Философия пәнінен лекциялар тезистері



Pdf көрінісі
бет1/22
Дата04.10.2022
өлшемі0,98 Mb.
#151509
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Фил тезисы



Философия пәнінен лекциялар тезистері 
№1. Ойлау мәдениеті. Көркемдік рефлексия. Философия – даналыққа құштарлық, danalyq. 
Философияның сұқбаттық сипаты және эвристикалық мүмкіндіктері.
Лекцияның мақсаты:Студентке философия ұғымы туралы ғылыми түсінік беру.Мифология, 
дін, философия туралы дүниетанымның формаларының мәнін ашу және де философияның 
функцияларын түсіндіру. 
Лекцияның жоспары: 
Ойлау мәдениеті. Көркемдік рефлексия. Философия – даналыққа құштарлық, danalyq. 
Философияның сұқбаттық сипаты және эвристикалық мүмкіндіктері. Философиялық ойлау 
түрі – сын және күмәндану. Өткенге сыни көзқарас – қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыруы 
мен ұлттық санасындағы өзгерістер шарты. Философиялық мәселелердің тұлғалық сипаты. 
Философия және дүниетаным. Дүниенің ғылыми, философиялық, діни бейнелері. 
Мифология, дін және философия. Қоғам дамуындағы мифтің рөлі. Философия – білім мен 
рухани қызметтің ерекше түрі. 
Философияның негізгі бөлімдері – онтология, гносеология, философиялық антропология, 
логика, этика, эстетика, әлеуметтік және саяси философияның қысқаша сипаттамалары. 
Философия және фәлсафа. Фәлсафа дәстүріндегі ғылым мен дін мәселелерін шешу жолдары.. 
Ойлау– объективті шындықты белсенді бейнелеудің жоғарғы формасы, дүниені тану мен 
игерудің жоғарғы сатысы, тұлғаның танымдық әрекеті. Ойлау формалары мен 
құрылымдарында адамзаттың бүкіл танымдық және тарихи-әлеуметтік тәжірибесі, 
материалдық және рухани мәдениеті дамуының басты нәтижелері қорытылып, бекемделген. 
Сыртқы дүниені толык тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле 
алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау аркылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау 
процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар 
жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі 
құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын толықтай ашып бере алмайды. 
Адамның ой-әрекеті әсіресе тұрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте 
жақсы көрінеді. 
Ойлау тарихы адамның пайда болып, дамуының тарихымен байланысты. Ойлау – қоғамдық-
тарихи қалыптасқан адам миы қызметінің жемісі. Ойлау мен тіл өзара терең байланыста, тіл 
– адам ойлауының құралы. Адам ойы сөз арқылы өрнектеледі, сөздің ар жағында ой жатады. 
Сөз бен ойды теңестіруге болмайды, алайда сөзсіз ойлау іске аспайды, ой айтылмай, үнсіз 
тұншығады. Ойды үнсіз іштегі сөз деп, тілді дыбысталған ой деуге болады. Ойлау тек табиғи 
тіл арқылы ғана емес, жасанды тілдер (мысалы, абстрактылы математика тілі немесе 
нақтылы-бейнелі “өнер тілі”) арқылы да іске асады. Ойлау күрделі тарихи-әлеуметтік 
құбылыс болғандықтан, оны зерттеумен көптеген ғылымдар – психология, логика, таным 
теориясы, лингвистика, кибернетика, физиология, т.б. шұғылданады. Философияда ойлау 
белсенділігі, логикасы туралы мәселелер қарастырылып, оның ақиқаттылығының өлшемі 
зерттеледі. Бұл мәселелер философия тарихында әр түрлі тұрғыда (материалистік және 
идеалистік, рационалистік және эмпирикалық, априорлық және апостериорлық, диалекттік 
және метафизикалық, т.б.) зерделеніп, ойлау жөнінде әр түрлі ілімдер орын алған. Ойлау тек 
адамға ғана тән қабілет ретінде оның шынайы адами болмысының қайнар көзі әрі басты 
құралының бірі, адам еркіндігінің мүмкіндігі мен шындығының кепілі болып табылады 
Даналық – ауқымы кең, күрделі құбылыс, оған бір жақты, кесімді анықтама беру мүмкін 
емес. Ол, әдетте, надандыққа қарсы мәнде қолданылады. Даналықтың мән-жайын алғаш 
зерттеп, ашып беруге философия талпынған. Өйткені «философия» деген сөздің өзі грекше 


«даналықты сүю» мағынасын білдіреді. Даналық мазмұнының тереңдігі мен пішімінің алуан 
қырлылығы жағынан филос. ұғым болып табылғанымен, оған философияның көптеген 
функцияларының (ғылым, таным теориясы, логика, методология, идеология, т.б.) бірі 
ретінде қарауға болмайды. Философия ғылымсыз да өмір сүре алады (мыс., Ницшенің 
шығармаларында ғылым жоқ, даналыққа толы философия ғана бар). Ал даналықтан қол үзсе, 
философия аты ғана қалып, заты (мәні, мазмұны) жоғалады. 
Даналық – философия негізі, болмысының кепілі, басты шарты. Басқа ғылым түрлері тәрізді 
филос. ілімдер де даналықтан бастау алады. Сократтың «Менің білетінім – өзімнің ештеңе 
білмейтіндігім, өзгелер оны да білмейді» деуінде үлкен мән бар. Білмейтінін біліп, түсінуге, 
әлем ақиқатын танып, ой түюге ұмтылу – адамды рухани кемелдікке, данышпандыққа 
бастайтын жол. 
Қазақ ойшылы Абай да «Атымды Адам қойған соң, қайтып надан болайын» деп толғайды; 
ештеңені біліп-тануға ұмтылмайтын, қарны тойып, құлқыны тоят тапқанына мәз хас 
надандықты, тоңмойын тоғышарлықты мансұқ етеді. Қазақ халқында «Өзің білме, білгеннің 
тілін алма» деген сөз қарғыстың ең жаманы саналады. Дүниенің, өмірдің және өз 
табиғатының сырын танып, білу үшін адам баласы оқу-білімге ұмтылады, ғылымға ден 
қойып, логикаға, методологияға сүйенеді. 
Даналықтың, көбінесе білімділікпен, оқымыстылықпен шендестіріле қаралатыны сондықтан. 
Бірақ даналық білім аясында шектеліп қалмайды; оның негізгі өлшемі – түсінік. Әр нәрсені 
білу бір басқа да, түсіну – басқа: яғни білім оқумен келсе, түсінік оқығанды көкейге тоқумен, 
өз еркімен жақсылыққа ұмтылып, ой қорытумен, игілікті қам-қарекетпен қалыптасады. Білім 
атаулы қашаннан нақты болады әрі жекені қамтумен шектеледі, ал даналық жалпыны, тұтас 
құбылыстарды – дүниені, өмірді, дәуірді, тарихты қамтиды. Білім – өткінші, уақытша, 
салыстырмалы, даналық, яки түсінік жүйесі – мәңгілік нәрсе. Білімділер қай заманда да көп 
болған, қазіргі кезде де жетіп артылады, ал дана адамдар, данышпандар бұрын да, қазір де аз. 
Гераклит «Көп білгеннен дана болмайсың» деп осы шындықты меңзеген. Ұлы Абай да 
«Әрбір ғалым – хакім емес, әрбір хакім – ғалым» дейді. 
Даналықтың тарихи бастауы – ауыз әдебиеті нұсқаларында, мифтік аңыздар мен діни 
әпсаналардың желілерінде, өнер туындылары мен әдеби, филос. шығармаларда жатыр. 
Қорқыт ата, Асан Қайғы, Толағай, сондай-ақ Прометей, Сизиф, т.б. мифтік тұлғалардың ой-
толғам, іс-әрекеттерінде өмірдің өткіншілігіне қарсы күрес, мәңгілік өріне – Даналық 
тәліміне талпыныс бар. «Дүние, қудым сені жалықпай-ақ, Ұстатпайсың судағы балықтай-ақ, 
Көрсетіп бірде алдыңды, бірде артыңды, Қойдың ғой дидарыңды танытпай-ақ» деген 
қазақтың қара өлеңінде халықтық пәлсапаның – өзін қоршаған әлемді, өмірді, дүниедегі 
өзінің орнын тануға құштарлықтың, экзистенциалдық түсініктің сарыны жатыр. Жалпы, 
дәстүрлі қазақы дүниетанымның өзі даналыққа, Ғ. Қараш айтқандай, «өмір пәлсапасына», 
ізгі түсінікке, рухани кемелдік аңсарына негізделген.[2 
Философия - рухани мәдениет пен адамзаттық білімнің көне және қызықты салаларының 
бірі. Біздің эрамызға дейінгі VII-VI ғасырларда Үндістанда, Қытайда, Ежелгі Грецияда пайда 
бола отырып, кейінгі ғасырлардың қоғамдық санасының тұрақты формасы ретінде танылды. 
Философтардың ой-көзқарастары негізінде дүниетанымдық мәселелер алға қойылып, оларға 
жауап ізделді. Мұндай мәселелерді түсіндіру адамдар үшін өмірдің маңызды мағынасы, 
негізгі мәні болып табылады. 
Күнделікті практикалық өмірдің барысында әрбір адам философиялық мәселелермен 
соқтығысады. «Философия» термині грек тілінен аударғанда «филео - махаббат, құштарлық; 
софия – даналық» деген мағынаны білдіреді. Терминнің шығу тегін грек ойшылдары 
Пифагор, Сократ есімдерімен байланыстырады. Осыдан кейін «ғылымдардың ғылымы» 
ретінде саналатын философиядан тарихи түрде әртүрлі білім салалары бөлініп шығады: 
астрономия, математика, механика, физика, медицина және т.б. 


Философия ғылымында мынадай үш мәселені қарастыру маңызды: 
• Бірде бір жеке ғылым әлем туралы, адам туралы, жалпы тұтас, интегралды білімді зерттей 
алмайды. 
• Философия әлемді тек қана танымайды, сонымен қатар бағалайды. 
• Ол дүниені тану әдістерін меңгереді. 
Философия дүние мен адам туралы тұтас ілім ретінде өзіне мәнді, маңызды 
мәселелердің жиынтығын қоса қарастырады. Философия адамзат қоғамының басты 
құндылықтарының жағымды және жағымсыз қатынастарын анықтайды. Философиялық 
білімнің негізгі мәнісі оның екі жақтылығында: 
1. Оның ғылыми біліммен ұқсастықтары өте көп, мысалы - пәні, әдістері, логикалық - 
түсініктік ойлау аппараты. 
2. Бір жағынан философия таза күйдегі ғылыми білім емес.
Философияның басқа ғылымдардан басты айырмашылығы — ол 
философия адамдармен жалпы игерілген білімнің теоретикалық дүниетанымы болып 
табылады.
Сөйтіп, философия дүниеге көзқарастың жоғарғы деңгейі мен түрі, оған рационалдық, 
жүйелілік, логикалық пен теориялық зерделеу тән.
Дүниеге көзқарас - объективтік дүниеге, болмысқа, адамға және тіршілікке деген
неғұрлым жинақталған, қорытылған біртұтас көзқарастар мен қағидалар.
Дүниеге көзқарастың негізгі үш формасы бар. 
• Мифология 
• Дін. 
• Философия. 
Мифология (грекше мифос - аңыз, шежіре; логос - сөз, ілім) алғашқы қауымдық қоғамға тән 
дүние туралы қиял-ғажайып, танымдық қоғами сана формасы. Әдетте, миф мына негізгі
мәселелерге көңіл аударады: 
• Әлем, жер және адамның пайда болуы; 
• Табиғи құбылыстарды ұғыну; 
Дін - жаратылыстан, адам мен адамзаттан тыс трансцендентальдық, құдіретті күшке 
сенуге негізделген дәстүрлі қоғами сана формасы. 
Дін мына мәселелерді қарастырады: 

Құдайдың бар екеніне шек келтірмеу; 

Табиғат құбылыстарын өздігінше ұғыну; 

Әлемнің, адамның, фәни мен бақидағы өмірдің, барлық тіршіліктің пайда болуы, 
жаратылуы. 
Философия дүниеге көзқарас тұрғысында өзінің эволюциялық дамуы жағынан үш кезеңнен 
өтті. 

космоцентризм; 

теоцентризм; 

антропоцентризм; 
Космоцентризм деп қоршаған ортаны, табиғат құбылыстарын тіршілікті жасаушы дүлей, 
шексіз сыртқы күш – Ғарыш, барлық өзгерістер ғарыштық айналым арқылы жүзеге асады 
деп түсінетін философиялық көзқарасты айтады (Ежелгі Үнді, Ежелгі Қытай, Ежелгі Грекия) 
Теоцентризм деп барлық тіршіліктің мәні дүниеден тысқары тұрған тылысым күш – 
Құдайда деп түсінетін философиялық көзқарас түрін айтады (Ортағасырлық философияға 
тән). 
Антропоцентризм деп адам мәселесін негізгі мәселе деп қарастыратын 
философиялық көзқарас түрін айтады (Қайта өрлеу, жаңа заман, Қазіргі заман философиялық 
кезеңдерге тән). 
Философияның әдістері, философиялық зерттеулердің көмегімен жүзеге асады. Философия 
ғылымының негізгі әдістері: 


 Диалектика - бұл әдісте заттар, құбылыстар, ішкі қарама-қайшылықтар, өзгерістер,
даму, себеп пен салдар, қарама қарсылардың бірлігі мен күресі есебінде 
қарастырылады.
Метафизика - диалектикаға қарама-қарсы әдіс, мұнда объектілер өздігінен, 
статикалық және біржақты қарастырылады. 
Догматизм - қоршаған ортаны догмалар, яғни дәлелденбейтін және абсолютті сипаттар 
арқылы қабылдау. 
Эклектика - бұл әдісте фактілер, түсініктер мен концепциялардың біртұтас
шығармашылық бастамасы болмайды, соның нәтижесінде сырттай шындыққа ұқсас
қорытындылар алынады. 
Софистика – айтыс-тартыста өз қарсыласын жеңу үшін әдейі ақты қара деп, қараны ақ деп 
көрсетуге жүгінетін әдісті айтады. Бұл әдісте ақиқатты тану емес, тек қарсыласын айтыста 
жеңу мақсат етіледі.
Герменевтика - мәтіннің мәнін, оның объективтік және субъективтік негіздерін 
түсіндірудің теориясы мен өнері.
Сонымен қатар, философиялық әдіс, әрі философиялық бағыт болып табылатындар: 

материализм; 

идеализм; 

эмпиризм; 

рационализм. 
Материалистік әдістер материя алғашқы субстанция ретінде, ал сана оның модусы сана, 
материяның көрінісі деп қарастырылады. 
Идеалистік әдістің мәні – керісінше, идеяны алғашқы бастама, ал материя идеяның 
туындысы деп ұғыну. 
Эмпиризм – көбінесе тәжірибеге сүйенетін, сезімдік таным нәтижесін таным 
процесінің негізі деп санайтын әдіс және бағыт. 
Рационализм - шынайы абсолютті білімге тәжірибе мен түйсіктің ықпалынсыз тек қана 
ақыл-ойдың көмегімен жетуге болады деп есептейтін философиялық бағыт және әдіс. 
Философия функциясы - философия мақсатын, міндетін, тағлымын жүзеге 
асырудағы философияның атқаратын қызметі. Философияның негізгі функциялары: 
- дүниеге көзқарастық; 
- методологиялық:
- теориялық; 
- гносеологиялық;
- сыншылдық; 
- аксиологиялық; 
- әлеуметтік; 
- тәрбиелік-гуманитарлық;
- эвристикалық. 
Дүниеге көзқарастық функция - дүниенің біртұтастық бейнесін жасау, оның 
құрылымы жөнінде, дүниедегі адам орны, оның қоршаған ортамен байланысы туралы 
көзқарасты қалыптастыру. 
Методологиялық функция - философия коршаған дүниені, шындықты, ақиқатты танудың 
негізгі әдістерін жасайды. 
Теориялық функция - философия бүкіл дүниені, құбылыстарды ұғынуды мейлінше 
жалпылайды, концептуалды - логикалық жүйелер жасайды, теориялық тұжырымдар түзейді. 
Гносеологиялық функция - философия қоршаған дүниені, шындықты, дұрыс әрі айқын 
тануды (таным тетігін) мақсат етеді. 
Сыншылдық функция - философия кез келген теорияны, білім қағидаларын сыни ойлаудан 
өткізіп, ондағы қайшылықтарды анықтап, мәнді тұстарын айқындайды. Бұл функцияның 
міндеті - догмаларды әшкерелеу, білімнің дәйектілігін пысықтау және таным шеңберін 
мейлінше кеңейту. 


Аксиологиялық функция - философия заттар мен құбылыстарды бағалағанда оларды
моральдік-әдептілік, этикалық, әлеуметтік, идеологиялық, мәдени, рухани және
т.б. құндылықтар жағынан қарастырады. 
Әлеуметтік функция - философия қоғамды зерттегенде, оның пайда болу себептерін, 
дамуын, құрылымын, қозғаушы күштерін, қоғамда болатын қайшылықтарды айқындап, оны 
шешу жолдарын, жетілдіру мәселелерін карастырады. 
Тәрбиелік функция - философия гуманистік құндылықтар мен мұраттарды адам, адамзат пен 
қоғам игілігіне жаратуды көздейді. Философия - тарих қойнауындағы барлық адмгершілік 
ізгіліктердің тәрбиелік мәнін ашып көрсетеді. 
Эвристикалық функция - философиялану, яғни философияны оқып-үйрену процесінде адам 
дүниеге, бүкіл болмысқа жаңаша көзқараспен қарайды, оны бейне бір құлшыныс, шабыт 
сезімі, инсайт билейді. Ой кешуде, тылсым дүниенің інжу - маржанын тапқанда ойшыл адам 
сыр мен кемел сезімге бөленеді 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет