логика ғылымы. Объективтік және субъективтік диалектика түрлері ажыратылады.
Диалектика - әлемнің дамуының теориялық негіздерін анықтайды.
Диалектика дегеніміз – болмыс пен бүкіл әлем дамуының жалпы байланыстары туралы ілім. Онда даму процесі зерттеледі. Сонымен қатар, ол - әлемді біртұтас және қарқынды бүтіндік деп қабылдайтын ойлау тәсілі.
Диалектикалық дәстүрлің бастауы – негізі Гераклит ілімі деп есептелінеді. Табиғатты бөлінбейтін біртұтастық дей отырып, Гераклит «от» , «әлемдік өрт», «космос» ұғымдары арқылы ондағы ұдайы болып тұратын өзгерістерді түсіндіруге тырысты. Әлемдегі барлық нәрсе өзгермелі, қатып, семіп қалған еш нәрсе жоқ.