Рационалистік таным формалары: Ұғым - заттар мен құбылыстардың елеулі белгілері мен қасиеттерін
бейнелейтін абстрактілі ойлау формасы.
Пікір - дегеніміз бір нәрсені растайтын немесе терістейтін ойлау формасы. Пікір объективтік шындықтағы құбылыстардың, заттардың болмысының ақиқаттығын, не жалғандығын бейнелейтін ойлау формасы.
Тұжырымдеп бір немесе бірнеше пікірден жаңа пікір шығаратын ойлау формасын айтады.
Таным методтары: Метод (гр.т.зерттеу жолы, теория, ілім) - білімдер жүйесін кұру мен негіздеу әдісі, тәсілі.
Эмпирикалық зерттеулер методтары. Бақылау - сыртқы дүниені алдын ала, мақсатты түрде қабылдау, яғни құбылыстарды табиғи шындықта, оларға араласпай, тікелей қабылдау, зерттеу.
Эксперимент - шындықты, құбылыстарды бақылауға, басқаруға болатын жағдайларда, шарттарда зерттеу. Зерттеуші объект жасанды, тәжірибелік, жан-жақты ескерілетін жағдайда қарастырылады.
Салыстыру - объекттердің ұқсастығы мен айырмашылығын аңғару, салыстыру әдісі.
Өлшеу - бір шаманың басқа бір шамаға қатынасын анықтау.
Аналогия - бір немесе бірнеше қасиеттері бойынша «заттардың ұқсастығын анықтау.
Индукция (лат.т. нысанаға алу) - ой қозғалысы процесінің жекеден ерекше арқылы жалпылыққа өтуі.