Философский и общественно гуманитарный журнал


Виртуалды әлемдегі жеке тұлғаның шығармашылығы



Pdf көрінісі
бет10/14
Дата13.12.2021
өлшемі383,57 Kb.
#125191
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
annotation128786

Виртуалды әлемдегі жеке тұлғаның шығармашылығы

Адамның  қосарланған  виртуалды-шынайы  кеңістіктердегі  тіршілігі 

жаңа философиялық мәселелерді тудырады. Виртуалды шындық адамның 

өзін  өзектендіруі  үшін  көптеген  мүмкіндіктер  тудырады,  ол  адамдық 

тәжірибенің  жаңа  қырларын  ашады,  сананың  жаңа  мүмкіндіктеріне  жол 

береді.  Біздің  санамызды  жаңа  көріністерге,  жаңа  мүмкіндіктерге  қарай 

өзгертуге  болады.  Ол  виртуалды  шындықты  өзі  тудырады  және  сол 

шындықта өзгеше өмір сүруге мүмкіндік алады. Виртуалды технологиялар 

адам санасының бұрын белгісіз болған қырларын ашты. «Соңғы уақыттағы 

қуатты технологиялық серпіндердің бірі компьютерлік анимация мен виде-

оойындар болып табылады, - дейді А. Орлов. Компьютерлік бейнелердің 

эстетикасы (кеңірек алғанда – жалпы виртуалды компьютерлік орта) кейбір 

сананың  өзгерген  күйін  қайта  қалпына  келтіру  кезінде  бүгін  бізге  көп 

жағдайда қызықты, әрі айрықша материал береді, ол психиканың эволю-

циясы тұрғысынан экзистенциалды маңызға ие» [1993, 5 б.]. Бұл ғажайып 

және үйреншікті емес бейнелер көркем эффектілерді жасауда пайдаланы-

лады, ол адамға эстетикалық әсер береді. Виртуалды әлемдер – электронды 

бейнелердің және сананың деңгейлерінің әлемі – адам феноменінің жаңа 

жақтарын ашады. 

Интернетте  Жапонияда  Хэтитэт  атты  виртуалды  қаланың  пайда 

болғаны  туралы  хабарлар  бар.  Онда  10  мыңға  жуық  адам  тұрады,  олар 

кәдімгідей үйреншікті тіршілік етеді, сауда жасайды, танысады, қыдырады, 

бір-бірімен араласады. Бұл қала виртуалды, яғни ол мүмкіндікті көрсетеді. 

Оның адамдары – өздеріне аватар жасап алған шынайы адамдар. Олардың 

тіршілігі  шығармашылықтың  бір  түрі  деуге  келеді.  Өйткені,  виртуалды 

шындық – мәні жағынан символдық болғанымен, өзектілігі жағынан шын 

мәнінде бар шындық, ол белгілі бір алдын ала ойластырылған, тудырылған, 

өзгермелі, динамикалық шындық. Бірақ ол шындықта көптеген индивидтер 

қатысса, онда оның нәтижесі белгісіз болып шығады, өйткені әрбір адам 



76     



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет