4 Студенттердің өзіндік (СӨЖ) жұмыстарды орындауларына берілетін жалпы кеңестер мен нұсқаулар (60 сағат)
4.1 Өздік жұмысты қалай орындау керек:
1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.
2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.
3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.
4. Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.
5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.
6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.
7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.
4.2 Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға
қойылатын талаптар:
• Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;
• Студенттердің өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;
• Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;
• Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;
• Студенттерді табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;
• Студенттердің алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;
• Студенттерді оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;
• Студенттердің өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.
4.4 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ (СӨЖ)
(60 сағат)
Тақырып 1 Ойлау мәдениетінің пайда болуы
Философияның негізгі бөлімдері – онтология, гносеология, философиялық антропология, логика, этика, эстетика, әлеуметтік және саяси философияның қысқаша сипатын кестеде жасау.
Тақырып 2 Ойлау мәдениетінің пайда болуы
1 Әулие А.вгустиннің «Тәубе» еңбегіне қысқаша түйін жазу, түсіну, талдау.(Реми Хесстің «Философияның таңдаулы 25 кітабынан» 49-66 беттер)
2 Ибн-Сина «Зерде мен қиял туралы» үзіндіні түсіну, талдау, конспект жасау (284-290 беттер)
Тақырып 3. Сана, рух және тіл
Сананың сезімдік, эмоциялық, жігерлік, компоненттері: З.Фрейдтің Сексуалдық теориясы туралы үш эссесіне қысқаша түйін жазу, түсіну, талдау.
(Реми Хесстің «Философияның таңдаулы 25 кітабынан» 255-269 беттер)
Тақырып 4. Болмыс. Онтология және метафизика
Мартин Хайдеггердің «Болмыс және уақыт» еңбегіне қысқаша түйін жазу, оны түсіну, талдау.
(Реми Хесстің «Философияның таңдаулы 25 кітабынан» 281-294 беттер)
Тақырып 5. Таным және шығармашылық
Анри Бергсон «Шығармашылық эволюциясы» шығармасына қысқаша түйін жазу, оны түсіну, талдау (Реми Хесстің «Философияның таңдаулы 25 кітабынан» 281-294 беттер)
Тақырып 6. Білім, ғылым, техника
Ыбырай Алтынсариннің білім философиясы. «Білімді адам» моделі.
Тақырып 7. Адам философиясы
Фридрих Ницшенің «Мораль генеалогиясы» шығармасына қысқаша түйін жазу, оны түсіну, талдау. (Реми Хесстің «Философияның таңдаулы 25 кітабынан» 243-255 беттер) немесе
Эпикур мен Зенонның «Жақсы өмірдің сырына» қысқаша түйін жазу, оны түсіну, талдау
(Дерек Джонстон «Философияның қысқаша тарихы» 49-63 беттер)
Тақырып 8. Өмір және өлім. Өмірдің мәні
2. Стоицизм және гедонизм: олар туралы
қазіргі заманғы түсініктерге сүйене
отырып, эссе-негіздеме жазу.
Тақырып 9. Этика. Құндылықтар философиясы
«Қазіргі заманғы Қазақстан жастарының этикалық құндылықтары» тақырыбына эссе пайымдау дайындау.
Тақырып 10. Еркіндік философиясы
«Қазіргі заманғы қоғамдағы дәстүрлі құндылықтардың рөлі» тақырыбына шығармашылық жұмыс ( баяндама) дайындау
Тақырып 11. Өнер философиясы
«Қ. Нұрланова: «Адам - Әлем біртұтас» концепциясы» тақырыбына эссепайымдау жазу.
Тақырып 12. Қоғам және мәдениет
«Қазақстанның қазіргі дамуының басымдықтары аясындағы прагматизм философиясы» тақырыбына шығармашылық жұмыс (эссе, реферат, баяндама) дайындау.
«Қайта өрлеу және Жаңа заман дәуіріндегі ілімдер: Т.Мор және Т.Кампанелла. Н.Макиавеллидің әлеуметтік-саяси теориясы» тақырыбына шығармашылық жұмыс (эссе, реферат, баяндама) дайындау.
Тақырып 13. Тарих философиясы
«Қазақстанның дамуы мен көркеюіне менің үлесім» тақырыбына эссепайымдау жазу.
Тақырып 14. Дін философиясы
К.Амстронгтың «Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны» еңбегін талдау негізінде эссе жазу
Тақырып 15. «Мәңгілік Ел» және «Рухани жаңғыру» «Қазақстанның қоғамдық санасын жаңғыртудың негізгі бағыттарын» жазбаша формада қысқаша түйін жасау.
«Әр студент болашақ кәсіби қызмет салаларындағы өзекті философиялық мәселелері» тақырыбына ғылыми-ізденістік жоба дайындау.
Достарыңызбен бөлісу: |