Дін – жаратылыстан, адам мен адамзаттан тыс, құдіретті күшке сенуге негізделген дәстүрлі қоғами сана формасы. Діни көзқарасқа қоршаған ортаны сезімдік, бейне – эмоциялық, тылсымдық формада қабылдау тән. Діннің қызметтері: 1. біріктіруші (бір идея төңірегінде қоғамды ынтымақтандыру); 2. мәдени-танымдық (белгілі бір мәдениетке ықпал ету); 3. әдептілік-тәрбиелік (қоғамда адамға деген сүйіспеншілік, махаббат, кешірірімділік, аадалдық, ізеттілік, төзімділік, борыштық).
Философия пәні, әдістері және қызметтері.
Философия(грекше филео –махаббат, құштарлық, софия - даналық) даналыққа құштарлық, даналықты сүю мағынасын береді.