Философия, оныњ пєні, негізгі баѓыттары, функциясы жєне зерттеу объектісі


Тәрбиенің халықтық жүйесінің қалыптасуына ықпал еткен жағдайлар



бет19/39
Дата05.02.2022
өлшемі0,96 Mb.
#7145
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   39
Тәрбиенің халықтық жүйесінің қалыптасуына ықпал еткен жағдайлар. Мектептер пайда болғанға дейін тұлға қалыптастыруда ғасырлар бойы қалыптасқан тәрбиенің халықтық дәстүрлері шешуші роль атқарды. Халық ұрпақтан ұрпаққа өзінің қоғамдық және әлеуметтік тәжірибесін, рухани байлығын, үлкеннің кішіге құрметі ретінде мұра етіп келді, сол арқылы қоғамның материалдық және рухани мәдениетінің тарихын туғызды. Адам мәдениетінің екі саласы арасындағы сабақтастық байланыс дәл осы педагогикалық мәдениетпен қамтамасыз етіледі.
Жеткіншектің сезім мен санасына ықпал етудің кешендік шаралары оның өмірі мен әрекетін ұйымдастырудың саналуан түрлерімен сәйкес келеді. Жастардың өмірін ұйымдастырудың жиынтық түрлеріне көптеген салттар мен дәстүрлерді, әдет-ғұрыптар мен мерекелерді жатқызуға болады. Өзінің қызметінде міндетті түрде мерекелік сипатқа ие еңбек дәсүрлері барлық халықтарда алдыңғы орында. Күнделікті іске айналған ұжымдық көмек, өзара көмек көмек салтын қалыптастырады.
Халықтық педагогика – халық шығармашылығында көрініс тапқан, тәрбие ісіне тікелей не жанама қызмет ететін халық шығармашылығының тереңінен шыққан тәрбие саласындағы түсініктер, көзқарастар, пікірлер, сенімдер, дағдылар мен тәсілдер.
Көптеген халықтық әдет-ғұрыптар, мейрамдар, салтанаттар өзінің сезімді мәнерімен, эстетикалық реңділігімен жастарға гуманистік тәрбие берудің қолайлы және тиімді құралы болды. Бұған көз жеткізу үшін барлық халықтарға белгілі әдістерді атаса да жеткілікті, бұл – көрсету, үйрету, сенім, ізгі тілек, өтініш, кеңес, мақұлдау, кінәлау, сөгіс, ескерту, көндіру, ант беру, жазалау және т. б.
Халықтық педагогиканың халықтық сана ретінде дамуы, тәжірибелер мен дәстүрлер жинақтауы негізінен қоғамдық тәрбие жүйелері әлі өмірге келмеген тарихи кезеңге жатады. Демек, табиғат және еңбек – халықтық тәрбиенің қозғаушы күштері, жетілген адам тұлғасы жайлы түсінікті туғызушы факторлар. Табиғаттың ықпалы педагогикалық процеске саналылық элементін енгізді, жетілу жайлы ойды кеңейтті. Табиғаттың эстетикалық ролі мәңгілік, бүкіл әсемдік табиғатқа тән. Жастардың эстетикалық талғамының артуына табиғаттың әсер ететіндігі жайлы әрбір халықтың табиғат сұлулығын пайымдаумен рухтанған жоғары поэтикалық шығармаларынан көрініп тұр.
Осылайша, тәрбиенің мақсаты айқындалып, әлеуметтік тәжірибе, рухани құндылыұтарды сақтау, жаңғырту, тапсыру, бекіту құралы ретінде дәстүрлер алға шықты. Жалпыға ортақтық, бұқаралық, тұрақтылық, әсерлі тартымдылық – дәстүрлерге тән сипат болып сипатталады. Олардың мәні – мұраланған әдет түрлерін өзгеріссіз сақтауы, бұрыннан қалыптасқан өмір салтына өткеннің мәдени мұрасы ретінде ұқыпты қатынас таныту.
Дәстүрлердің күші – ұйымдаспаған жаратылысында. Олар көзқарастар мен тәртіп жолдрын ешкімге күштеп таңбайды, адамды тәжірибелік әрекеттерге итермелегендіктен, түсініктер мен тәртіп қалыптары қарсылықсыз қабылданады.
Тәрбие дәстүрлерін талдауда халық тәрбиенің барлық салалары қатарласа жүзеге асуына қамқор болды, тұлға қалыптастыруды оның барлық құрамдарымен жиынтықта қарастырды және оны тұтас процесс ретінде жүзеге асырды деп тұжырым жасауға алып келді. Мұның даусыздығы халықтың ауызша шығармашылығының кез келген жанрымен дәлелденеді. Өлеңдер, ертегілер, жұмбақтар мен мақалдардың поэтикалық формалары мен мазмұнының саналуандығы халықтық педагогика жетілген тұлға сипаттарын анықтай отыра, онымен қатарластыра жетілген тұлға идеалын жүзеге асыру жайлы да қамқор болғанына куә етеді. Мәселен, ауызша поэзияның аса кең тараған түрі әндер мен өлеңдерді алайық. Көптеген әндер балалар мен жасөспірімдерді табиғат пен қоғам жайлы сан түрлі мәліметтермен қаруландырады: тарихи жырлар маңызды тарихи оқиғалар жайлы жалпыға түсінікті хабарлайды, еңбек әндерінде ғана емес, сондай-ақ, мерекелік әдет-ғұрыптық, бесік жырларында, тіпті той-думандарда да басым тақырып болып табылады; өлеңдер жоғары адамгершілік идеалдарды насихаттайды; бұларда күш пен денсаулық және т. б. дәріптеледі. Сондай-ақ, жұмбақтардың ақыл-ой тәрбиесінің тиімді құралы, ал мақал-мәтелдер – адамгершілік тәрбиесі болып табылатындығы белгілі.
Халықтың жекелеген ауызша шығарма жанрларының қызметін анықтап қана қоймай, оларды тәрбие мен өзін-өзі тәрбилеудің нақты міндеттеріне сай жекелеген үлкен-кішілігіне қарай бөлінген топтар арасына бөліп орналастыру атап көрсетуге тұрарлық. Жаңа жұмбақтарды балалар мен жасөспірімдерге көбіне үлкендер хабарлағанмен, жұмбақтар мен өлеңдерді, мәселен, балалар өз ортасында құмарлықпен пайдаланады. Мақалдар көбіне үлкендер арасында кеңінен тараған және балалар мен жастарға тәрбиелік ықпал ету мақсатында хабарланады, үлкендер өз ортасында оларға сирек жүгінеді; әндер, атап айтқанда жастар ортасында аса кеңінен тараған, қарттар ән айтпайды десе де болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет