Философия пәнінен емтихан билетінің сұрақтары


Онтология – болмыс туралы ілім. Бар болудың онтологиялық құрылымы



бет16/49
Дата17.10.2023
өлшемі188,47 Kb.
#185935
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   49
Байланысты:
философия тест ответы

22.Онтология – болмыс туралы ілім. Бар болудың онтологиялық құрылымы.
Онтология-болмыс мәселесін зерттейтін философияның бөлімі. Онтос сөзін алғаш рет антикалық ойшыл, Парменид қолданған. Грек тілінен аударғанда (ontos – барлық тіршілік, бар нәрсе; logos – сөз, ақыл, ой, ілім ) дегенді білдіреді. Яғни, онтология – бар дүниенің негіздері туралы ілім немесе болмыс туралы ілім. Онтология жалпы негіздерді, болмыс принциптерін, оның құрылымы мен заңдылықтарын зерттейді.
Онтологияның қарастыратын екі мәселесі: болмыс мәселесі және болмыс пен сананың арақатынасы мәселесі.
Адамның дүниеге қатынасының негізінде қандай құндылық жатса да, оның бастамасы — болмыс. Мәнділік жөнінде айтқанда не нәрсенің болса да дүниеде болу жолы немесе тәсілі оның негізін құрайды дегенбіз. Болу жолдары және сан алуан құндылықтар — бәрі де ең алдымен жалпы болуға тиіс. Онда болмыс деген не нәрсе? Бұл сұраққа оның барлық формаларының мазмұнын ашу арқылы ғана жауап беруге болады. Болмыстың нақты, жеке формаларының бәріне ортақ жалпы қасиет, ол — болу.
Болмыстың негізгі түрлері: 1) Заттар (денелер), процестер болмысы: а) бірінші табиғат; б) екінші табиғат. 2) Адам болмысы: а) заттар дүниесіндегі адам болмысы; б) адамның өзіндік болмысы. 3) Рухани болмыс: а) жеке адамның рухани болмысы; б) қоғамның рухани болмысы. 4) Әлеуметтік болмыс: а) қоғамдағы және тарих процесіндегі жекелеген адам болмысы; б) қоғам болмысы.
23.Болмыс және бейболмыс (Парменид, Зенон).
Парменид - «болмыс» ұғымын алғаш рет философияға енгізген, ежелгі грек философы, Элей мектебінің өкілі. Парменид дүниені қозғалмайтын, тұтас, толтырылған шар түрінде елестетті. Екі бастаманы көрсетеді - от, жарық және қараңғылық. Сезімнің көрсетуіне сенбеу, пайымдық білімді жоғары бағалау Парменид іліміндегі рационализмнің басым екендігін аңғартады. «Болмыс - бар нәрсе, олай болса ол туралы ойлауға, оймен бейнелеуге, зерттеуге, сипаттауға болады», - дейді. Парменидтің пікірінше,нағыз болмыс бұл - әрқашанда бар нәрсе. Ал болмыс әрқашан да тұтас және бөлінбейтін болғандықтан, ол туралы ой да бүтін және бөлінбейді, оның үстіне оның өзінің болмысы бар. Нағыз болмыс - бұл ақыл - оймен игерілетін болмыс. Болмыс пен ой тепе - тең.
Адамды субъективтілік шеңберінен тысқа шығарып, объективтілік деңгейіне
жеткізе алатын және оның дәйектілігі мен күмәнсіздігін негіздейтін ой
адамға сенімділік береді.
Парменидтің «болмыс» категориясы адамдардың күнделікті,
практикалық өмірінде жүзеге асырылып отыратын нақты іс - әрекеттері мен
ойларының философиялық тұрғыда түсіндірілуі ғана емес, сонымен қатар ол
батыстық адамға тән дүниетанымдық және аксиологиялық принциптерден де
бұрын оның нақты өмірлік қажеттіліктерін бейнелейтін нақты да айқын
экзистенциалдық негіздер болып табылады.
Осылайша Парменид болмыс мәселесін философияның ең басты мәселесі
ретінде негіздеп қана қоймай, оның болмыс туралы ілімі метафизика үшін мүмкіндіктер ашты, яғни адамға да, адамзатқа да бағынбайтын материалдық та, материалдық емес те болмыс туралы, табиғи мәнділіктердің соңғы идеалдық себептері туралы және ақыры аяғында барлық өмірде бар нәрселер туралы айтуға мүмкіндік беретін ілімге жол ашты.
Зенон (б.з.д. 490 - 430 жж.) - Элей өкілі. философияға тұңғыш рет диалог формасының қолданылуын енгізді. Ол қозғалыстың диалектикалық табиғаты туралы мәселелерді теріс формада қолданды. Зенон үшін болмыста қайшылық жоқ, сондықтан қайшылықты болмыс - жалған (елес) болмыс. Зенон философия тарихында «Ахилл және тасбақа», «Жебе» т.б. апорияларымен белгілі. Апория (гр. Aporia – тығырыққа тірелу, шарасыздық) - ежелгі грек философиясында шешілуі қиын мәселені білдіретін ұғым. Апория заттың өзінде немесе ол туралы ұғымдағы қарама - қайшылықтың негізінде пайда болады. Зенонның қозғалыстың мүмкін еместігі туралы пайымдауларын апория деп атайды. Зенон апорияларының мәні мынадай: белгілі қашықтықтан өту үшін оның жартысын жүріп өту керек; жартысын жүріп өту үшін осы жартының жартысын жүріп өту керек, сөйтіп осылай кете береді. Бұдан шығатын қорытынды: қозғалыстың басталуы мүмкін емес


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет