Адам әлемі |
1 (75) 2018
Мәдениет философиясы: символизм және метафора
жағында адамның креативті іс-әрекеті жатыр, яғни жаһандық мәселелердің
барлығы адамның деструктивті креативтілігінің салдары екені белгілі.
Негізгі стратегиялық мақсат – адамзаттың рухани потенциалын, өркениетті
сақтап қалу – адамның сана-сезімін өзгерту, оның шығармашылығына
мағыналы-мүдделік бағдар беретін экзистенциалды көзқарасын қайта қарау.
Адамның өмірлік жолы, оның рухани эволюциясы шығармашылықпен
тікелей байланысты. Ол қоршаған ортаны, өзін шығармашылықпен өзгерте
отырып, өмір сүреді, тұлға болып қалыптасады. Жан дүниелік, әлеуметтік
тәжірибенің арқасында, рефлексия мен өзіндік рефлексия процесі ая-
сында, креативті іс-әрекеттің негізінде адамның өмірге деген көзқарасы,
дүниетанымы қалыптасады. Сол арқылы оның құндылықтық бағдарлары
пайда болады, ал ол өз кезегінде адамның өмірдегі орнын, әлемге, қоршаған
ортаға деген қатынасын анықтайды.
Креативті іс-әрекет белгілі бір социумның сұраныстарына жауап
беретін пайдалы тапқыштық болуы мүмкін, не болмаса, өзінің ерекшелігін,
индивидуалдылығын білдіретін іс-әрекет те болуы мүмкін. Ал шынайы
шығармашылық әрқашан сұхбатқа дайын. Мәдениеттің жетістігі болып
әрқашан маңызды, ерекше жалпыадамзаттық құндылықтарды паш ететін
адамның шығармашылығы ғана саналады. Яғни, ондай шығармашылық
руханилықпен тікелей байланысты және содан туандайды.
Руханилықты адамның ең негізгі мәндік сипаттамасы ретінде мойын-
дайтын пікір – адамның деантропологизациясы қаупіне төтеп беретін күш.
Ол адам табиғатын радикалды түрде трансформациялауға бағытталған
технологиялық тәжірибелерді тежеуге бағытталған. Сондықтан, руханилық
жеке тұлғаның біртұтас дамуындағы норманың көрсеткіші болып табыла-
ды, адамның мәндік қасиеттерін ашуға, оның шығармашылығын жүзеге
асыруға негіз болады. Рухани қалыптасудың деңгейі шығармашылықтың
әмбебап өлшемі болып табылады.
Шығармашылықтың анықтамаларының барлығында жаңалық негізгі
анықтаушы белгі болып табылады. Шығармашылық – бұл трансцендентті
акт, ол белгілі, стандартты, дәстүрлі, бар нәрседен тыс, оның шекарасынан
тысқары шығу. Бірақ жаңалық бір ғана анықтаушы фактор емес, сонымен
қатар адам өзін-өзі анықтау, бірегейлендіру мақсатында да креативті болады.
Осы жағдайда оған шекарадан шығып кету қаупі туады, ол онтологиялық
позициясынан айрылады. Ал ол шекарада қалуына, одан шықпауына тек
руханилық дәрежесі мүмкіндік береді.
Ф. Фукуяма «Біздің постадамдық болашағымыз» деген кітабында
былай деп жазады: «Біздің кітабымыздың мақсаты – қазіргі биотехноло-
гия жасайтын қауіп – бұл адамның табиғатын өзгертуге мүмкіндік беретін
және соның әсерінен – тарихтың постадамдық фазасына өту екендігін
тұжырымдау. Мен мұның маңызды екенін дәлелдеуге тырысамын, өйткені,
адамдық табиғат өмір сүреді, бар және бұл ұғым маңызды болып табылады.
1 (75) 2018 |
Достарыңызбен бөлісу: |