4.6 Ортағасырлық схоластикалық философияның жалпы сипаты: 1) Теоцентризм (дүниенің басты себебі, жоғарғы реалдылық, философиялық зерттеулердің орталығы және негізгі пәні - Құдай (teos -гр. «құдай» сөзінен) болып табылады).
2) Космос, табиғат, қоршаған дүние құбылыстарын жаратушы - Құдай деп есептелді және сондықтан жаратылған нәрселер аз зерттелді; басты зерттеу объектісі – Жаратушы.
3) Жарату (Құдай - дүниені) және тану, ашу (Құдай Өзін-Өзі - Інжілде) туралы догмалар (дәлелді қажет етпейтін ақиқаттар) үстемдік етеді.
4) Материализм мен идеализм арасындағы қайшылықтар жұмсарды, қырсызданды.
5) Адам - Құдайдың өзіне ұқсатып жаратқан, табиғаттан жоғары тұрған тіршілік екені тұжырымдалды.
6) Құдай пұрсат беретін шеңберде адамның ерік - бостандығы жарияланды.
7) Құдай қалаған мінез, тәртіп, іс-әрекет көрсеткен адам келешекте өлімнен тірілетіні туралы идея уағыздалды.
8) Адамзат күнәсін адам кейпіндегі Құдай (Иисус Христос) келіп, бар күнәні өз мойнына алып, дүниені сақтап қалғандығы туралы догмат жарияланды.
9) Құдайға сену арқылы Құдайды тану - дүниені тану дегенді білдіреді.
Ортағасырлық теологиялық философия өз-өзіне тұйықталуымен, дәстүрлілігімен, өткенге бағытталуымен, реалды дүниеден алшақтылығымен, догматтылығымен, уағызшылдығымен, жаугершілігімен ерекшеленді.