Философия пәнінен лекциялар тезистері


№10 - сабақ тақырыбы:Еркіндік философиясы



Pdf көрінісі
бет13/22
Дата04.10.2022
өлшемі0,98 Mb.
#151509
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22
Байланысты:
Фил тезисы

№10 - сабақ тақырыбы:Еркіндік философиясы
Дәріс сабағының қысқаша мазмұны. Философия тарихындағы еркіндік ұғымы.
Адам және оның еркіндігі (Б.Спиноза). М.Хайдегеррдің шығармаларындағы еркіндік пен 
ақиқаттың байланысы. Еркіндік пен жауапкершілік (Ж.-П.Сартр). Еркіндік және абсурд 
(А.Камю). Н.Бердяевтың еркіндік концепциясы.
Ерік еркіндігі. Еркіндік деңгейлері. Оң және теріс еркіндік. Тұлғаның, оның еркіндігінің, 
өмірді, табиғатты және мәдениетті сақтау жауапкершілігінің қалыптасу шарттары. Сөз және 
көзқарас еркіндігі. Еркіндік пен шығармашылық – адамның мәдениетте шын мәнінде өмір 
сүруінің тәсілі. Абайдың «толық адам» концепциясы. Алаш қайраткерлерінің 
философиясындағы еркіндік және тәуелсіздік идеялары. 
Еркіндік — адамның немесе жеке ұлттың, халықтың өз мүдделері мен мүмкіндігіне сай 
әрекет етіп, өз қалауын жүзеге асыруы. Адамдар өз әрекетінің объективті жағдайларын 
қалауынша таңдап алуға ерікті емес, алайда олар нақтылы және салыстырмалы еркіндікке ие. 
Ғылыми-техникалық ілгерілеу әрбір адамға, әлеуметтік топқа, тұтас ұлтқа қызмет ете 
отырып, олардың табиғаттың объективті заңдарын игеруіне, іс жүзінде қолдануына 
жәрдемдеседі. Жеке адам мен ұлттың еркіндік дәрежесінің артуы тұтастай алғанда қоғамның 
ілгерілеу үрдісінің өзекті өлшемі болады. Оның әлеуметтік кедергілерге қарсы күресі, жалпы 
алғанда, қоғамның алға басуының қуатты қозғаушы күші болып табылады. Адамдардың 
дүниедегі объективті жағдайды таңдау еркіндігі болмағанымен, олар өзіндік мақсаттарды 
көздей алады және оған жетудің әр түрлі мүмкіндіктері қатарынан неғұрлым тиімді жолды 
ерікті түрде пайдаланады. Бірақ, бұл қоғамдағы жалпы объективті жағдай мен мүмкіндікке, 
субъектілердің (жеке адамның, әлеум. топтың, этникалық топтың) жаратылыс заңдары мен 
қоғам заңдылықтарын игеру қабілетіне және басқаларына байланысты. Әлемдік 
философияда еркіндік туралы бір-біріне қайшы көзқарастар қалыптасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет