Ежелгі антика заманында адамды космос бейнесінде, «кішкентай әлем» (микрокосмос) ретінде қарады. Адам туралы мәселені алғашқы рет Сократ қойды. Ол рационалдық этиканың негізін қалап, адамның ішкі дүниесін, оның жаны мен ізгілікті ісін түсінуді ұсынды. «Ізгілік» дегеніміз – білім, «Жақсылық пен әділдікті танып-білген адам жамандық пен әділетсіздіктен аулақ болады» - дейді. Платон ілімі бойынша адамда мәңгiлiк жан мен өткiншi дене қосылады. Жан - денесіз идея әлеміне жатады. Адам болса, дербес рухтың сақтаушысы.