Дәріс №12. Өзін-өзі тексеру сұрақтары Қазақ дүниетанымының қандай ерекшеліктерін көрсетуге болады?
Қазак даласындағы алғашқы утопист- жырау кім болды?
«Адам бол!» ұраның тастаған ойшыл кім еді?
«Үш анықты» жазған кім?
«Оян қазақ!» өлендер жинағын жазған ағартушы- демократты есіңізге түсіріңіз.
13-дәріс. XX ғ.- XX I ғ. мәдениетіндегі батыс философиясы XX ғасыр бүкіл адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған саяси-экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-техникалық түбегейлі демократиялық өзгерістерді дүниеге ала келді. Ғасыр адамзат тарихындағы ең серпінді жаңа диалектикалық даму процесін тудырды.
Ең алдымен осы ғасырды, оның даму тарихын ақыл-оймен екшелеп, түсіну өте қиынға соқты. Өзіміз өмір сүріп отырған қоғамды, оның қозғаушы күші болып саналатын адамды, оның мәнін ашу ешбір ғылымның және философияның шама-шарқы келмейтін проблемаға айналды. Өйткені қоғам, адам және оның тағдыры шым-шытырық, шешілмейтін қайшылықтарға белшесінен батып, одан шыға алмайтын жағдайға тап болды.
Соған қарамастан адам және оның мәнін анықтауға, тіпті, жаңа тапсыз қоғам орнатуға, сөйтіп адамзаттың тағдырының жұмбағын шешуге бағытталған бүкіләлемдік, әлеуметтік-саяси тәжірибелер, жобалар жасалып, оларды жүзеге асыру әрекеттері орын алды.
ХХ ғасыр философиясында әртүрлі мәселелерді қамтыған ағымдар көп болды. Әсіресе, ғасырдың бас кезінде ғылым мен техникаға бас иген замана ырқына байланысты адамды, оның көзқарасы мен ой толғамын, дүниетанымын, олардың мәнін қайта қарау мәселесі көтерілді.