Философия пәні және оның қызметі


Тұңғыш рет “философия” терминін б.з.б. VI ғ. Пифагор қолданған



бет3/3
Дата13.12.2021
өлшемі82,61 Kb.
#125449
1   2   3
Байланысты:
философия пәні ....
философия пәні ....

Тұңғыш рет “философия” терминін б.з.б. VI ғ. Пифагор қолданған.

Философияның миф пен діннен айырмашылығы: - білімге (ғылымға) негізделген (қиялға, сенімге емес); - рефлексиялық (ойлаудың өзіне-өзі бағытталуы); -логикалық (бірізділікті, жүйелі); - нақты ұғымдар мен категорияларды тірек етеді, сүйенеді). -

Философиялық дүниегекөзқарас тұрғысында өзінің эволюциялық дамуының мына үш кезеңінен өтті: - космоцентризм; - теоцентризм; -антропоцентризм.

Космоцентризм деп қоршаған ортаны, табиғат құбылыстарын, тіршілікті жасаушы дүлей, шексіз сыртқы күш – Ғарыш, барлық өзгерістер ғарыштық айналым арқылы жүзеге асады деп түсінетін философиялық көзқарасты айтады. (Ежелгі Үнді, Ежелгі Қытай, басқа да Шығыс елдері және ежелгі Грекия).

Теоцентризм деп барлық тіршіліктің мәні дүниеден

тысқары тұрған тылсым күш – Құдайда деп түсінетін философиялық көзқарас түрін айтады. (Ортағасырлық философияға тән).

Антропоцентризм деп адам мәселесін негізгі мәселе деп қарастыратын философиялық көзқарас түрін айтады. (Еуропалық Қайта өрлеу, жаңа және қазіргі заман философиялық

мектептер).

Философиялық білімнің ерекшеліктері:

  • Өте күрделі құрылым (онтология, гносеология, логика және т.т.);
  • Шегіне жеткен жалпылық, теориялық сипат алуы,
  • Өзге ғылымдардың негзін қалайтын түпкілікті, бітімдік идеялар мен ұғымдарды өзінде сақтайды;
  • Көбінесе субъективтік қасиет тән – жеке тұлғалар мен ойшылдардың дүниегекөзқарастық ойларының таңбасы басым;
  • өз заманының ықпалын сезінеді, сүрген дәуірінің объективтік білім мен құндылықтарының, әдептілік мұраттарының жиынтығы болып табылады;
  • Философиялық білім әрдайым дамиды, әрі жаңарып тұрады;
  • Философия өз мәнінде шексіз, әрі сарқылмайды, таусылмайды; адамның танымдық қабілеттілігімен шектелген, шешімі жоқ, “мәңгі” мәселелері бар, бұлардың бәрін бүгінгі таңда логикалық жолмен дәйекті шешу, тану мүмкін емес.

Философия ілімінің негізгі әдістері:

  • Диалектика – болмыс пен танымның, заттар мен құбылыстардың, ойлаудың жалпы даму заңдылықтарының өзара байланысын, ішік қайшылықтарын зерттейтін философиялық әдіс.
  • Метафизика – диалектикаға қарама-қарсы таным әдісі, мұнда заттар мен құбылыстар бір-біріне байланыссыз, ішкі қайшылықсыз, тұрақты түрде өзгеріп отырады деп түсіндіріледі.
  • Әмбебапты логика - ежелгі шығыста қалыптасқан әдіс, бұл әдіс әлемді алуантүрлікте және қарамақайшылықтардың абсолюттік бірлігінде қарастырады.

Философияның қызметтері:

  • Дүниетанымдық;
  • Методологиялық;
  • Теориялық;
  • Гносеологиялық;
  • Сыншылдық,
  • Аксиологиялық,
  • Әлеуметтік,
  • Тәрбиелік-гуманитарлық,
  • Эвристикалық,
  • Өзге де көптеген қфзметтер.

Пән деп философияның зерттейтін мәселелерінің жиынтығын, ауқымын айтады. Философиялық білімнің, философия пәнінің жалпы құрылымдық тұрғыдағы негізгі бес бөлімін атайық: - онтология (болмыс туралы ілім); - гносеология (таным туралы ілім); - адам; - қоғам; - философия тарихы.

Философияның негізгі бағыттары:

Гносеологиялық:

  • гностицизм,
  • агностицизм,
  • эмпиризм,
  • рационализм.

Онтологиялық:

  • материализм,
  • идеализм (объективтік, субъективтік),
  • дуализм
  • деизм.

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет