Философия пәнінен емтихан билетінің сұрақтары


Ежелгі Үнді діни философиялық ілімдердегі адам мәселесі



бет29/49
Дата17.10.2023
өлшемі188,47 Kb.
#185935
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   49
Байланысты:
философия тест ответы

45.Ежелгі Үнді діни философиялық ілімдердегі адам мәселесі.
Ежелгі Үнді философиясы. Үнді философиясын зерттеуші ғалымдар философия ғылымының бастауы, бүкіл Шығыстың философиялық идеяларының қайнар көзі Үнді елі, ең бастысы — Үнді ойшылдары адамзатты осы күнге дейін толғантып келе жатқан мәселелерді көне заманның өзінде-ақ қоя білді деп есептейді. Бұл пікірлермен жалпы алғанда келісуге болады.

Ежелгі Үнді қоғамы төрт варнаға бөлінді: брахмандар, кшатрийлер, вай-шьялар және шудралар. «Варна» сөзі «түс, қабық, бояу» дегенді білдіреді және әрбір варнаның өз түсі болды. Варна — тұйық жүйе, адамның варнадағы орны және әрбір варнаның қоғамдағы орны қатаң сақталынды. Брахмандар — ой еңбегімен, кшатрийлер — әскери істермен, вайшьялар — жер өңдеумен, қолөнермен және саудамен, ал шудралар — қара жұмыспен шұғылданды. Атап өтетін бір ерекшелік — варналарға қатаң бөліну қазіргі заманғы Үнді мемлекетінде осы күнге дейін қатаң сақталып отыр. Біздің ойымызша, қазіргі заманғы Үнді мемлекетінің дамуын тежеуші факторлардың бірі осы болуы да мүмкін.
Көне Үнді қоғамының осындай әлеуметтік жіктелуі, осы қоғамда өмір сүріп отырған адамдардың тұрмысының қиындығы оның философиясының негізгі тақырыбын да анықтады: ежелгі Үндінің философиялық пайымдау объектісі — жеке адамның өмірі, оның ішкі дүниесі, басқа адамдармен қарым-қатынасы мәселелері болды.
Философиялық ой біздің дәуіріміздің алғашқы І-ші мыңжылдықтың ортасында Ежелгі дүниенің негізгі үш орталығындағы -Үндіде, Қытайда ертедегі Грецияда шамамен бір мезгілде туды. Ежелгі шығыс елдеріндегі, ең алдымен, Үнді мен Қытай философиясының дамуы мен қалыптасу тарихы, «оларда философия толық дамымаған» — деген еуропашылдық көзқарастарды жоққа шығарады. Қазіргі уақыттары Шығыс және Батыс философиялық ойларының бір-біріне деген ықпалдары адамзат өркениетінің жаңа үлгісіндегі тұжырымдарды тудыруда.
Ежелгі шығыста адам өмірінің мәні, жағдайды өзгерту арқылы емес, оның өзін-өзі өзгерту шарттарымен байланыстырылады. Өзін-өзі өзгерту идеалы болып көнелік саналады. Шығыс философиясы әуеліде көнеліктің, кейіннен діннің «қызметшісі» және де жаңа ілім ескі теорияларды дәл, нақты оқуымен баламаланды. Шығыс философиясы әр уақытта бірсалалы болып келеді және онда онтологиялық, гносеологиялық, этикалық, психологиялық тұрғылардан қарастыру позициялары болмайды.
Шын мәнінде, үнді өркениеті, біз саналы немесе рефлексиялы түрде үлгі-нұсқа ретінде санайтын еуропалықтан айырмашылығы бар, мәдениеттің және тарихтың басқа үлгісі болып саналады. Алайда адамзаттың рухани жетуілуі — ғылым, философия, демократия батыста дүниеге келген деген түсінік біздің санамызға әбден сіңсіп кеткен.
Үнді философиясы — адам ақылының тәуелсіз жетістігі. Дін мен әлеуметтік мәселелер өмірде басты роль атқаратын болса да, ол философиямен еркін айналысуға мүмкіндік берді. Адам өмірі касталық құрылым нормаларымен шектелсе де, кез-келген пікірге қосылуға құқығы болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет