Философия пәні бойынша ІІ аралық бақылауға арналған бақылау жұмысы



бет3/3
Дата11.05.2022
өлшемі108,47 Kb.
#142727
1   2   3
Байланысты:
Философия РК2

3.Ислам. Исламның қалыптасуы
Ислам әлемінің ғалымдары ислам діні тек бір қауымға, бір ұлтқа ғана тән жаңа дін деп санамайды. Ислам бүкіл адамзатқа берілген ең соңғы, кемел, білім мен бейбітшілік және татулық діні. Адам Атадан Мұхаммед (с.а.у) пайғамбарымызға дейінгі пайғамбарлар уағыздаған діндер – ислам діні болатын. Ислам діні исламға дейінгі діндерге адамдар тарапынан енгізілген бұрмалаушылық пен жаңсақтықтарды түзеткен. Алла елшісі әз-Мұхаммед 570 жылы сәуір айының 20-жұлдызында Мекке қаласында дүниеге келген. Алла елшісінің әкесі – Абдулла, анасы Әмина тұғын. Меккеліктерде сәбилерін сүт аналарына беріп бақтыру салты болатын. Хазірет пайғамбар сүт анасы Халиманың қолында бес жасына дейін тұрып, анасының жанына оралады. Дүниеге көзін ашпай әкесінен айырылған әзМұхаммед 6 жасынан анадан да жетім қалған соң, атасы Әбді-Мүталіптің тәрбиесінде болды. Хазірет Мұхаммед 8 жасында кіші атасы Әбуталіптің қолына келді. Мұхаммед құрайыш тайпасынан еді. Әшім және оның баласы Әбдімүтәліп Қағбаның шырақшылары беделді, абыройлы адамдар-ды. ӘзМұхаммед (с.а.у) 25 жасында құрайыш тайпасындағы мәртебелі, бай әйел Хадишаға үйленеді. Хазірет Мұхаммедке пайғамбарлық 40 жасында келген деген пікірлер діни деректерде жазылған. Күллі меккеліктердің құрметі мен сүйіспеншілігіне бөленген әз-Мұхаммедті «Мұхаммед әмин» деп атайтын. Алла елшісі жайында Таурат пен Інжілде айтылған. Мұхаммед пайғамбар – бір қауымға ғана емес, бүкіл адамзатқа жіберілген ақырзаман пайғамбары. Мұхаммед пайғамбар Алланың сөзі Құран Кәрімді адамзатқа түсіндіріп насихаттады. 610 жылы қасиетті рамазан Қадір түнінде Құран Кәрімнің алғашқы аяттары Жәбірейіл періште арқылы уахи етіліп, Мұхаммедке пайғамбарлық жолы ашылды. Бұл – ислам өркениеті мен мәдениетінің бастауы ретінде адамзат тарихының ең маңызды белесі болатын. 622 жылы мұсылмандар Меккеден Ясрибке («Мәдинәт ун-Нәби – Пайғамбар қаласы») көшіп барады. Мәдина қаласының Ауыс және Хизреж рулары ансарлар (көмекшілер) муһажирлерді (көшіп келушілер) құшақ жайып қарсы алды. Хижра – мұсылман күнтізбесінің басталуы, әлемнің мұсылман елдерінде осы күнтізбе қолданылады. Әз-Мұхаммед 632 жылы 63 жасында қайтыс болды. Пайғамбарлардың мөрі Алла елшісінің өсиеттерін, сөздерін сахабалар (пайғамбарымызбен серіктес болған мұсылмандар) мен табиғиндар (сахабаларды көргендер) болашақ ұрпақтарға жеткізді. Мұхаммед (с.а.у) қайтыс болғаннан кейін мұсылман қауымы алдында Халифатты басқару ісін шешу мәселесі туындады. Күллі мұсылман әлеміне әділетті халифтер (мұрагер) пайғамбарымыздың (с.а.у) ең жақын адамл серіктері мұсылмандардың әіршілері болған. Ислам дінін өркендетуге зор еңбек сіңірген әділетті 4 халиф: Әбу Бәкір әс-Сыдық, Омар ибн әл-Хаттаб, Осман ибн Аффан, Әли ибн Әбу Тәлиб. Ислам Философиясы – ислам өркениетіне тән рухани және тәжірибелік дүниетаным жүйесі. Ислам өркениеті мен оның философиясы дәстүрлерінің қалыптасып, дамуындағы арабтармен қатар өзге де түрлі халықтар мәдениетінің елеулі үлесі мен атқарған рөліне байланысты бұл құбылысқа анықтама беру кезінде түрлі әдебиеттерде “араб тілді философия”, “арабмұсылман философиясы”, “араб философиясы”, “исламдық шығыс философиясы” деген тәрізді атаулар жиі қолданылады. Ислам өркениетінің өзіндік сипаты және айрықша ерекшелігі – ислам дінімен тікелей байланысты. Ислам философиясы мұсылмандардың қасиетті кітабы – Құранда тұжырымдалатын “дүниені қабылдау” ауқымында қалыптаса келіп, ислам өркениетінің жалпы мән-мазмұнын бейнелейді. Ислам философиясының даму кезеңі үшке бөлінеді: o Ислам философиясының классикалық кезеңі (8 – 15 ғасырлар); o кейінгі (15 – 19 ғасырлар) o қазіргі заман (19 ғасыр – 20 ғасырлардың 2-жартысы). Ислам Философиясы – ислам өркениетіне тән рухани және тәжірибелік дүниетаным жүйесі. Ислам өркениеті мен оның философиясы дәстүрлерінің қалыптасып, дамуындағы арабтармен қатар өзге де түрлі халықтар мәдениетінің елеулі үлесі мен атқарған рөліне байланысты бұл құбылысқа анықтама беру кезінде түрлі әдебиеттерде “араб тілді философия”, “арабмұсылман философиясы”, “араб философиясы”, “исламдық шығыс философиясы” деген тәрізді атаулар жиі қолданылады. Ислам өркениетінің өзіндік сипаты және айрықша ерекшелігі – ислам дінімен тікелей байланысты. Ислам философиясы мұсылмандардың қасиетті кітабы – Құранда тұжырымдалатын “дүниені қабылдау” ауқымында қалыптаса келіп, ислам өркениетінің жалпы мән-мазмұнын бейнелейді. Ислам философиясының даму жолына қарағанымызда мынадай негiзгi философиялық ағымдардың пайда болғанын көремiз: 1-Дәһриййұн: Философиялық материализмнiң уәкiлдерi. Бұл философиялық ағым мұсылманшылықтан емес, мұсылмандар жаулап алған Орта Шығыс елдерiндегi йаһұди, христиан яки басға дiндердегi философтардың әсерiнен пайда болған. Басты өкiлдерi Әбу Әли Рижа, Әбу Иса әл-Уаррақ, Башшар Бұрдұлы және Ахмед Йахйаұлы Исхақұлы әл-Рауанди. 2- Табиғиййұн: натуралистiк философияның өкiлдерi. Мутазиланың рационалды философиясының дамыған түрi болып саналады. Бұларды ампиристер десе де болғандай. Негiзгi өкiлдерi әл-Серахси, Әбу Бәкiр Мұхаммед Зәкарияұлы әлРази. 3-Тiл және аналитикалық философия: Құран Кәрім аяттары мен хадистердiң мағыналарын дұрыс түсiну үшiн араб тiлiнiң морфологиясы уә синтаксы жөнiнде көптеген жұмыстар жасалған. Осы салада қомақты еңбектер жазған ғалымдар Әбу Бишр Амр Османұлы Сибеуейх, Әбу Мұса Жәбир Хаййанұлы, Әбу Абдұррахман әл-Халил Ахмедұлы. Белгiлi хакім Әбу Хамза әл-Хасанұлы әл-Исфаһани оларды «әл-Фәласифат-ұн нахуиййұн», яғни тiлбiлiмi саласының хакімдері деп атаған. 4-Метафизикалық философия: «илаһиййұн» деп аталған осы топтан Йақұб Исхақұлы әл-Кинди, Мұхаммед Әбу Насыр әл-Фараби және Әбу Хамид Мұхаммед әл-Ғазали сияқты мәшһүр ойшылдарды айтуға болады.

Пайдаланған әдебиеттер:
"Islam". Encyclopaedia Britannica Online.
• Encyclopaedia Britannica — Sharïah.
• «Ислам ғылымхалы»; Мұхитдин Исаұлы, Қайрат Жолдыбайұлы
. • Большаков О. Г. История Халифата. — 2-е изд. — М.: Издательская фирма «Восточная литература» РАН, 2000. — Т. I. Ислам в Аравии. 570—633. — 312 с.
• Мюллер А. История ислама. От доисламской истории арабов до падения династии Аббасидов. — 2004. — 170 с.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет