Ертедегі қиял-ғажайып (сиқырлы) ерекшелік ондағы фантастика арқылы өріледі. Анығырақ айтқанда, фантастика – қиял-ғажайып ертегілердің жаны. Халық ертегілерінде фантастиканы жасау үшін неше қилы тәсілдер қолданылған. 1) Сенім-нанымды оқиғаға айналдыру. Алғашқы қоғам адамдарының ұғымынша табиғат дүниесіндегі барлық заттардың рухы бар, сол рухтар бейне адам баласы секілді ой-сезімге, түйсікке ие. 2) Әсірелеу. Ертегілердегі фантастиканы жасаудың тағы бір тәсілі талдау жолы. Ертегілердің бір бөлігінде табиғат дүниесіндегі белгілі бір зат, тұрмыс бұйымдарын әсірелеп, олардың маңызы мен жұмыстағы қызметі шектен асырыла көтермеленді. Мысалы, қылыш – адамдардың жыртқыш аңдармен, жауларымен арпалысуында қолданатын өте маңызды құралы, басқа қызметі де елеулі болған. Сондықтан қылыштың жасалуы өзінің дәуірі тұрғысынан айтқанда зор тапқырлық саналған. Сол үшін адамдар қылышты ертегілер әлеміне енгізіп, оның қызметін әсірелеу арқылы өздерінің бағытты тұрмысқа жетуі жолындағы армандарын қылыштың қасиеті арқылы жетуге болады деп түсінген. Сандық – халықтың алтын қазынасын, киім-кешегін, т.б. да бағалы заттарын сақтауға пайдаланатын мүлкі. Сондықтан сандық ертегілерде кедейлерге тауар шығарып беретін игі қасиетке ие етілген.