Миф-дүниетанымның ерекше формасы.
Мифтің жан-жақты мазмұны ғылыми және діни түсіндіруді қажет етпейді.
Мифологиялық ойлау формасынан адамзат ойлаудың күрделі және жетілдірілген формаларына көшті.
6.Философия – білім мен рухани қызметтің ерекше түрі.
Философия - адамның рухани қызметінің, қоғамдық сананың ерекше түрі. Бұл болмыс пен танымның жалпы қағидалары туралы ілім.Қоғамның және қоғамның дамуының жалпы заңдылықтары туралы ойлау.Философия әлем мен ондағы адамның орнына көзқарастың жалпыланған жүйесін білдіреді, адамның әлемге танымдық, құндылық, әлеуметтік-саяси, адамгершілік және эстетикалық көзқарасын зерттейді. Бұл ғылым Қоғамдық болмысқа белсенді әсер етеді, идеалдарды, адамгершілік және мәдени құндылықтарды қалыптастыруға ықпал етеді. Философия, дінге қарағанда мифологияға және дүниетанымның басқа да түрлеріне , өз ұстанымдарын ұтымды негіздейді.Қазіргі уақытта нақты зерттеулер философиялық білімнің мынадай салаларында жүргізіледі: логика; философиялық антропология (адам философиясы); этика (адамгершілік философиясы); Ғылым философиясы; техника философиясы; Тарих философиясы; мәдениет философиясы; дін философиясы.
Философияда құрылымның келесі деңгейлерін немесе негізгі элементтерді бөлуге болады:1)Метафизика.2) Онтология. 3) Аксеология. 4) Гносеология (эпистимология).
Негізгі функциялар:1)дүниетанымдық.2)әдіснамалық.3) Праксиологиялық.
Философия баяндауының өз тәсілі бар, сұрақтарды қойып және оларға жауап беруге тырысу. Философияның категориялары жалпы байланыстарды, заттардың қарым-қатынасын көрсетеді. Өз жиынтығында олар адам интеллектінің негізін құрайды.
Бұл кез келген құбылыстарға қоса берілетін жалпы ұғымдар: болмыс, материал, зат, құбылыс, себеп-салдары, кездейсоқ-қажеттілік және т. б.. Қазіргі әлемде білімнің одан әрі дамуы, оның дифференциациясы мен интеграциясы жүріп жатыр. Ғылымда жаңа бағыттар пайда болу үстінде: кибернетика, синергетика және т. б.. Оның ішінде философиялық білім де қоғам және мәдениетпен бірге дамуда.
7.Жан, ақыл, парасат, рух. Антикалық философиясындағы рух пен парасаттың космологизмі.
Жан — адамның , жан-жануарлардың (кейде өсімдіктердің) бойындағы тіршілік қуаты. ДӘстүрлі түсінік бойынша, жанның заттық қасиеті жоқ делінетіндіктен, оны ғылым жолмен тану мүмкін емес деп есептелген. Бірақ қазіргі замандық зерттеулер бойынша жан адам денесінің тұтас жүйесіне және миындағы нейрондардың қозғалысына тәуелді дейтін функционализ идеясы қалыптасқан. Ол бойынша жан тіршілік жасушасының ерекше қасиеті мен қабілеті.
Ақыл (кейде Рационалдылық, ағылш. Rationality) – ақылды (rational) түрде ойлау мен әрекет ету процессі, немесе күйі болып, пайымға негізделген зерде деңгейі, саналылықтың жоғары түрі.[1][2] Ақыл адам сенімінің сену негізіне сай келуін, әрекетінің әрекет ету негізіне сәйкес болуын білдіреді. Ақыл ұғымы философияда көп мағыналы,[3] ол сондай-ақ экономика, әлеуметтану, психология, эволюциялық биология, ойын теориясы және саясаттану секілді әртүрлі салаларда арнайы мағыналарға ие.
Ежелгі ойшылдар еңбектерінде ақылдың екі деңгейі болатыны айтылады. Ол — пайым және парасат. [4]
Пайым — ақылдың табиғи күші, ол әрбір адамға тән. Есі дұрыс әрбір адамның тіршілік дағдыларын қай дәрежеде меңгергендігіне байланысты ойлау жүйесінің ең төменгі буыны.
Парасат — ойдың мүлдем жаңа таным-білімдерді қорыта алатын және шындықтың аса терең мәнін танып біле алатын жоғары жасампаздық қабілеті.
Философияның тарихында ақылдың осы екі деңгейін зерттеуге неміс философы Кант зор үлес қосты. Ол ойлау жүйесінің үш қасиетін бөліп атайды:
жалпыны тану қабілеті (тіршілік ережелерін белгілеуі немесе ұғып алуы) — пайымдылығы;
ерекшені жалпымен байланыстыруы (яғни жеке жағдайларды жалпының ерекшелігіне ендіруі) — тұжырымдау қабілеті;
ерекшені жалпы арқылы анықтау қабілеті (яғни принциптерді шығару қабілеті) — парасаттылығы.
Интеллектуалдық таным қабілеті әр адамда әртүрлі, тіпті бір адамның өзінің түрлі өмір кезеңдерінде ол бірдей болмайды. Ойлау қабілетін дамыту, тәрбиелеу керек. Адам танымының табиғи прогресі туралы айта келіп Кант алдымен ақыл дамитынын: тәжірибенің негізінде ой айқын тұжырымдарға, сонан соң тұжырымдар көмегімен ұғымдарға жететінін, содан кейін бұл ұғымдардың негіздері және себеп-салдарлары ақылмен танылып, ең соңында ғылыми жүйеге келтірілетінін дәлелдейді. Сондықтан ақыл беру де (жас жеткіншектерге) дәл сол жолмен жүруге тиіс. Оқытушы да өз тыңдаушысынан алдымен пайымдай алуды, сонан соң ақылдылықты, ең ақырында ғалымдық қасиеттерді күтуі керек.
Ақыл-ой дамуының ең жоғарғы дәрежесі — даналық (өмірлік тәжірибеге сүйенетін терең ақыл). Адамның кейбір интеллектуалдық қызметтерін “жасанды интеллектіге” беру — компьютерлерді кеңінен қолдану да ақыл-ой қабілеттерін ары қарай жетілдіреді.
Парасат – жеке тұлғаның қадір-қасиетін, кісілік кемелдігін білдіретін жиынтық ұғым.
Әдетте, бұл сөз тілдерімізде ақыл, пайым сөздерімен қосарлана, қос сөз жасай: ақыл-парасат, парасат-пайым түрінде де айтылады. Парасат сөзі жастардан гөрі көбіне оң-солын ажыратып, ақыл тоқтатқан, сақа жастағы және үлкен адамдарға қатысты қолданылды. Ол жеке тұлғаның интелектуалдық және мінез-құлық жағынан толысып, жетілгендігін, жоғары мәдениеттілігін көрсетеді. Француз философы Г. Мабли «Біздің бойымызға біткен қасиеттердіңішіндегі ең маңыздысы және ең ізгісі- парасат», — дейді.
Парасатты адамға істейтін ісін, сөйлейтін сөзін, қабылдайтын шешімін алдымен ақыл таразысынан өткізіп алу, әдеп-инабат, адамгершілік жағынан кінаратсыздық, салихалық пен мейірімділік, ізгілік пен кең мінезділік тән. Сондықтан парасат парасат даналық ұғымына жақын, көптеген авторлар сол мәнде де қолдана береді. Басқа қандай артықшылығы болғанымен, ұшқалақ, күйгелек мінезді адамдарды парсатты демейді. Сонда парасат ұғымы жеке адамның толысқан кемелдігінің белгісі ретінде үлкен сана мен келісті әдет инабаттылығының, кең, бай мінезінің жарасты тұтастығын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |