Философия пәнінен лекциялар тезистері


материяның онтологиялық мәнін түсінуге



Pdf көрінісі
бет5/22
Дата05.11.2022
өлшемі0,98 Mb.
#156701
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Философия п нінен лекциялар тезистері

материяның онтологиялық мәнін түсінуге
болады. Материя жалғыз 
субстанция, өзінің себебі, ол жаратылмайды және жойылмайды, оның қасиеттері – қозғалыс, 
кеңістік,уақыт, жүйелілік, өзін-өзі ұйымдастыру және сана (соңғы қасиет адамға ғана тән). 
Материяның басты қасиеті – қозғалыс, материясыз қозғалыс, қозғалыссыз материя жоқ. Болу 
деген қозғалыста болуы дегенді білдіреді. 
Қозғалысты кез-келген өзгеріс деп түсіндіруге болады, ол материяның сыртқы емес, ішкі, 
ажырамас қасиеті, ол объективті, мәңгілік және абсолютті. Сонымен қатар, қозғалыс 
салыстырмалы, себебі ол өзгеріп отыратын, әрбіреуі өзіндік маңызға ие нақты формалар 
арқылы көрініс табады. Материалдық дүние таусылмас, шексіз, яғни қозғалыстың 
формалары да сансыз көп. Ф.Энгельс ХІХ ғасырда жасаған қозғалыс формаларының 
классификациясы қазіргі кезде ғылым жаңалықтарымен толықтырылып, кенейе түсті, бірақ 
негізін сақтады деуге болады. Ол қозғалыстың механикалық, физикалық, химиялық. 
биологиялық және әлеуметтік түрлерін атап көрсетті. 
Кеңістік және уақыт – материяның маңызды атрибуттары. Кеңістік – материя болмысының 
объективті, жалпы, заңды формасы, ол әр түрлі жүйелердің көлемге ие екендігін, өзара 
орналасқандығын, құрылымдылығын және бірге өмір сүретіндігін сипаттайды. 
Реалды кеңістік тіршілік етушілерді іс жүзінде бөлудің, сонымен қатар біріктірудің тұрақты 
көрсеткіші. Ол үш өлшемді, кез-келген кеңістіктік қатынастар үш өлшем-координаталар 
(ұзындық, ең, биіктік) арқылы сипатталады. Салыстырмалылық теориясы төрт өлшемділікті 
қолданады, үш өлшемге төртінші өлшем – уақыт қосылады. Уақыт – әр түрлі жүйелердің 
жағдайларының созылғандығын, ретпен жүруін сипаттайды, материя болмысының 
объективті, жалпы және заңды формасы. 
Уақыт бір өлшемді, бірбағытты, қайта оралмайды, үнемі өткеннен болашаққа қарай жүреді. 
Болмыстың түрлері саналуан болғанымен, олар бір-бірімен тығыз байланысты және бірлікте. 
Бұл тұжырымды соңғы кезде қарқынды дамып огырған синергетика (sупеrqеіа — 
ынтымақтастық, бірлесе әрекет ету) гылымы немесе ашық жұйелердің өзін-өзі 
ұйымдастыруы теориясы жақсы дәлелдеп отыр. 
Болмысты жан-жақты түрде философияның саласы онтология зерттейді. 
Болмыс, оны құрайтын заттар, құбылыстар, процестер сантүрлі бол-ғанымен, осьшың бәрін 
біріктіретін бір бастау болуы мүмкін деген 
мәселе философтарды ерте заманнан-ақ ойландырды және бұл мәселе бойынша 
пайымдаушыларды плюрализм, дуатлизм, монизм ілімдерінің өкілдері ретінде бөлуге 
болады. Дүниенің өзгермейтін, жойылмайтын бір бастауын, негізін оейнелейтін 
философиялық категория субстанция деп аталады. 
Плюрализм — дүниенің көптүрлілігін, бұл түрлердің бір-бірінен тәу-елсіздігін мойындайды. 
Дуализм — дүниенің екі, материалдық және идеалдық бастауы бар дейді, ал монизм бір ғана 


бастау туралы тұжы- рымдайды. Монизм идеалистік және материалистік монизм болып 
бөлінеді. Алғашқысы дүниенің негізі ретінде идеалдықты таниды. Мысалы, Платон барлық 
нәрселердің негізі ретінде идеяны, ал Гегель абслюттік идеяны жариялады. Ортағасырлық 
христиан және мұсылман ойшылдарының да басым көпшілігі осы монистік көзқарасты 
ұстанды, бірақ дүниенің негізі құдай деп пайымдады. Материалистік монизм дүниенің 
бастауы материалдық дейді. Бұл көзқарастың өкілдеріне көне гректердің 
Милет мектебінің ойшылдарын, Ренессанс ғалымдар Н.Кузанский ме Дж. Бруноны, 
марксизм философиясын жатқызуға болады. Ғылымның дамуы дүниенің бір, материалдық 
негізі бар екендігін дәлелдеді деуге болады. Антика философтары материя (лат. mаtегіа — 
зат, материал) ретінде барлық нәрселер одан пайда болып, кейін оған айналатын затты 
түсінді. Мысалы, мокрит материалдық және идеалдық дүниедегі өмір сүруші нәрселердің 
бәрі бөлінбейтін, өте кішкентай бөлшектерден — атомдардан тұрады деп түсіндірді. 
Гераклит барлық нәрселер оттан жаратылған деген пікірді ұстанды. 
Дүниенің атомистикалық бейнесі материяны атомдардан тұратын, ке-ңістікте өмір сүретін, 
мызғымайтын, қозғалысқа ие және тағы басқа қаси-еттері бар зат деп қарастыратын түсінікті 
орнатты. Бірақ ХІХ-ғасырдың соңы мен ХХ-ғасырдың басындағы ғылыми жаңалықтар, атан 
айгқанда, электронның ашылуы, оның материалдық бөлшек емес, энергия ретінде 
қарастырылуы, рентген сәулелерінің, радиоактивтіліктің ашылуы материяны дүниенің негізі 
деп тануды жоққа шығарғандай болды. Ғалымдар материя жоғалды, энергия ғана қалды, 
яғни субстанция деп энергияны тану қажет деген пікір айта бастады. Бұл қателік материяны 
оның құрылымы мен қасиеттері арқылы ғана, яғни, физикалық шеңберде ғана түсінуден 
туындаған еді. Шындығында материяның философиялық ұғымы өзгерген жоқ. Осы 
мәселенің басын ашып айтқан В.И.Ленин болды. Өзінің «Материализм және 
эмпириокритицизм» еңбегінде ол материяның жан-жақты анықтамасын берді, және, біздің 
ойымызша, бұл анықтама (казір біз В.И.Лениннің көптеген идеяларынан бас тартып 
отырғанымызға қарамастан) өзінің маңызын осы күнге дейін жойған жоқ. Материяның 
лениндік анықтамасы мынадай: » Материя адамға түйсіктері арқылы берілген, бізге тәуелсіз 
өмір сүре отырып, біздің түйсіктеріміз арқыл көшірілетін, суреті түсірілетін, бейнеленетін 
объективті реалдылық белгілейтін философиялық категория «. 
Осы анықтамадан материяның онтологиялық мәнін түсінуге боладьи материя жалғыз 
субстанция, өзінің себебі, ол жаратылмайды және жойылмайды, оның қасиеттері — 
қозгалыс, кеңістік,уақыт, жүйелілік, өзін-өзі ұйымдастыру және сана (соңғы қасиет адамға 
ғана тән). 
Материяның басты қасиеті — қозгалыс, материясыз қозғалыс, қозға-лыссыз материя жоқ. 
Болу деген қозғалыста болуы дегенді білдіреді. 
Қозғалысты кез-келген өзгеріс деп түсіндіруге болады, ол материяның сырт-қы емес, ішкі, 
ажырамас қасиеті, ол объективті, мәңгілік және абсолютті. Сонымен қатар, қозғалыс 
салыстырмалы, себебі ол өзгеріп отыратын, әрбіреуі өзіндік маңызға ие нақты формалар 
арқылы көрініс табады. Материалдық дүние таусылмас, шексіз, яғни қозғалыстың 
формалары да сансыз көп. Ф.Энгельс ХІХ-ғасырда жасаған қозғалыс формаларының 
классификациясы қазіргі кезде ғылым жаңалықтарымен толықтырылып, кенейе түсті, бірақ 
негізін сақтады деуге болады. Ол қозғалыстың меха-никалық, физикалық, химиялық. 
биологиялық және әлеуметтік түрлерін атап көрсетті. 
Кеңістік және уақыт — материяның маңызды атрибуттары. Кеңістік — материя болмысының 
объективті, жалпы, заңды формасы, ол әр түрлі жүйелердің көлемге ие екендігін, өзара 
орналасқандығын, құрылымды-лығын және бірге өмір сүретіндігін сипаттайды. 
Реалды кеңістік тіршілік етушілерді іс жүзінде бөлудің, сонымен қатар біріктірудің тұрақты 
көрсеткіші. Ол үш өлшемді, кез-келген кеңістіктік қатынастар үш өлшем-координаталар 
(ұзындық, ең, биіктік) арқылы си-патталады. Салыстырмалылық теориясы төрт өлшемділікті 
қолданады, үш өлшемге төртінші өлшем — уақыт қосылады. Уақыт — әр түрлі жүйелердің 
жағдайларының созылғандығын, ретпен жүруін сипаттайды, материя болмысының 
объективті, жалпы және занды формасы. 


Уақыт бір өлшемді, бірбағытты, қайта оралмайды, үнемі өткеннен бо-лашаққа қарай жүреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет