Философия пәнінен лекциялар тезистері


№14- сабақ тақырыбы: Дін философиясы



Pdf көрінісі
бет21/22
Дата05.11.2022
өлшемі0,98 Mb.
#156701
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
Философия п нінен лекциялар тезистері
аза стан Республикасы ылым ж не жо ары білім министрлігі, 1 саб. Англия және Қытай үкіметтерінің хат алысуынан империализм туралы не біле аламыз
№14- сабақ тақырыбы: Дін философиясы 


Дәріс сабағының қысқаша мазмұны. Дін анықтамалары. Дін және философиялық білім. Дін 
және өнердің дамуы: дәни рәсімдерді өткізетін орындардың архитектуралық формалары. 
«Дүниежүзілік діндер» феномені. Діннің алғашқы формалары. Алғашқы діни формалардың 
мәселелері: эволюционизм (У. Тейлор), структурализм (Леви-Брюль, Леви-Строс), марксизм 
(С. Токарев). Буддизм және оның негізгі бағыттары. Христиан дінінің пайда болу тарихы 
және негізгі формалары. Ислам. Исламның қалыптасуы, догматикасы және тарихи 
формалары. Суфизм (Аль-Газали, Ходжа Ахмет Яссауи). Неміс романтизм өкілдерінің діни 
философиялық концепциясы (Ф.Шлейермахер). С.Кьеркегордің діни философиясы. 
Дін дегеніміз сенушілерінің әрекеті мен нанымын, моралы мен дүниетанымын белгілейтін, 
қадірлейтін және тауап ететін қасиетті орыны бар, киелі кітабы, қастерлі кісілері 
(пайғамбары) бар, түрлі культтардан тұратын, табиғаттан тысқары немесе трансценденталді 
құдіретке, рухани белгі-түсініктерге сиынатын дүниетаным формасы, о дүние секілді басқа 
тылсым өмірді бар деп есептейтін мистикалық түсінік жүйесі. 
Түрлі діндердің түрлі белгілері бар, әлемдегі діндерді бір түсінікпен түсіну мүмкін емес, 
дегенмен олардың ең басты ортақтығы: киелі, қасиетті заты, не орыны болуы, діни наным 
жүйесі, сиыну ережелері мен культы болуы, табиғиаттан тыс құдіретке, немесе обсолютті, 
трансцендентті күшке өмірін арнауы, өмірден тысқары өмір туралы фантазиясының болуы. 
Дін ритуалдардан, мерекелерден, еске алу мен сыйынулардан, немесе шоқынулардан, тежем-
тиымдардан, транстардан, ән-күй-би немесе әлеуметтік топтық жиналыстардан, басқа да 
мәдение шаралардан тұрады. Оның қасиеттендірілген тарихы, және сол туралы ертегі-
аңыздары болады, сол арқылы ол адамдарға өмірдің сондай түрдегі шындығы ең дұрыс 
дегенге сендіргісі келеді. Дәстүр, наным, табыну және құлшылық діни сенімнің негізі. 
Әлемде 10 000 түрден астам дін бары белгілі. Бірақ жер шары тұрғындарының 84 пайызы ең 
үлкен делінген 5 дінге сенеді: Христиан, Ислам, Үнді діні, Бұдизм, және Еврей діні. 
Діннің әсеріне ұшырамаған және ешқандай дінге тән емес адамдардың сенімі бәлкім атеизм - 
яғни Құдайға сенбейтін, сондықтан дінге сенбейді; немесе бәлкім агностицизм - Құдайды бар 
деп есептейтін, бірақ тегі қалай екені туралы пікірлерге күдікпен қарайтын, сыни ойлайтын, 
ал мәлім діндерге негізінен сенбейді. Дінге сенбейтін немесе қатыссыз адамдардың саны 
қазіргі әлемде жаппай өсуде. Әсіресе дамыған елдерде агностикатер мен атеистердің саны 
артып барады. Ал даму үстіндегі және дамымаған елдерде дінге сенушілер негізінен тұрақты 
сандық шамада сақталуда. 
Теология, ғылыми дінтану, салыстырмалы дінтану, әлеуметтану, философия секілді пәндер 
дінді теориялық және практикалық мағынада зерттейді. 
Дін - сену жүйесі 
Дүниедегі негізгі діндердің картасы 
Жер бетіндегі көптеген тілдерде дін (religion) сөзіне дәл келетін сөз жоқ екен. Өйткені діни 
мәдениет баршаға таралғанымен, оның пайда болуы барша халықта бірдей басталмаған. 
Ибраһимдік діндер делінетін Христиан, Ислам және Иудаизм (Еврей діні) үшеуі тек әу-баста 
еврей және араб халықтарын бастау етті, кейін басқа халықтарға таралды. 
Ғылыми зерттеулер бойынша, дін қырық – елу мың жыл бұрынғы палеолит кезеңінде 
шыққан. Аталмыш кезеңнің мәдениет ескерткіштері жан-жануарлар культі мен аңшылыққа 
қолданған сиқыршылық белгілері сақталған. Сондай-ақ діни наным-сенімдердің 
болғандығын сол ежелгі дәуірлердегі өлген адамды еңбек құралдары және әшекей 


бұйымдармен бірге жерлеу дәстүрі де дәлелдеді. Діннің неғұрлым ертедегі көріністері – 
сиқыршылық, тотемизм, ғұрыптық жерлеу культі және шамандық болып табылады. 
Құдайды тұлғалық Бастау ретінде мойындау қазіргі діндерде негізінен Ибраһимдік діндерге - 
ислам, христиан, иудаизм діндеріне тән, ал будда, даосизм діндеріне тән емес. Ибраһимдік 
діндер - теистік діндер деп аталып, олар Құдайдың дүниені жаратуы және адамзатты 
ақырзаманда сотқа тартып, жұмақ пен тозаққа жіберуі туралы түсінікке негізделген. 
Алғашқы адамды Адам атадан бастайтын бұл діндердің негізгі пікірлерін тарих және 
археология ғылымдары дәлелдемегенімен, бәрібір аса көп халықтар арасында ықпалын 
сақтап келеді. 
Gomteshwara-ның аяғындағы діни рәсім 
Халықты қамтуы жөнінен діннің тайпалық-халықтық (мысалы, иудаизм) және ұлтаралық 
немесе әлемдік (будда діні, христиандық, ислам) түрлері белгілі. 
Әлемдік діндердің әрқайсысы түрлі ағымдар мен конфессияларға бөлінеді. Мысалы, ислам 
дінінің сүнниттік, шииттік ағымдары, христиан дінінің католиктік, православия және 
протестанттық конфессиялар бар. 
Дүние жүзі халқының 57 пайыздайы, әлемдік үлкен екі дін - христиан мен исламға сенеді. 
Сонымен қатар, дін ұстанбайтын Дінсіздік және дінге қарсы атеизм және дінге сынни 
қарайтын агностисизм де әлем халқының 16 пайыздайын ұстайды.[5][6][7] 
Антрополог ғалым Clifford Geertz дінге былай анықтама береді: дін дегеніміз 
..."символар жүйесі болып, адам ішіндегі күшті, жалпылық және ұзаққа созылған көңіл-күй 
және мотивация болып, дүниенің негізгі ережесі мен болмыстың мағынасы туралы 
сұрақтарға берілген жауап реалдыққа сай келмесе де, бәрібір әсерлендіреді. "[8] 
Дінді философияның кемдігі дейтіндер де бар. Бұл тұрғыда, адам терең толғанып, жауап 
іздеуге тиіс аса мәнді сұрақтарға дін өзінше жауап беріп, бірден көңілді 
қанағаттандырғандай болады. Философия жауапсыз сұрақтар болса, дін сұрақсыз жауап. 
Әрине қайсысын таңдау адам өз еркінде. 
Дін мен ғылым 
Ғылым уақыт-кеңістік бойында бар, ақылмен түсіндіру мүмкіндігіне ие, математикалық 
есептеуге келетін кез-келген сұраққа дәйекті жауап іздейді. Ал, діндегі тақырыптар нақты 
болмағандықтан, ғылым діни тақырыптарды зерттемейді. Мысалы, ғылым шайтанды, о 
дүниені зерттемейді, өйткені ол адамның таным қабілетінің сыртындағы рас-өтірігі 
дәлелденбейтін нәрсе. 
Ғылым табиғат құбылыстарын себеп-салдар детерменизмі арықылы айқындайды, дін бәрінің 
себебін бір Құдіретті күшке апарып тірейді. Мысалы, ғылым бойынша "найзайғай дегеніміз 
оң-теріс зарядталған бұлттардың электрлі реакциясы". Ал, ислам діні бойынша ол 
"Құдайдың шайтанды ұратын қамшысы". 
Дінде дәріптеу мен күдіктену қатар жүреді, ол сенімді аргументтерді қашанда дәріптейді, 
1+1=2 cекілді қарапайым ережелер бұлжымайды, бірақ онда тағы күдік болады, ол кез-
келген аксиома, теорияларға күмәнмен қарай алады. Өйткені ғылым адамзат ақылы мен 
қабілетіне негізделген. Ол еркін, ол ашық, ол тірі, жанды. Ғылым - фактіге, аргументке, 
дәлелдеу мен тұжырымдауға незіделеді. Бұларсыз ешбір пікірді дәріптемейді. 


Дін, өз кезегінде, тексеріле алмайтын, адамның санасына түсініксіз, тек жоғары күштерге 
белгілі делінге догмаларға негізделеді. Дін бәріне біртұтас жауап бергендей болады, "тас 
неге жерге түсті?" десеңіз олар "Құдай түсіріп отыр", деп жауап береді. Дін зерттеу немесе 
тексеруге мүмкіндік бермейді. 
Ғылымның табиғаты динамикалық, яғни үнемі қозғалыста болып келеді. Қоғам мен 
табиғатты зерттеуде бірге дамып отырады. 
Ал енді дін болса консервативті, статикалық болып табылады. Яғни қоғаммен бірге даму 
емес, бұрын қалай болса, солай қалдыру, Қоғам даму барысында сәйкессіздіктер болса, оны 
адасқандық деп жариялайды. 
Ғылым үнемі ізденіс үстінде, дәлелденген факттерге де күмәнданып, қайта қарастыра алады. 
Дінде бұлай жасауға мүлдем тиым салынған. Егер бір мәселеге күмәндансаңыз адасқан 
немесе діннің жауы деп айыпталуыңыз әбден мүмкін. 
Ғылым үнемі ізеністі, оқуды талап етеді. Сондықтан да ғылыммен айналысу көпшілік үшін 
сәл қиындау. Қазіргі ғылыми зерттеулерге біршама қаражат кетеді, сондықтан жеке адамдар 
еркін айналыса алмайды. Ал дін кез келген адамға тиімді, тек сену болса жеткілікті. 
Зорастризмнің от храмы, Мумбай, Индия 
Дін және мәдениет 
Адамзаттың тұтас тарихына және ұлттардың жеке тарихына зер салсақ, діннің адамзат 
тарихында түрлі деңгейде сақталып келгенін көреміз. Ұлттардың өз жеке діни сенімінен 
тартып, кейінгі бірлікке клеген мәлім халықаралық дінге сенуіне дейін дін мен мәдениет 
қатар жүреді. Орта ғасырда діннің мәдениетке ықпалы тіке болды, тек кейінгі ғасырларда 
ғана дін біртіндеп әлеуметтік үстем орыннан түсіп, қатардағы құндылықтардың бірі бола 
бастады. Демократия мен адам құқықтарының, сенім бостандығының қорғалуы діннді бәрін 
белгілеу мүмкіндігінен айырды. Дегенмен діннің халықтар өміріндегі рөлі әлі де 
айтарлықтай екені белгілі. Дін арқылы кей халықтар біріккені мәлім, дін себебінен кей 
халықтар ыдарағаны да шындық. 
Әр халықтың ішінде белгілі бір дінге сенетіндердің басым болуына орай сол діннің 
ерекшеліктері сол халықтың мәдениетінде көбірек көрініс табады. Әрине, мәдениет дінмен 
шектелмейді, мәдениетке әсер ететін факторлар әртүрлі, сан алуан, ал ұқсас діндегі 
халықтардың мәдениеті де әртүрлі. Медениет - ортақ бірлікке келген құндылықтар жүйесі. 
Құндылықтар этика мен эстетикадан тартып заң мен тәртіпке дейін сол халықтың ұлттық 
болмысын паш етеді. Ал, сол халық сенетін дін осы құндылықтардың бір мазмұны. 
Ибраһимдік діндер 
Патриарх Ибраһим (József Molnár) 
Ибраһимдік діндер дегеніміз Ибраһим ұрпақтарының монотеистік діни сенімдері: Иудаизм, 
Христиан және Ислам дінін жиынтықтап біртұтас айтады. Бұл үш діннің жалпы дүние 
туралы онтологиялық жүйесі қарайлас, дүниені осы дүние және о дүниеге бөледі, бұл 
дүниені өткінші, жалған деп қарайды, о дүние жұмақ пен тозаққа бөлінеді, өмірдің мақсаты 
жұмаққа талпыну, тозақтан сақтану деп есепейді. Олардың сиыну жүйесінде де өзара 
сабақтастық, мұрагерлік анық байқалады. 
Иудаизм 


Иудаизм ең көне Ибраһимдік дін болып, ежелгі израиль және иудей халқының - еврейлердің 
діни сенімін көрсетеді. Тәурат бұл діннің фундаменталды кітабы, сондай-ақ Танах немесе 
Еврей Інжілін де қамтиды. Ол алғашында ауызша сақталып, кейін жазбаша Мідраш және 
Талмұд болып та жазылған. Иудаизм бойынша Құдай өзінің заңын Мұсаға Синей тауында 
берді, он өсиет формасында, сол он өсиет Құдайға сенімнің негізі деп есептейді. Он өсиет 
Құдай мен адамның жасасқан алғашқы келісім болып, көне келісім деп аталады, мұндағы 
алғашқы күнә деген адам атаның алманы жеуінен туған күнәдан арылу жолы - он ережені 
ұстану болып табылады. Тарихта еврей халқы Иерусалим қаласы құлатылған соң жыл 
санаудың 70 жылынан бастап тарыдай тозып кетеді. Бірақ олар көбінесе осы иудаизмді 
ұстанады. Қазір 13 миллиондай еврей халқы, оның 40 пайызы Изарильде, тағы 40 пайызы 
АҚШта, осы Иудаизмді негізгі дін етіп сиынады.[9] 
Христиан діні 
Ғайса пайғамбар 
Христиан діні Назареттік Ғайсаның өмірі мен тәлімін негіз етіп, 1 ғасыр айналасында пайда 
болған, Жаңа келісім деп аталатын Ибраимдік сенім жүйесі. Жаңа келісім деген сөз Исаның 
өз қаны арқылы Құдайдан алғашқы күнәдан арылу келісім деген мағынада айтылады. Бұл 
сенім жүйесі бойынша Ғайса жартылай адам, жартылай Құдай, өйткені оның анасы Мәриям 
осы дін бойынша Құдай жағынан жүкті болған делінеді. Сөйтіп Ғайса Құдайдың ұлы ретінде 
осы дүниеге адамзатты алғашқы күнәдан арылту үшін келеді. Бірақ адамзаттың 
түсінбестігінен крестке шегеленеді. Негізінен Христиандар Үштікке - яғни Құдай әке, Киелі 
рух және Құдайдың ұлы сынды үштің бірлігіне сенеді. Христиан дінің тармақтары: 
Католик шіркеуі, Рим папасы бастаған, папаны Құдайдың жердегі өкілі еткен сенім жүйесі 
болып, 24 шіркеуді басқарады. 
Православие, ол шығыстық ортодокс, шығыстық, және шығыс шіркеуі дегендерді қамтиды. 
Протестантизм, 16ғ-да Католоик шіркеуінен бөлінген протестанттық реформация 
қозғалысының жемісі. Олар католик дінін жеңілдетіп, дінді еңбекпен, табысқа жетумен 
бірлестірді, гуманимзмдестірді, шіркеуді емес, Құдайды негіз еткен жеңіл сенім жүйесін 
жасады. Негізгі тармақтары, Англишанизм, Баптизм, Калвинизм, Лутерианизм, және 
Методизм қатарлылар. 
Христиан дінінің мынадай шағын топтары бар: 
Реставрационизм, немесе тірілтушілік, христиан діні қайта тірілуі керек деп қарайтын 
қозғалыс. 
Кейінгі күн қасиетті қозғалысы (The Latter Day Saint movement), 1820 жылы пайда болған, 
Жосеф Смиттің христиандық қозғалысы. 
Иегова куәгерлері, 1870 жылы Расселл жағынан құрылған діни секта. 
Ислам 
Кағбаға тауап ету 
Ислам діні Құранды негіз еткен Ибраһимдік бір сенім жүйесі, ол 7 ғасырда Араб түбегінде 
Мұхамед пайғамбар жағынан пайда болды. Ол өзіне дейінгі Иудаизм және Христиан 
дініндегі пайғамбарларды мойындай отырып, Мұхамедті ең негізгі пайғамбар деп есептейді. 
Бұл дін Шығыс Оңтүстік Азияға, Солтүстік Африкаға, Батыс азияға, Орталық азияға кең 
таралған. 
сүнниттік ислам - Ислам дінінің ең үлкен тармағы болып, Құранды негіз етеді, Суннамен 
жүреді, Сахабалардың хадистерін де басшылыққа алады. 
шииттік ислам екінші үлкен тармақ болып, олар Әлиді Мұхаметтің мұрагері деп дәріпейді. 


Ахмадия ағымы Имам Мәһдиді негізгі тұлға етіп, оның күндердің күні жерге келетінін 
дәріптеді. 
Бұдан басқа қазір Ислам дінінде Уаһһабизм, Сәләфизм, Сопылық, Құраншылдық, Мағдавия, 
Ибади, Мұсылман ұлты секілді көптеген ағымдар бар. 
Дін атаулы адам мен әлемді Құдіретті күшпен тұтастыруға тырысады. Ислам дінінде бұл 
құдіретті күш Алла деп аталады. Ислам діні бойынша, адам дегеніміз Алланың алдындағы 
құл, Алла қаласа оны жойып жібере алады, оның тағдыры, бақыты мен соры Алладан. 
Сондықтан ол құлшылық жасап, осы дүниеге әкелгеніне ризалық білдірге міндетті. Адам 
Алладан қорқуы керек, әйтпесе Алланың ғазабына ұшырауы мүмкін. Исламда шын діндар 
бұл дүниелік нәрселерді емес, о дүниелік жұмақты көздейді. Егер оның ісі дінге сай болса, 
Алла оны шарап өзені ағып жатқан, сансыз хор қыздары бар жұмаққа апарады. Ал, ісі дінге 
қайшы болса, Алла оны тозақ отында өртейді, әр рет адам қайта тіріледі, тағы өртейді, тағы 
тіріледі, осылай шексіз жаза күтіп тұр. Ислам діні бойынша Алланы бір деп есептеу және 
Мұхаммед пайғмбарды мойындау мұсылмандық есептеледі. Ал, ондай болмаса ол кәпір деп 
қараланады. Ары қарай адам 5 парызды өтеуі керек, өзін бүкілдей Құдайдың о дүниедегі 
сыйына арнауы керек. Ислам діні бұл дүниені бес күндік, аса маңызды емес деп есептеп, 
адамға әрқашан ажал мен Алланы еске алып өмір сүруді талап етеді. 
Ғылым мен техниканың дамуына, адамзаттың шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуына 
толыққанды жағдай жасаған XX ғасыр да тарих қойнауына енді. Өте ерте заманда-ақ пайда 
болған дін әлі күнге өз позициясын адамзат санасының басқа түрлерінің алдында бермей 
келеді. XXІ ғасырда түрлі конфессиялар мен діни ұйымдар ойдағыдай әрекеттесуші 
институттар ретінде өркениеттің бір саласы болып өмір сүре бермек. Діннің тұрақты 
сақталып келе жатқаны факт болып табылады. 
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін рухани ояну процесі басталды. Бұл – кең 
көлемдегі тоқтаусыз процесс. Болашаққа қол созған жарқын істеріміздің, ұдайы алға 
жетелейтін үмітіміздің маңызды бір бөлігі – діни өрлеу. 
Діннің әлемдік деңгейдегі адамзатқа тән ойлау жүйесінен шет қалмайтындығын қазіргі заман 
болмысы айқын аңғартып отыр, себебі дінсіз қоғам болмайды. Қоғамда діни сана үнемі 
болып келді. Дін мен қоғам бір-бірінен ажырамайтын феномендер. Өркениетті деп 
саналатын батыс елдерінде де, бізде де дін мемлекеттен бөлінген, бірақ, ол қоғамнан 
ажыратылмайды. Дін қоғамдық құбылыс, ал қоғам мемлекеттің субстанциясы. Әлемнің діни 
жетекшілері 2006 жылы жиылып, діндерге ортақ, адамзатқа ортақ, жалпы өркениетті қоғамға 
ортақ қандай мәселелр бар және де діндердегі қандай мәселелер өркениеттік жолмен 
қоғамдарды, елдерді, мемлекеттерді бір-біріне жақындастырады деген өзекті тақырыптар 
төңірегінде сөз қозғады. Адамзат баласына ортақ дүниелер көп. Біздің ойлау жүйемізде, діни 
жүйеде не ортақ екен? Ол ортақтық өркениетке, адамзаттың болашағына қалай қызмет етеді 
екен? Осы мәселелер ізгілік жолындағы адамзат баласын толғандырып отыр. Өйткені, осы 
кезге дейін біз бүкіл дүние жүзінің халықтарын дін-дінге бөліп, бөлектеп-бөлшектеп келдік. 
Тіпті өткен тарихтарға көз жүгіртсек, дін үшін қырғын соғыстардан миллиондаған адамдар 
опат болды, қасірет кешті. Осындай қасіретті азайтуда, не мүлдем жоюда діндер бір ортақ 
келісімге келе ала ма? Ортақ келісімге келудің уақыты туды. Бүгінгі таңда әркім өзінің діни 
сеніміне берік бола отырып, ортақ адамзаттық келісімге келу өркениеттік сананы қажет 
етпек. Өркениеттік сана дегеніміз әрбір адамның өз болмысымен, дінімен, елдік санасымен 
бірге адамзатқа ортақ мәселелер туралы келелі сөздер айта білуі. Халықтар, елдер арасында, 
діндер арасында ұрыс-керіс, жанжал емес, бүгінгі бұрқ-сарқ етіп қайнап тұрған XXI ғасырда 
мәдени сұхбат қажет. Исламды саясаттандыру төңірегіндегі әрекеттер исламның қазіргі 
қоғамдағы орнын даулы проблемаға айландыруға себепші болып отыр. Негізінде дін мен 
саясат екі бөлек феномендер. Дін адамның ұятында, арында, яғни оның иманында. Саясат 
болса, ол адамдардың қауымдасып, ұлт, халық болып, мемлекет құрып өмір сүрудегі тәсілі. 


Дін саясатқа жанасып кетсе-ақ, өз қадірін жоғалта бастайды. Сондықтан асылы Дін мен 
Саясат бөлек-бөлек болғаны абзал. 
Діндердің барлығы «әділдік пен махаббат» жолына үндейтінідігі ақиқат. Бірақ, сол әділдік 
пен махаббатқа білімсіз жету мүмкін емес. Діни білім туралы мұсылман дінтанушысы Абу 
Хамид Мұхаммед ибн Мұхаммед Әл-Ғазали (1059-1111) былай деген: «Пайдалы біліммен 
шұғылдану бүкіл басқа істерге қарағанда әлдеқайда жақсы. Пайдалы білім – дүниенің 
жамандығын, ақыреттегі жағдайдың қауіптілігі мен қорқыныштылығын түсіндіретін білім. 
Дүниеге беріліп, ақыреттен бет бұрған адамдардың надандығы мен ақымақтығын, олардың 
бойындағы өркөкіректік, күншілдік, екіжүзділік, өзін-өзі сүюшілік, атаққұмарлық пен 
мансапқұмарлық, дүниеге құштарлық сияқты жүрек дерттерінің дауасы не екендігін 
білдіретін білім – пайдалы білім». 
Рухани бірлік пен келісім аясында өмір сүру мақсатына жету үшін өркениеттілігіміз бен 
азаматтық қоғам ретіндегі мәдени дамуымыздың жоғарғы деңгейі болып табылатын 
толеранттылық (өзгеге төзімділік, қамқоршылық, жұмсақтылық, кішіпейілділік, мейрімділік 
таныту) қасиетімізді сақтай білуіміз керек. Қоғамның толеранттылығы өздігінен пайда 
болатын нәрсе емес. Ол – тәрбие арқылы қалыптасатын қоғамдық мінез. Ал мінездің негізі 
дінде. Дін білім арқылы келеді. 
Қазақстан Республикасының Конституциясының 5-ші бабына сәйкес елде дін ұстану 
бостандығы қалыптасты. Бүгінгі Қазақстан халқы - көп дінді халық. Азаматтардың 
құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында «Діни сенім бостандығы мен діни бірлестіктер 
туралы Заңы» қабылданды. Демократиялық қоғам құрудың талабына сай осындай іс-шаралар 
жасалды. 
Дін – қоғамдық құбылыстардың ішіндегі ең күрделісі, қаншама ғасырлар бойы адамзат 
баласы діннің мән-мағынасын ашып көрсетуге талпынып, қаншама ұлағатты істер атқарды. 
Дін мағынасына анықтамалық теория беру де оңай емес. «Религия» -(дін) терминіне келетін 
болсақ, латын тілінен аударғанда «байланыс» дегенді білдіреді. Адам Абсолютпен (ең кемел 
бағдарлаушымен) байланысын сезінеді, бұл адамның табиғатымен бітіскен қасиеті. Барлық 
діндерге ортақ мүдде – адамдардың бейбіт өмір сүруі. Егер адамдардың құдайға деген 
сенімдері, дінге деген сенімдері қалыптасса, бейбіт тіршілік ету мәселесі де шешіледі. Дін 
адамның ішкі жан дүниесінде мейрімділік, шыншылдық, махаббат деген сенім мен үмітті 
қалыптастырады. 
Дінде дүниеге көзқарастық тұстар басым. Дін адамның табиғатпен және қоғаммен 
байланысын әдіс тауып, шебер айқындап бере алады, осы байланыстардың күрделі бейнесін 
түзе алды. Бұл суреттемеде адам мен әлем қатынастары мәселесінің мәңгі сұрақтары шешу 
тапты. Діннің қоғамнан алатын күрделі орынын түсіну үшін оны шындық дүниенің бір бөлігі 
ретінде қарап, жердегі негіздерін жалпы методологиялық принципке сүйене отырып 
айқындау керек. Дін – бұл дүниені рухани игеру процесіндегі тарихи қалыптасқан 
компонент, қоғамның әлеуметтік ой-санасының, жәдігерінің бір бөлігі. 
Қазіргі кезеңде адамзатты әлемдік қауымның болашағы қалай қалыптаспақ деген сұрақтар 
ойландырады. Өткен ғасырда алып мемлекеттер “дүниенің жаңа тәртібін” түзуде бірқатар 
табыстарға жетті десек те, жер бетінде зұлымдық, адамгершілікке жат құбылыстар азайған 
жоқ. Адам мәніне дұрыс көзқарас, дегенімен, толық қалыптасқан жоқ. Профессор 
А.Дж.Тойнби айтқандай: “коммунизм де, капитализм де – бұл екеуі де христиан дінінің 
некесіз тапқан балалары болып табдылады”. Бұл сөздің астарында болашақ жаңа әлемдік 
қауымдастық туралы ой қозғамақ әрекеті жатыр. Иудей – христиандық ойлаудың үш мың 


жылдық тарихы, шығыс діндерінің өткен тарихы біздің санамызда қасиетті бір ғажап тілекті 
оятады, ол тілек – жаңа адам , жаңа қоғам құру. 
Азиялық діндер: конфуцийшілдік, синтоизм, зороастризм және басқалар ақиқатты 
іздеушілерден рухтың соңынан еру және онымен шектелмеуді талап етсе, ислам ақиқатты 
Құраннан іздеуді ұсынады. Ислам интеллектуалды пайымдауды жетілдіруді жалғастырып, 
адамның өзін-өзі мейлінше жетілдірумен айналысуын ұсынады. Иудей – христиан дәстүрі 
адамға өмірдің мәнін іздеп, ақиқатты, Құдайды іздеп, кәдімгі күресудің орнына: “Құдай өзі 
адамды табады” деген ақиқатты ұран етіп тастады. Әлемдік өркениеттегі “Қасиетті жазулар” 
діндеріне үңілсек , екі парадигманы байқаймыз: “Мұса парадигмасы” (Батыс) және “Вьяса 
парадигмасы” (Шығыс). Мұса – Құранның да, Библияның да, Танах (Моше) кітабының 
кейіпкері. Вьяса – Махаббхарата текстін құдайларға жеткізген данышпан. О.Шпенглердің 
топтастыруы бойынша , “Мұса парадигмасы” Византия, араб, батыс Еуропа және жартылай 
грек-рим, вавилон мәдениеттерінің негізін қалаған. “Вьяса парадигмасы” буддалық-
брахмандық дәстүрлер негізін қалаған. Буддизм әдебиеті “Трипитаканың” көмегімен монғол, 
жапон, корей және де басқа Азия аймақтарына әсерін тигізді. 
“Мұса” антропологиясының маңызды нышандары жүрек, құрсақ, тыныс алу, оларға сәйкес 
келетін күйлер – күйзелу, үрей, үміт. Дін – бұл “жүрек” туралы ілім. Үнді елінде мұндай 
қатынас “бахти” (құдайшылдық) деп аталады. Исламда – “абд” (көнгіштік), батыста – 
“агейп” (құдайға деген махаббат) деп аталады. Мұндай құдайшылдық ғылыми 
компетенцияның шекарасын ары жылжытады. Дінді ғылыми зерттеу (теология, эгзегетика 
түрінде), қасиетті тексттерді түсіндіру (философиялық, дінтану, этнография тұрғысынан) – 
бұл кәдімгі ақылға сыйымды, мүддеге сай қарапайым объектілерден асып түсетін 
құбылыстарды рационалды түсінуге ұмтылу. Егер ғалым өз зерттеулерін құдайға сыйынып 
болған соң бастаса, онда оның ғылым және құдаймен сұхбаттасу арасындағы шекараны 
аттап өте бастағаны. Дінге рухани өмірдің жанды құбылысы ретінде қарау қажет. 
Әл-Фарабидің “Қарапайым қала тұрғындары көзқарастары” атты еңбегінде жүрек туралы 
мынадай ойлар айтылады: “Адамның негізгі қабілеттері: қоректену, сезімдік, елестету, 
ойлау, ұмтылу – бәрі де жүректе орналасқан. Сондықтан жүрек ең басты орган және ол 
басқаға тәуелсіз… жүрек туа біткен жылулықтың қайнар көзі”. Жүрек жылуы басқа 
қабілеттердің жүзеге асуына мүмкіндік туғызады. 
Жүректің қызметімен үрей және үміт байланысты. Аяушылық – бұл басқа үшін үрейлену. 
Аяушылық көз жасын тудырады. Сондықтан Библияда Христос жылаған бейнеде 
көрсетіледі, ол ешқашан күліп бейнеленбейді. Үрейдің екінші жағы үміт. 
Үміт – “жанған жүректің” кернеулі, кризисті күйі. Әл-Фараби де “жүрек жылуының ” 
осындай күйін “отты” деп атаған. “Мұса парадигмасында” жүректің бұлай жануы жоққа 
және бір нәрсеге көз жеткізе алмаудан туатын мүдде, арманды білдіреді. Мұсаның өзі де, 
одан кейін апостол Павел де мұны “үміттердің жоғарғы үміті” деп қисындап мазмұндады. 
“Мұса парадигмасындағы” құдайдың өзі Яхве, Христос және Алла деген атты иемденіп, 
сенушілер үшін үміт құдайы болып табылады. Мұндай үміт “Мұса парадигмасында” 
абсолютті құндылыққа ұмтылудың басты модусы болып табылады. 
Абсолюттің қалыптасуы процесіндегі діннің маңызын Гегель талай рет қарастырған 
болатын. Оның мындай пікірі болған: “Қабылдап алынған (снятое) өнер дінмен барабар, 
қабылдап алынған (снятая) дін абсолютті біліммен барабар”. 
Діннің мәдениеттегі орнын аша түсу үшін Гегельдің “тарих - бұл еркіндікті ұғыну прогресі” 
деп қарастырған пікірін талдаудың көмегі бар. Шығыс тек бір ғана еркін адамды білген, ол - 


патша, басқаның бәрі құлдар. Антикалық Грецияда және Римде қоғамның біршама бөлігі 
еркін деп есептеліне бастаған. Христиан діні (жаңа дүниеге өту) жаңа принцип орнатты: 
әлеуметтік жікке қарамай барлық адамдардың еркіндігі мен теңдігі принципі. Бұл принцип 
алдымен тек дінде ғана қабылданса, кейіннен бүкіл қоғамдық салаларға жайылып кетті. 
Гегель үшін діннің қоғамдық сана формасы ретінде де , таным процесінің сатысы ретінде де 
маңызы бар. Оның айтуынша: “Дін – бұл адамзаттың ойлап шығарғаны емес, дін – бұл 
құдіретті рухтың жемісі”. Бұл пікір болмыс пен шектік, шүбәсіз кемелдік арасында 
жақындық бар екеніне ой салады. Псевдо-Дионисий Ареопагит (V ғ.), А.Августин (V ғ.), 
Ф.Аквинский (ХІІІ ғ.) де осылай ойлаған. Ф. Аквинский былай деген: “Сущее и благое суть 
понятия взаимозаменимые”. Дін біздің бір бөлшегіміз болып қала бермек, себебі оның 
қайнар көзі – тарих (ғылымның айтуынша), сондай-ақ діннің қайнар көзі – мәңгілік 
(теологияның айтуынша). 
“Сындарлы он жыл” кітабында Н.Ә.Назарбаев діни экстремизмнің ықтимал қауіп-қатеріне, 
оның алдын алу шараларына, көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымызда бұл мәселеге 
сергек қарау керектігіне айрықша мән берілген. Қазақстанда үш мыңға жуық діни ұйымдар 
мен қозғалыстардың басын біріктіретін 40-қа тарта конфессияның барын ескерсек, 
конфессиялық тұрақсыздықтың да болуы мүмкін екендігін ұмытпауымыздың қажеттігіне 
назар аударады. 
Н.Ә.Назарбаев өзінің кітабында Қазақстанда ислам діні ханафиттік құқықтық мектеп пен 
сопылық ағым негізінде орныққанына, мұның өзі ислам догмаларының қазақ даласын тез 
жерсінуіне себепші болғанына айрықша мән береді. Бұл түсінікті де. Қай кезде де дәстүрлі 
мәдениет пен діни наным-сенімнің арасындағы қайшылық, ең алдымен халық өмірінің 
қасіретіне ұласып отырған. Шүкір деуге болады, бір жағынан, қандай да болсын қоғамдық 
қатынастар ахуалына ислам догмаларының бейімделгіштігі, екінші жағынан, салт-санасы 
көшпелі өмір жағдайында қалыптасқан қазақтардың діни наным-сенімге деген кеңшілігі 
Қазақстанда ислам дінінің қоғамды реттегіш тамаша қасиеттеріне жол ашқан. Осы мәселеге 
айрықша мән берген Нұрсұлтан Әбішұлы: “Ислам дінін қабылдаған қазақтар Құран 
ережелерінің негізінде де, исламға дейінгі дәстүрлі ырым-жораға да табиғи түрде және бір 
мезгілде мінәжат ете алатын болған. Осылайша, қазақтар өздері үшін жаңа араб дінін 
қабылдағанымен, өз бабалары – түркінің көшпелі тайпаларының рухани мұрасынан да көз 
жазған жоқ”, - деп қазақ қоғамындағы ақиқат-шындықты айта келіп: “Исламның жан-жақты 
жорылуы ұдайы болып отыратын үрдіс, мұның Құран рұхы мен әріпіне де, Шариғатқа да 
қайшы келетін немесе қайшы келуі мүмкін ештеңесі жоқ. Бұл тұрғыдан келгенде, менің 
пайымдауымда Қазақстанда біржолата орныққан исламдық дін таным үлгісін одан әрі 
идеологиялық тұрғыда дамытып, біздің теологтар тарапынан исламдық мұраларды 
жаңғыртуға, сөйтіп еліміздің мұсылман қауымының қазіргі жағдайына жаратуға жол 
бермеуге болмайды”, - деп қорытады (Н.Назарбаев «Сындарлы он жыл»). Нұрсұлтан 
Әбішұлы сөз етіп отырған мәселе қазақ халқының XXI ғасырдың басындағы және алдағы 
ғұмыр жолындағы діни-рухани бағдарына темірқазық болары кәміл.[1] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет