Платон мен Аристотель жасанды еңбек құралдарын (артефакт) талдай келе техника ұғымын
қолданған.
Маркстік философияда техника қоғами адамның жасанды органдарының жүйесі, заттық
элемент тұрғысындағы қоғамның өндіргіш күштерінің құрамдас бөлігі ретінде анықталады.
М.Хайдеггердің экзистенциялық философиясында техника деп жай бір әдіс, тәсілді емес,
адамзаттың өзіндік көрініс құбылысы ретіндегі жасырын, тылсым дүниесінің ашылу түрін
ұғынады. Хайдеггер техника адамға "қойылған" (постав-"берілген бітімдік") түрде қарсы
тұрады,-дейді. Адам техника арқылы (техникамен қатынаста) өзінің нағыз тіршілігінен,
болмысынан айырылады, бас тартады, жатсынады.
Технинаның негізгі функциясы - зат дүниесін конструкциялау және реконструкциялау.
Егер адам объектке немен әсер етсе -
ол техника, ал оған қалай әсер етсе-ол технология.
"Техника философиясы" терминінің шығуы Э.Капптың "Техника философиясының
негіздері" (1877., Алмания) деген еңбегіне байланысты. Оның алдында И.Бекманның
"Технология туралы басшылық жасау, немесе фабрика мен мануфактура істерін тану" (1777)
деген кітабы шыққан. 1912-1913 ж.ж. П.К.Энгельмейер де "Техника философиясы" деген
кітап жазды. XX ғасырдың орта шенінде техника философиясы мәселесімен көрнекті
философтар М.Хайдеггер, О.Тофлер, Хосе Ортега-и--Гассет айналысты, шұғылданды.
Техника философиясы - техника, жасанды объектер, артефакттармен байланысты
мәселелерді зерттейтін, қарастыратын философия саласы.
Техника философиясының негізгі мәселелері:
техника табиғаты мен мәні;
техниканың тарихи дамуы;
техникалық мағыналықтардың ерекшелігі;
техника және қоғам;
техника өсуінің салдары;
техноэтика;
технократия.
Техника дамуының екіұдайлық, екімағыналық салдары бар:
адамзат дамуының жемісі;
әлеуметтік жағымсыз мәселелерді тудырады.
Достарыңызбен бөлісу: