«Дүниеге көзқарас» термині ғылым тіліне, күнделікті сөзге терең енді. Ол алғашқы рет XVIII ғ. неміс философиясы мен мәдениетінде (Кант, Фихте, Гете) кездеседі, адамға тән, оны іштей реттеп отыратын, рухани құрылымды белгілейді. Дүниеге көзқарасты анықтаудың ең жақын әдісі – білім мен құндылық қатынасты байланыстыру. Мазмұны тұрғысынан, ол адамның дүниеге және сол дүниедегі адамның орнына қатысты көзқарас, тұтастыққа ие болған жүйе. Байқау, сезу және ойлау арқылы да пайда болатыны білімге байланысты.
Миф – алғашқы қауым адамына тән ойлаудың бірінші бөлінбеген формасы. Мұнда поэзия мен ғылымның, дін мен моральдың, рационалды әсердің элементтері бар. Ежелгі миф-аңыздар алғашқы адамдардың тіршілігінің маңызды белгісіндей, олардың рәміздік мазмұны арқылы адамзат қоршаған ортаны және уақытты әрі игерді, әрі түсінді. Ағылшын тарихшысы Э.Б.Тайлор мифтердің мынадай түрлерін атап өтеді:

5. Саяси-әлеуметтік және тұрмыстық мифтер.
4. Фантастикалық және метафоралық мифтер;
3. Тарихи және аңыздық тұлғалар туралы мифтер;
2. Нақтылы, бірақ бұрмаланған деректерге сүйенген мифтер;
1. Философиялық немесе түсіндірмелік;
Мифологиялық дүниетанымның кіндігі – кеңістік пен уақытты адаммен жақындастыру талпынысы, бағдары. Мифологиялық уақытта адам мен табиғаттың арасында алшақтық жоқ болды. Миф алғашқы адамдардың тіршілігінің ажырамас бір бөлігі болып табылады. Миф – адамның қауымдық санасының алғашқы қалыптасуының көрінісі. Ол ешбір құбылыстың түп негізін, шығу себебін ашпайды. Жазулы ақпарат жоқ кезде миф оның қызметін атқарған, адам мен дүниенің дәнекері болған. Сонымен, мифологиялық кезеңде адам мен табиғаттың арасындағы бірлік ерекше жоғары дәріптелді. Егіншілік пен бақташылық, тіпті, қолөнердің өзі ежелгі дәуір мәдениетінен табиғат пен сырлас болуды талап етті. Скиф – сақ өркениетіндегі «аң стилі», қытайдың инь, ян бастамалары, Египет пен Шумердегі өліп, қайта тірілген құдай туралы аңыздар табиғат пен үйлесімдікке шақыратын рәміздер.