Философский и общественно гуманитарный журнал



Pdf көрінісі
бет8/14
Дата13.12.2021
өлшемі383,57 Kb.
#125191
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Байланысты:
annotation128786

Адам әлемі |

 1 (75) 2018



Мәдениет философиясы: символизм және метафора 

табиғатының барлық аспектілерінің (тәні, жаны, санасы) бір-біріне сәйкес 

келуі, сонымен қатар ол әлеммен терең байланыс сезімін білдіреді.

 

Виртуалды шындықтың мәні

«Виртуалды шындық» термині Мaссaчусетс технологиялық  институ-

тында 1970-і жылдардың аяғында пайда болған. Ғалымдар ол термин арқылы 

компьютердің  көмегімен  адамның  толыққанды  қатыстылығын  білдіретін 

эффектіні көрсетуге арналған шындықтың үш өлшемді макромодельдерін 

белгілеу үшін пайдаланған.  Кейінірек бұл терминді 1984 жылы компьютер-

лер шығаратын американдық фирманың жетекшісі Дж. Лaнье пайдаланды. 

Қазіргі  ғылымда  виртуалдылыққа  деген  қызығушылық  артып  келеді, 

оған  дәлел  ретінде  дәстүрлі  жаратылыстанудағы  серпілісті  айтуға  бола-

ды.  Біріншіден,  элементарлық  бөлшектер  физикасында  эфемерлі,  немесе 

виртуалды,  бөлшектер  табылды,  олар  тек  өзара  әрекеттесу  кезінде  ғана 

пайда болады және өмір сүреді. Олардың ерекшелігі – басқа бөлшектерде 

олар  потенциалды  түрде  жоқ,  өмір  сүрмейді,  тек  физикалық  түрде  өзара 

әрекеттесу кезінде ғана дүниеге келеді. Виртуалды бөлшектер «осы жерде», 

«дәл сол мезетте» ғана өмір сүреді, басқа бөлшектердің интеракциясы, ме-

таморфозалары кезінде ғана өз функциясын атқарады. Сонымен қатар олар 

тәжірибенің бастапқы және соңғы кезеңінде ешуақытта болмайды.

Екіншіден,  компьютерлік  техникада  қызықты  феномен  байқалады. 

Егер  компьютерге  бірнеше  бағдарлама  енгізетін  болсақ,  ол  бір-біріне 

ұқсамайтын  функцияларды  атқарады,  бір-біріне  ұқсамайтын  объектілер 

ретінде көрініс береді: жазу машинкасы, калькулятор, ойын автоматы т.б. 

Компьютер,  адамның  мақсатына  сай,  онымен  өзара  әрекеттесе  отырып, 

ерекше виртуалды объект құрастырады. Компьютерге ойын автоматы неме-

се калькулятор енгізілген жоқ қой, ол адамның белсенділігінің арқасында 

ғана  пайда  болады,  яғни  адам  компьютерді  пайдалану  арқылы,  онымен 

әрекеттесе отырып, жаңа әлем жасайды.

Қазіргі  күні  жаңа  бағдарламалардың  көмегімен  компьютерде  вирту-

алды әлем, виртуалды шындық жасалынды. Олар адамға белгілі бір дат-

чиктер  арқылы  әсер  ете  алады,  сол  арқылы  адамның  бойында  өзгерістер 

іске асады. Яғни, адамды модельдеуге, оны өзгертуге болады. Ол адам шы-

найы  адамның  іс-әрекетіне  жауап  береді.  Енді  бірнеше  индивидтер  үшін 

ортақ  виртуалды  кеңістік  жасауға  болады,  ол  шынайы  немесе  қиялдағы 

жағдайлардың  моделін  жасай  алады.  Виртуалды  кеңістікте  бақылаушы 

өзінің  көзқарасын,  пікірін  өзгерте  алады.  «Бұл  жаңа  шындыққа  апара-

тын  серпіліс,  -  дейді  Н.А.  Носов,  жаңа  этикалық  мәселелерді  тудырады, 

оның  мәні  жасанды  «өмірдегі»  қылықтардың  және  жасанды  адамдармен 

әрекеттесудің  принциптерін  анықтау.  Мысалы,  жасанды  адамға  әсер  ету 

кезіндегі абсолютті түрде еркін адамның қылықтарының нормасы қандай 



1 (75) 2018 | 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет