Адам философиясы немесе антропологиялық философия дегеніміз – адам туралы ілім. Ол адам мәселесін екі жақты қарады. Біріншіден, ол табиғат әлемi мен табиғи қажеттілікке тәуелді болса, екіншіден, адам еркіндік әлемі ретінде қаралды. «Адамның барлық іс-қимылының басқа біреудің еркіне бағынышты болуынан асқан сорақы сұмдық мүмкін емес»,- деді.
Гегель: «адам – тарихи» – деген идеяны дамытты. Ол үшін адам рухтың жалпылық қасиеті, рухани іс-әрекеттің субъектісі, мәдениет дүниесін жасаушысы.
Фейербах пен Чернышевский өздерінің ілімінде адамды негізгі зерттеу мәселесіне айналдырды. Адам сезімдік, денелік тіршілік иесі және осының нәтижесі саналды.
Экзистенциализм - ең алдымен адамның дербес нақты өмір сүруіне мән береді және материализмнің, сциентизмнің үстемдігін жоққа шығарады. Бірінші орынға сезімді, тек жай сезім емес, сезіну, уайымдауды қойды. Қысқаша уақытта сезіну орына ұзаққа созылған сезімдер: қайғыру, жалғыздық, қорқу, т. б. қойылады.
Экзистенциализм - ең алдымен адамның дербес нақты өмір сүруіне мән береді және материализмнің, сциентизмнің үстемдігін жоққа шығарады. Бірінші орынға сезімді, тек жай сезім емес, сезіну, уайымдауды қойды. Қысқаша уақытта сезіну орына ұзаққа созылған сезімдер: қайғыру, жалғыздық, қорқу, т. б. қойылады.
Адамның табиғи (биологиялық) және қоғамдық (әлеуметтік) мәні. Адам «табиғи жаратылыстың дамуы» арқылы осы күнгі дәрежеге жетіп, күрделі феномен ретінде қалыптасты. Саналы адам (Home sapens) 50 мың жыл өмір сүріп келе жатқан болса, адамның жалпы тарихы шамамен 3-3,5 миллион жылдай болады.
Ақылды адамның пайда болу негізі неде?
Ақылды адамның пайда болу негізі неде?
Адамның еңбегі арқылы пайда болған заттар (жасанды табиғаттың) мен тілдің пайда болуында. Еңбек, сана, ойлау және тіл - бір-бірімен тікелей байланысып жатқан процесс. Бұл жерде антропогенез (адамдардың шығу тегін зерттейтін антропологияның бір бөлігі), антропосоциогенез (әлеуметтік себептерді анықтау) деректері көп жәйді анықтайды. Мәдениет жоқ жерде - жетілген қоғам жоқ, қоғамсыз жетілген адам жоқ.