Философия, оныњ пєні, негізгі баѓыттары, функциясы жєне зерттеу объектісі



бет34/71
Дата25.01.2022
өлшемі0,52 Mb.
#114729
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   71
Байланысты:
О У- дістемелік кешені (Барлы маманды тар а арнал ан)

Перцептивтік қарым-қатынас - басқа адамның ішкі жан дүниесін сезіне алу (perceptio - қабылдау, сезіну, психикалық түйсіну қызметі). Перцепция - сезім органдары арқылы алынған ақпараттарды өңдеу мен танудьң, түйсінудің психикалық қызметі. Әрине, даму үстіндегі тұлғаның ішкі жан дүниесін түсіну күрделі процесс. Бұл қабілет көбінесе психологтарда, дәрігерлерде, педагогтарда байқалады. Адамның өзін басқаның орнына қоя алып оны сөзсіз түсіне алуы, сезінуі эмпатия деп аталады. Әсіресе мұғалім мен шәкірт арасындағы қарым-катынаста эмпатия арқылы балалардың тұлғалық қасиеттерін бағалауға болады. Сонымен педагогикалық іс-әрекеттегі эмпатия - мұғалімнің өз шәкіртінің ішкі жан дүниесн сезіне алуынан, өзін оның орнына қоя алуынан байқалады. Педагогтың эмпатиялығы оқушылармен тығыз қарым-қатынастағы кикілжің, шиеленіс жағдайлардан тиімді жол тауып шығуына көп септігін тигізеді. Ал адамның өзін-өзі түсінуі, өзін басқалардың қалай қабылдайтыны жайлы өзін талдап бағалауы рефлексия деп аталады. Адамның «Мен қандаймын?», «Мені басқалары қалай қабылдайды екен?» деген сұрақтарға жауап іздеуі рефлексиялық процесс болып табылады.

Перцептивті қарым-қатынасты ұйымдастыру үшін окушылардың психофизиологиялық, жас және дербес ерекшеліктерін меңгеру қажет. Неғұрлым мұғалім шәкірттерін түсінуге ұмтылған сайын оқушылар да мұғалімге түсінушілікпен қарайтын болады. Бұл жағдайда педагогикалық процестің екіжақтылық сипаты байқалады.

Өкінішке орай, өз әрекеттеріне рефлексиялық талдау жасай алмайтын мұғалімдер де кездеседі.



Ондай адамдар педагогикалык процестегі кез келген сәтсіздікте тек оқушыларға кінә тағады және үнемі өзінің іс-әрекеттерін дұрыс деп есептейді. Олар бала жанын түсінуге тырыспай, оның пікірлерімен санаспай, керісінше оның айтқандарьн елеп-ескермей, сөздерін аяғына дейін тыңдамай, өз еріктері бойынша шешім қабылдай береді. Бұл жағдайда бала педагогикалық іс-әрекеттің субъектісі емес, тек объектісі ретінде қала береді.

Сонымен педагогикалық қарым-қатынастың тұлға дамуындағы маңыздылығын атай отырып оның атқаратын мынандай негізгі қызметтеріне (функцияларына) тоқталып өтейік:

/. Қарым-қатынастың коммуникативтік қызметі арқылы ақпараттармен алмасу процессі іске асырылады. Оқушыларды тәрбиелеу, оқыту, олардың тұлғаларын дамытып қалыптастыруда маңызы зор.


  1. Қарым-қатынастың интербелсенділік қызметі арқылы оқушылардың өзара бірлескен ынтымақтастық іс-әрекеттерін ұйымдастыру, реттеу, басқару іске асырылады.

  2. Қарым-катынастың перцептивтік қызметі аркылы оқушылардың психикалық жағдайын сезіне алу, олардың көңіл-күйін түсіне білу іске асырылады.

Қарастырылып отырған қаръм-қатынас қызметтері нақты педагогикалық іс-әрекетте өзара бір-бірімен тығыз байланысып жатады. Себебі ақпараттармен алмасу барысының өзінде мұғалім оқушылардың ішкі жан дүниесін сезініп және олардың өзара бірлесіп оқу-танымдық жұмыстарға қатысуын іске асыра береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет