Философия пәнінен емтихан билетінің сұрақтары



бет1/21
Дата16.04.2022
өлшемі310,9 Kb.
#139542
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Философия


Философия пәнінен емтихан билетінің сұрақтары
1.Ойлау мәдениеті. Көркемдік рефлексия.
Ойлау мәдениеті-адамның ақыл-ой қызметінің әдіс амалдарын,нормалары мен ережелерін меңгеру дәрежесі.
Көркемдік рефлексия-бейнелеп көрсету,яғни субьектіні психикалық акты мен күйлерді өзінше талдау және тану процесі былайша айтқанда адам өзін өзі таниды.Бұл зерттеудің басты тақырыбы адамның өзі болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда рефлексия адамның өзінің ішкі ахуалы мен өзгерістерін тануы іспеттес: адам жасап жатқан әрекеттерін бір сәтке доғарып, өзінің ішкі жан дүниесіне үңіледі, өзімен өзі әңгімелеседі, сырласады, әрекеттерін талдап, оларға баға береді, өзіне «сырт көзбен» қарайды. Осыдан кейін әрекеттеріне өзгерістер енгізеді, кемшіліктерін түзейді, оларды болдырмаудың жолдарын қарастырады, болашақта қандай істер жасайтындығын жоспарлайды.

2.Философия – даналыққа құштарлық. Философияның сұқбаттық сипаты және эвристикалық мүмкіндіктері.


Философия сұқбаттық сипаты - философия мақсатын, міндетін, тағлымын жүзеге асырудағы философияның атқаратын қызметін айтамыз.
Эвристикалық функция - философиялану, яғни философияны оқып-үйрену процесінде адам дүниеге, бүкіл болмысқа жаңаша көзқараспен қарайды, оны бейне бір құлшыныс, шабыт сезімі, инсайт билейді. Ой кешуде, тылсым дүниенің інжу - маржанын тапқанда ойшыл адам сыр мен кемел сезімге бөленеді

3.Философиялық ойлау түрі – сын және күмәндану. Өткенге сыни көзқарас – қазіргі


Сыни ойлау «ойлау туралы ойлау»десек, әр жеке тұлғаның кез –
келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға
жеткізе алуы.Сыни ойлау, өзіндік, жеке ойлау болып табылады.Ол – өз
алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, шешімін табуды
қажет ететін мәселені анықтау, әр мәселеге байланысты өз пікірін айту, оны
дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды
және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді

4.Философия және дүниетаным. Дүниенің ғылыми, философиялық діни бейнелері.


Дүниенің ғылыми бейнесі - ол фундаменталды ғылыми анықтамалар мен қағидаларды жалпылау жəне синтездеудің нəтижесінде құрылған нақты дүниенің қасиеттері мен заңдары туралы тұтас жүйе. Дүниенің ғылыми бейнесі фундаменталды теорияны құру шеңберінде эвристикалық рөлді атқарады. Олар дүниеге көзқараспен тығыз байланыста болған соң қалыптасуында содан негіз алады.
Дүниенің философиялық бейнесі - мифология мен діннен дүниенің пайда болуы рационалды бағалаудан туындады.Философия-ол теориялық құрылған дүниеге көзқарас.Ол негізгі дүниетанымдық мәселелерді ойлау арқасында шешуге тырысады,ол ұғым мен пікірге сүйенеді.
Философияның дүниетаным ретіндегі эволюциясы 3 кезеңнен өтті:
1)космоцентризм; 2теоцентризм; 3)антропоцентризм.
Дүниенің діни бейнесі - пайда болуы ертедегі қауымдық адамдардың дүниетаным қабілеттерінің өте төмен болып, табиғат құбылыстарының сырын түсіне алмай, түрлі жағдайлардың себептерін рухани күш-құдіретке балағанын көрсетеді. Үш ірі дүниежүзілік дін бар: буддизм, христиан, ислам діндері. Діни негіздегі дүние көзқарасы мифологиялық сананың табиғи жалғасы. Діни дүниетаным табиғаттан тыс, құдіретті күшке адамның мүлтіксіз бағынуын уағыздайды. Адам санасында табиғи құбылыстардың бұрмаланған бейнесін туғызады, оны табиғатты өзгерту мүмкіндігінен шеттеуге бейімдейді.

5.Мифология, дін және философия. Қоғам дамуындағы мифтің рөлі.


Мифология – адамзаттың рухани мәдениетінің ең көне формасы. Миф (аңыз, ертегілер) сананың әлі толық жетілмеген біртұтас ең көне формасы. Қоғам дамуының бастапқы сатыларында қоғамдық сананың формасы мифтер барлық халықтарда болды. Мифологияда сыртқы дүние мен адам, ой мен сезім, зат пен идея, объективтік және субъективтік дүниелер арасында айқын шекара болмады. Белгісіз дүниені түсіндіруге тырысудан оданда белгісіздігі мол дүниені танып білуге ұмтылу, егерде ол дүние танып білуге мүмкіндік бермесе, тәңірге немесе құпия ғаламат күшке сілтеме жасау – Мифтің өзіне тән ерекшелігі. Философия-бұл сананың дүниетанымдық формасы, бірақ кез-келген дүниетанымды философиялық деп атауға болмайды. Адам қоршаған әлем туралы және өзі туралы өте үйлесімді, бірақ фантастикалық идеяларға ие болуы мүмкін. Ежелгі Грецияның мифтерімен таныс әр адам жүздеген және мыңдаған жылдар бойы адамдар армандар мен қиялдардың ерекше әлемінде өмір сүргенін біледі. Бұл нанымдар мен идеялар олардың өмірінде өте маңызды рөл атқарды: олар тарихи жадтың өзіндік көрінісі және қамқоршысы болды. Дін (лат. religio - тақуалық, киелілік) - дүниетанымның бір түрі, оның негізі адамның айналасындағы әлемде және нақты әрқайсымыздың тағдырында жетекші рөл атқаратын белгілі бір табиғаттан тыс күштердің болуына сенім болып табылады. Миф пен дін өзара байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет