гегель), тап күресінің ашылуы (Тьерри, Минье, Гизо), капиталистік еңбек теориясы (Смит, Рикардо), социализм туралы утопиялық болжаулар (Сен-Симон, Фурье, Оуэн) қоғам туралы ғылыми ойдың дүниеге келуіне негізгі алғышарт болды.

Тарихты объективтік тұрғыдан түсіну өзінен бұрынғы алдыңғы қатарлы қоғамдық ойдың жай жалғасы емес, қоғамтану тарихындағы мүлдем жаңа сапалы кезең. Тарихқа объетивтік көзқарастың қалыптасуы табиғатты да, қоғамды да қамтитын біртұтас ғылыми - философиялық дүниетанымдық негіз болды.

Қоғамды ғылыми принциптер негізінде зерттеу нәтижесінде, оның даму заңдылықтарын ашу барысында әлеуметтік тану, саясаттану ілімдері дүниеге келді. Ол ғылымдар адамзат тарихын түсіндірудің кілтін, көзін қоғамның материалдық-экономикалық қатынастар жүйесінен шығарып, оны жан-жақты терең талап, дәлелдеді.

Қоғамдық құбылыстар, процестер заңды дамиды. Бұл заңдар объективті сипатта болады. Өзінің іс-қимылы мен тәжірибелік қызметінде адам даму заңдарының өмір сүріп тұрған жағдайлары мен шарттарына ықпал жасайды, бірақ заңдардың өзін қолдан жасап, не жоя алмасады. Екінші жағынан, мұның, өзі даму заңдарының объективтік сипаты адам санасының қабілетсіздігін, түсініксіздігін, ұтымсыздығын туғызбайды. Агностиктердің ұйғаруынша емес, сана адамдардың нақтылы дүниеден алыстатпайды. Қайта керісінше, адамдар шынайы дүниемен тығыз байланыста болады. Олар қоғамның даму заңдарын терең біліп меңгереді, оларды өздерінің пайдасына қолдана алады, даму процесінде екпінді әсер етеді.

Қоғам заңдары бадырайып көрініп тұрмайды, оларды тікелей байқау, көру, бақылау арқылы қабылдау өте қиын. Осы себепті қоғам заңдарын терең танып-білу арқылы пайдалану оңай емес, ол көп күш жұмсап, зерттеуді керек етеді. Олар абстрактілі ойлау арқылы белгілі болады.

Қоғамдық-экономикалық формациялар деген не? Ол - өзіндік экономикалық, саяси, әлеуметтік, идеологиялық ерекшеліктері бар құбылыс. Өйткені, тарих біркелкі, үздіксіз ағып жатқан өзен емес, ол бөлшек-бөлшек буындардан, кезеңдерден тұрады. Тарихтың ондай буындары мен кезеңдерін әлеуметтік-экономикалық формация дейміз. Әр формацияның өзіндік заңдары, өзіндік меншіктері, таптары, базисі мен қондырмасы болады. Ол ұғымды дүниеге әкелген Маркс емес. Құлдық қоғам, феодалдық қоғам, капитализм, тіпті социализм ұғымдары Маркске дейін болған. Маркс олардың даму заңдылығын ашты. Олай болса олардың өзгеріп, дамуының объективті заңдылықтары бар. Сол заңдылықтарды ашу нәтижесінде тарих ғылымға айналады. Бірақ, Маркс адам баласы даму тарихын белгілі бес формациямен ғана шектеді. Мұнысы өмірге де, диалектикаға да қайшы еді.

Әлеуметтік философия қоғамның, оның дамуының философиялық-методологиялық теориясы болып табылады. Философиялық теория ретінде ол қоғамдық құбылыстарды, процесстерді зерттеп-талдағанда оның негізгі мәселесін шешу тұрғысынан қарайды. Ал социологиялық теория ретінде ол қоғамдық құбылыстарды, процестерді зерттеп-талдағанда оның негізгі мәселесін шешу тұрғысынан қарайды. Ал социологиялық теория дегенде қоғамды зерттеп, талдау біртұтас ыңғай, бүтін бір құбылыс, белгілі бір жүйе, өзін-өзі қозғаушы, өзін-өзі дамытушы ретінде де оның нақты салаларын, бөлшектерін талдап, арнайы қарауды да айтамыз. Біріншіден, қоғамдағы іс-әрекет, қызметтің субъектісі - нақтылы адам, ол өзінің материалдық және рухани қажеттері мен мұқтаждарын тек қоғамда ғана қанағаттандырады. Қоғам дамуының екінші бір маңызды алғышарты - қоғамдағы адамдардың енжар емес, керісінше, белсенді болып, қоғамда болған жағдайды жайбарақат қабылдамауы. Егер адамдар қоғамда жағымсыз жағдайды байқаса, олар оны белсенді іс-әрекетті, саналы қызметі арқылы өзгертіп, өздеріне тиімді, ыңғайлы жағдай жасайды. Үшіншіден, қоғам дамуындағы алғы шарт - әрбір дара адамның өзіне тән потенциалдық күш-жігері, қасиеті, жағдай мен ортада өзара байланыста ғана дамиды. Өйткені, бұл болмаса, қоғам да адам да болмайды. Адамның мәнін қоғамнан тыс, еңбек құралсыз, материалдық өндіріссіз танып білу мүмкін емес. Төртіншіден, методологиялық алғы шарт - қоғам жеке адамдардың жай ғана механикалық жиынтығы емес, ол өзгеше бір тұтас әлеуметтік жүйе, олардың бірімен-бірі тығыз байланыста болатын қоғамдық қатынасы. Қоғамды зерттеп, талдаудағы ақырғы методологиялық алғы шарт - қоғам біртұтас бөлінбейтін әлеуметтік өмір, бір-бірінен ажырамас, бір-біріне әсер ететін екі фактордан, яғни адамдардың белгілі бір қызмет әдісінен және әлеуметтік фактордан тұрады. Олар адамдардың материалдық, рухани өндірісті дамытудағы тарихи қызметі арқылы пайда болады.


Дәріс №15. Өзін-өзі тексеру сұрақтары

  1. Сезімдік танымның формаларын келтіріңіз.

  2. Интуиция дегеніміз не?

  3. Танымдағы әдістерінің қызметі қандай?

  4. Рационалдық танымның формаларың келтіріңіз.

  5. Теория дегеніміз не?


4. Философия пәні бойынша тәжірибе

тапсырмалары
1-семинар. Философия пәні: ұғымы мен мазмұны.
1.Философия пәні және мазмұны.

2.Дүниетанымның формалары мен типтері.

3.Философия және ғылым, философияның негізгі қызметтері.

4.Философияның мәдени-алғышарттары және негізгі бағыттары.


2-семинар. Ежелгі Үнді философиясы.
1.Ежелгі үнді философиясының ерекшелігі.

2.Ведалар – Үнді мәдениетінің көне ескерткіші және ертедегі үнді философиясының бастауы ретінде.

3.Ежелгі үнді философиясының ортодоксалды және ортодоксалды емес мектептері.
3-семинар. Ежелгі Қытай философиясы.
1.Көне Қытай философиясының пайда болуы, негізгі кезеңдері.

2.Конфуцийдің әлеуметтік-этикалық ілімі.

3. Доасизм.

4.Легистердің саяси-этикалық ілімдері.


4-семинар. Ежелгі Грек философиясы.
1.Антика философиясының пайда болуы және даму ерекшелігі.

2.Алғашқы негіз мәселелері. Милет және Элей мектептері.

3.Классикалық философия.

4.Эллиндік философия.


5-семинар. Ортағасырлық батысеуропалық философия.
1.Орта ғасырлық философияның ерекшелігі, оның дамуының негізгі кезеңдері.

2.А. Августин: құдай мен адам туралы ілімі, жеке тұлға концепциясы

3.Ф. Аквинскийдің философиясы схоластика жүйесі ретінде.

4.П.Абеляр концептуализмі.


6-семинар. Ортағасырлық араб – түрік философиясы.
1.Араб-мұсылман мемлекеттеріндегі мәдениет және дін.

2.Әл-Кинди мен Әл-Газали философиясы.

3.Ибн-Синаның ғылыми-философиялық шығармашылығы және Ибн-Рушдтың діни көзқарастары.

4.Әл-Фарабидің философиялық көзқарастарының жүйесі


7-семинар. Қайта өрлеу дәуірінің философиясы.
1.Қайта өрлеу дәуір философиясындағы гуманизм бағыты.

2.Н. Макиавеллидің әлеуметтік - саяси философиясы.

3.Қайта өрлеу дәуір философиясындағы социал - утопистік бағытының ерекшеліктері.


8-семинар. Жаңа дәуір философиясы.
1.«Жаңа дәуір» және «жаңа еуропалық философия» түсініктерінің ерекшеліктері.

2.Жаңа дәуір философиясындағы рационалистік және эмпиристік тенденциялар.

3.Дж. Локк пен Т.Гоббстың қоғамдық-саяси концепциясы.

4.Д.Беркли мен Д.Юмның субъективті философиясы.


9-семинар . Неміс классикалық философиясы.
1.Неміс философиясына жалпы түсінік. И.Кант этикасы

2.Гегельдің философиялық жүйесі.

3.Фихте және Шеллинг философиясы.
10- семинар.. XIX ғ. мәдениетіндегі батысеуропалық философия.
1.XIX ғ. мәдениетіндегі батысеуропалық философиясының ерешеліктері.

2.Иррационализм.

3. Шопенгауэрдің «билікке ерік мәселесі».

4.Фрейдтің «санасыздық» ілімі.


11- семинар. Орыс философиясы
1.Н.Бердяев орыс философиясындағы христиандық-экзистенциалистік бағыттың өкілі ретінде.

2.Ф. Достоевский шығармашылығының философиялық мазмұны.

3.В. Соловьевтің махаббат философиясы.

4.Л. Толстойдың адамгершілік философиясы.


12-семинар. Қазақ философиясы.
І.Қазақ философиясының қалыптасуының әлеуметтік - мәдени алғы шарттары.

2.Асан Қайғы шығармашылығындағы экзистенциалдық сарын. Бақыт мәселесі. Жерұйықты іздеу.

3. Қазақ ағартушылық философиясының ерекшеліктері - Ш.Уәлиханов, Ы Алтынсарин.

4.Абай іліміндегі адам мәселесі.

5.Ш.Құдайбердиевтің философиялық-діни көзқарастары
13- семинар. XX ғ.- XX I ғ. мәдениетіндегі батыс философиясы.
1. XX ғ. әлемдік философияның даму ерекшеліктері.

2.Неопозитивизм және постпозитивизм; логика және ғылыми методологияның проблемасы.

3.Экзистенциализм: адам мәселесін іздестірудегі жаңа ізденістер.

4.Батыстағы жаңа «технократиялық» толқын.


14 - семинар. Онтология.
1.Болмыс ұғымы, оның мәні және ерекшелігі.

2.Адам болмысының әлеуметтік-мәдени мәні.

3.Онтологияның ұғымдары.
15- семинар. Гносеология.
1.Таным – шындықты бейнелеу формасы.

2.Танымның объектісі және субъектісі.

3.Сезімдік және рационалдық таным формалары.

4.Ғылым - танымның арнаулы формалары ретінде.


5. ФИЛОСОФИЯ ПӘНІНЕН ЕМТИХАНДЫҚ ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
1. Рухты әлемнің негізі деп есептейтін философиялық бағыт:

A) Дуализм

B) Агностицизм

C) Материализм

D) Идеализм

E) Эмпиризм


2.Қай философилық ілім дүниенің пайда болуының негізіне материалдық тұрғыдан қарайды?

A) Идеализм

B) Материализм

С) Дуализм

D) Пантеизм

E) Деизм
3. Дұрыс жауабын көрсетіңіз:

A) Онтология – болмыстың мәні туралы ілім


  1. Онтология – адам туралы ілім

  2. Онтология - өмір туралы ілім

  3. Онтология – табиғат туралы ілім

  4. Онтология – құдай туралы ілім

4.Әлемде тек бір ғана бастама бар деген философиялық бағытты қалай деп атайды?

A) Плюрализм

B) Дуализм

C) Монизм

D) Механицизм

E) Агностицизм
5. Философияның дүниеге көзқарас қасиеті мынадан тұрады:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет