ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
«ФИЛОСОФИЯ» КАФЕДРАСЫ
Химия саласы мамандындықтарына арналған
«ФИЛОСОФИЯ» пәні бойынша
Cтуденттің оқытушымен Өзіндік жұмысы (СОӨЖ) және
студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) бойынша тапсырмалар және
оларды дайындауға арналған әдістемелік ұсыныстар
PhD Философия докторы
Балабекұлы Досжан
Алматы, 2023
«ФИЛОСОФИЯ» ПӘНІ БОЙЫНША СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖӘНЕ ОҚЫТУШЫМЕН БІРГЕ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН (СОӨЖ) ДАЙЫНДАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
Студенттің өзіндік және оқытушымен бірге өзіндік жұмысын ұйымдастырудың мақсаты – оқытушының көмегімен студенттің бойында өзбетімен жұмыс жасай алу, ғылыми, шығармашылықтық, еркін, философиялық пайымдау, қорытынды-түйін жасау, қарастырылып отырған тақырыптың мәніне тереңірек үңілу, логикалық ойлау дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету. СОӨЖ түрі ретінде өмір философиясының негізгі өкілдерінің еңбектерін зерттеу, ал СӨЖ ретінде оқытушы берген сұрақтар бойынша өз пікірін баяндап, эссе жазу ұсынылады.
СОӨЖ
Студент ұсынылып отырған еңбектерді (түпнұсқаларды) өз қалауы бойынша таңдап, оқытушының кеңес-консультациясына сүйене отырып, шығармашылық түрде зерттейді және олардың мазмұны, негізгі мәселелері бойынша слайдтар дайындап, 5, 8,10,13-апталардың соңында қорғауы тиіс.
СОӨЖ бағалау тәртібі:
Ұсынылған түпнұсқаны кеңінен зерттеп, оның мазмұнын өз бетінше қорытып, аша білу, еңбек және оның авторының ілімі мен көзқарасы туралы белгілі бір білімге ие болу, қазіргі заманмен байланыстыра білу жоғары – 13
балл. Түпнұсқаны зерттелген, бірақ онда қойылған мәселелерді түсінуде кемшіліктер бар – 7 > 13 балл. Түпнұсқа үстіртін зерттелген, өзіндік түсінік нашар – 1 > 7 балл. Плагиат – 0 балл. Белгіленген уақыттан кеш тапсырылған жұмыстар қабылданбайды. СОӨЖ офис-сағаттар кезінде тапсырылып, қорғалады.
Достарыңызбен бөлісу: |