Философия, оныњ пєні, негізгі баѓыттары, функциясы жєне зерттеу объектісі



бет23/39
Дата05.02.2022
өлшемі0,96 Mb.
#7145
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39
Тәрбиеде кімнің ролі зор:

Қанатты сөздер

Ер бала

Әке

Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын.Ата көрген оқ жонар.Aта балаға сыншы.

Қыз

Ана

Ұлдың ұяты әкеге,қыздың ұяты шешеге.
Қыз жат жұрттық.Қыздың қырық жаны бар.

Қазақ халқы бала тәрбиесіне қоғамдық мән беріп, ерекше көңі бөлген. Оның аса жауапты қоғамдық мәселе екенін мойындамай отырып, халықтың әр түрлі әлуметтік топтары бала тәрбиесінің мақсаты мен міндетін, оның іске асу жолдарын өз мүддесіне сай, өзінше шешуге тырысатын. әрине бала тәрбиесі барлық әлуметтік топтарға ортақ, бәріне бірдей қажетті жақтары да аз емес, көп –ақ. Мұндай ортақ жағдайлар ең алдымен баланың адамгершілік қасиеттерін, елжандылық сезімдерін тәрбиелеу болып табылады.


Адамның адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу дегеніміз жан –жақты мазмұны кең құбылыс. Әркім, әр отбасы өз ұрпағы адам баласына тән барлық жақсы, жағымды қасиеттерінің бәрін өз бойына сіңіруді қалайтыны да даусыз. Бірақ, өмірде әр адамның мұндай ізгі тілегі, арманы орындала бермейді. Өйткені біріншіден, табиғаттың әркімге әр түрлі қабылет, әртүрлі мүмкіндік беруі болса; екіншіден, әркімді қоршайтын орта оған өз ықпалын жасамй қоймайды.
«Халқымыздың ежелгі үрдісі бар,
Адастырмас ақ жолдан үлгісі бар.
Үлкен сыйлау ұққанға соның бәрі,
Зерделі ұл,зейінді қызды сынар.
Көңілдің тілейтін тазалығын,
Аз емес арқалаған азабының.
Мол өсиет қалдырған ұрпағына,
Қасиетінен айналдым қазағымның! »
М.Әлімбаев.
Қазақ халқы басқа халықтар сияқты бала тәрбиесіне өте ерте заманнан-ақ өзінің жиып-терген бай,асыл қазынасы,мол тәжірибесімен ерекше көңіл аударған.Қазақ атамыз келешек ұрпақтың қамын алыстан болжап,алдымен кіммен қан араластырады,кіммен құда болады,сол ниетпен текті жердің қызына құда түсіп,келген келіннің некесін қиып,ақ батасын беруден бастаған.Одан соң өмірге нәресте келеді,оған лайықтап ат қойып,бесікке салып,тұсау кесер рәсімдерін жасап,өсе келе оған қазақ халқының ұлттық шежіресін,өзінің шыққан тегін,халықтың даналық сөздерінің мағынасын түсіндірген. Имандылықтың алғашқы әліппелерін де үйретіп,үлкенді сыйлап,кішіге қамқорлық жасап,ағайын-туыс,көрші-қолаң,ауылдаспен ауызбірлікте өмір сүруге үйреткен.Ақ сақалды аталарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміздің де бала тәрбиесіндегі орны ерекше.Ақылды енелер жаңа түскен келіндерінің,жаңа туған нәрестелерінің жылы алақаны,шуақты күндері бола білген.Мұндай ұяда тәлім-тәрбие алған бала да өнегелі,сулы жерге желкілдеп біткен құрақтай болып өскен.Сондықтан да халықтың осы жерде: «Әже-қайнар бұлақ,бала- жағасындағы құрақ», «Әке көрген-оқ жонар,шеше көрген-тон пішер» деген нақыл сөздері дөп келіп тұрғандай.
«Баланы жастан» дейді халық. Бұл-өміршең пікір. Зерделі халқымыз балаға жастайынан жақсы өсиет,кеңестер арқылы өнегелі тәрбие беріп,қимыл-әрекетіне байқау жүргізіп,оның ішінде әсіресе,ойынға да үлкен мән берген.Ойынды-бар өнердің бастауы деп біліп,әр ойынның уақыт өткізу үшін емес, белгілі бір мақсатпен ойлануға, айналаға зер салуға, шапшаң, епті болуға, күшті-мықты болуға, әсемдік пен сыпайылыққа тәрбиелейтінін аңғарған.
Қазақ этнопедагогикасы өзіндік тарихы бар, өзіндік төл тума кейіп, тәрбиелік жүйеге ие. Ол өзге туыстас қырғыз, өзбек, түркімен, қарақалпақ этнопедагогикасы сыяқты ежелгі көне түркі халық педагогикасы негізінде өзіне түркілердің көпғасырлық тәжіребиесін сіңіріп қалыптасты.
Тарихи тағдыр, өмірдің әлуметтік‑эканомикалық тәртіптер ортақтылығы жайында дамыған этнопедагогика халықтың мен тұрмысы, оның педагогикалық идеялары, ғасырлар бойғы армандары, білімге ұмтылысы, тарихи өзгерудегі әлуметтік әділетсіздікке қарсы күресі, өз балаларының жақсы болашағы туралы үмітін бейнелейді. Оның толық бейнесі, әсіресе, тілде, еңбеші отбасының күнделікті өмірінде, оның тәрбие тәжіребиесінде, отбасы‑ тұрмыстық мәдениетінде, сондай‑ақ тәрбиенің фольклор секілді маңызды құрамында белгі береді.
Қазақ этнопедагогикасының көзге түсерліктей әбден қалыптасуы XV-XVIғасырларға, қазақ халқының жеке этникалық қауым ретінде алға шығуы мен байланысты.
Тарихи принцпке сүйенену этнопедагогиканың жетекші бағыттарының даму жолдарын өткенге мән беріп анықтауға жәрдемдеседі.
Гуманизм, табиғатпен үйлесімділік, халықтық, еңбекте тәрбиелеу, сезімталдық, тәрбиенің жүйелілігі менбірізділігі, талаптар бірлігі, бала тұрғысына ілтипат пен құрмет‑ бұлар ұрпақ тәрбиелеудің халықтық жетекші бастауларын құрайды. Бұл принцптердің қадағалануы баланы табиғи жағдайға қояды, яғни оның дағдылы ортада өсіп –жетілуін, туған тілінде оқып, мәдени‑тарихи, рухани ұлттық дәстүрлер мен әдет ғұрыптар арқылы тәрбиеленуін қамтамасыз етеді. Бұл халықтық тәрбиенің және оның құрамды бөлігі‑ отбасы тәрбиесінің жалпы бағытын, оның мақсат, мазмұнын және ұйымдастыру әдісімен анықтайды. Осыған орай еңбекте қазақ халқының отбасы тәрбиесі, халықтық сүйіспеншілік, жанұя, балалар мен ата‑аналар жөніндегі ұғымдарын, түсініктерін ашып көрсетуге үлкен орын берілген.
Ата‑ана.
Халқымыздың дүниетанымынан өрбіген тәңірге табынудың бір жағы табиғатты аялау болса, екінші жағы ата‑бабаны қастерлеп, аруағына сыйыну.осы үрдіс халықтың тұрмыс тіршілігінен өмір тәжіребиесінен шыққан ежелгі дәстүр. Ата‑ананы сыйлап пір тұту‑исі түркі халықтарының оның ішінде өзіміздің қазақ халқының қанына дарыған, айнымас қасиетінгің бірі. өмір беріп, өнеге көрсеткен әке, ақ сүтін беріп, тоғыз ай, тоғыз күн құрсағында сақтап құрсақ тәрбиесінен бастап, әлпештеп аялап өсірген ана алдындағы қарыз сезімі‑әр адамның адамгершілік деңгейінің өлшемі болып табылды.
Тіпті ата –баба аруағын сыйлау, оған сыйыну соның бәрі байрақты Көк түркілерден, олардан мыңжылдай бұрын ғұмыр кешкен гундардан келе жатқан ұлы дәстүрді сақтау мұратынан туған. Яғни бұл дегенің –ерлігімен елге елге сіңірген еңбегімен, ерекше бойға біткен адамгершілік қасиетімен халқына қалаулы болған адамдардың рухынан қуат алып кейінгі ұрпаққа үлгі өнеге ету деген сөз.
Ата –ананың алғысы жәй қарапайым тілмен айтқанда бала үшін Алланың жарлығымен тең деуге болады. Ғұлама ғалым дәрігер Әбу Әли Ибн Синадан дәрігерлік емдеу қасиетіңізді сіз кімнен үйрендіңіз дегенде: «Тәуіптліктің киелі күшін анамның аялы алақанынан, жібектей әуенінен үйрендім деген екен» шындығында солай болар.
Ата –ананы құрмет тұту біздің халқымыздың қанында барлығын дінімізде, салтымызда, ақынымызда,жырымызда,и әнімізде, күйіміз де қолдап бір –бірін толықтырып дәлелдей түседі деп тілге тиек етеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет