сонымен қатар ағза ауруларынан да арылуға әсер етеді деп білген. Платон болса катарсисті
өнердің бір түрімен ғана емес, жалпы өнердің өзімен байланыстырды. Оның айтуынша,
катарсис жан-дүниені нәпсілік, ағзалық ниеттен арылту деген мағынаға ие. Аристотель де
катарсисті өнердің эстетикалық пәрменді әсері деп танып, әсіресе трагедия жанрын адамның
қорқыныш пен қайғыға ортақтасу сияқты қасиеттерінің нәтижесінде адам жанын
бейқамдықтан, бойкүйездіктен арылтады деп қарады.
Грек мәдениетіндегі калокагатия алдыңғы параграфтардағы мұраты бекзаттық тәрбиенің
негізін қалаған. Сондықтан да бала өсіру, тәрбиелеу ісінде гимнастикалық (дене сұлулығын
қалыптастыруға күш салатын) тәрбиемен қатар риторика (шешендік енер), грамматика,
тарих, поэзия және т.б. баса назар аударылған. Эстетикаға "калокагатия" ұғымын енгізген
Сократ болатын. Шынайы сұлулық — ізгі сұлулық, кешірімді сұлулық деген көзқарас
кейінірек келе бүкіл еуропалық эстетиканың орталық ұстанымына айналып кетті.[2][3]
Өнер — көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан
дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы.
Өнер өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпында алмай, өзгертіп, түрлендіріп, көркем
образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс. Оны қоғамдық сананың
өзге формаларынан даралайтын белгісі де адамның шындыққа деген эстетикалық қатынасы
болып табылады. Өнердің мақсаты – дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-
эстетикалық тұрғыдан игеру. Көркем шығарманың бел ортасында нақты бір тарихи жағдайда
алынған жеке адам тағдыры, адамдардың қоғамдық қатынастары мен қызметтері тұрады.
Олар суреткер қиялы арқылы өңделіп, көркем образдар түрінде беріледі. Шығарманың
суреттеу тәсілі, құрылымдық келбеті, көркем бейне жасаудың материялдық арқауы өнер
түрлерінің ерекшеліктерін айқындайды.
Достарыңызбен бөлісу: