Теоцентрлік христиандық дүниетаным екі идеяға бөлінді: 1) христиандық философияның онтологиясының негізінде жатқан жарату идеясы;
2) христиандық философиядағы таным туралы ілімнің негізі болып табылатын ашылу (откровение) идеясы.
Христиандық философиядағы барлық сұрақтар теоцентризм, креационизм (лат.creatio-жарату), провиденциализм (лат.providentiva-провидение) тұрғысынан қарастырылды.
Бірнеше ғасыр бойына Европа университеттері мен мектептерінде дәріс түрінде оқытылғандықтан ортағасырлық теологиялық философияны «схоластикалық философия» деп атау және сипаттау қабылданған (латынның «schola» сөзі аудармада - «школа», «мектеп» ұғымын береді).
«Мектеп философиясының» көздеген мақсаты - Шіркеу догматтары мен діни ілімді философиялық тұрғыдан негіздеу болғандықтан, схоластикалық философия көп ұзамай-ақ творчестволық ізденіске бағытталған ғылым емес, қатып-семген, жеміссіз мектеп - университет пәніне, «құдайтанудың қызметшісіне» айналды.
Схоластика - Інжілді (Библияны) қатаң нормативтік мәтін (текст), абсолютті ақиқат ретінде қарастырады.